Дәріс № 1   Химиялык физиканың пайда болуы, маңызы мен міндеттері

        Дәріс жоспары 1. Химиялық физиканың қалыптасуы мен дамуы

2. Химиялық-физикалық зерттеулердің маңызды бөлімдері мен бағыттары

3. Химиядағы элементар процестер

4. Бөлшектердің соқтығысу теориясы

5. Бөлшектер соқтығысқанда энергияның алмасуы.Серпімді, серпімсіз соқтығысулар

6. Тербелмелі энергиямен алмасу процессі және  тепе-тендіктегі емес химиялық реакциялар

Химия - заттардың кұрамы, қасиеттері мен құрылысы, түрленулері туралы ғылым. Химиялық физика - заттардың химиялық құрылысы мен түрленулерін басқаратын физикалық заңдылықтар туралы ғылым. Химиялық түрленулер негізінде атомдар мен молекулалардың электрондық қабаттарының күйінің өзгерісінің және атомдардың орын ауыстыруының физикалық процестері жатыр.

Химия өзінің эксперименттік әдістерімен түрленулердің көптеген заңдылықтарын    ашты.    Бұл    Д.И.Менделеевтің    периодтық    заңы, А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылысының теориясы және т.б. Молекулаларда атомдар мен байланыстардың кеңістіктегі орналасуының заңдылықтары, еселік байланыстар мен олардың қосарлануы, 1 координациялық   байланыстар,   заттардың   реакцияға   түсу   қабілетінінің ережелері ашылды.

Бірақ кванттық механика пайда болғанға дейін бұл заңдылықтар эмпирикалық күйде болып,  ашылған  жаңа түсініктер толық деңгейда түсіндірілмеді. Химиялық заңдылықтар физикаға қатысы жоқ бөлек жеке-дара облыс ретінде қарастырылды.

Химиялық физиканың жеке ғылым ретінде бөлінуі XX ғасырдың басында кванттық механиканың пайда болуымен жүзеге аса бастады кванттық механика заңдары химиялық байланыс теориясы, молекулааралық әсерлесулер мен молекулалардың реакцияға түсу қабілетінін негізін құрайды. Физиканың химияға енуіне ең алғаш жол салған Бордың атом құрылысының теориясы еді. Оның әсерімен химиялық байланыс теориясы дами бастады. Льюистің гомеополюстік байланыс және Коссельдің ионды байланыс теориялары пайда болды.

Осы кезеңде-ақ атом, әрі молекула құрылысының негізінде физикаға тікелей қатысы бар жалпы заңдар жатқандығы айқын болды. Бірақ Шредингер кванттық механиканы ашқаннан кейін ғана негізгі химиялық заңдылықтар түсіндіріліп, химиктер енгізген түсініктерге мән берілді.

Гейтлер мен Лондонның жұмыстары химиялық байланыс теориясының дамуына үлкен түрткі болды. Кванттық химия дүниеге келіп, химияның негізгі мәселелерінің бірі - химиялық күштердің табиғаты жайлы мәселе шешілді. Мысалы, неліктен электрондарының спиндері антипараллел сутегінің екі атомы бір-біріне тартылып, ал екі гелий атомдары өзар тебілетіні түсіндірілді. Химиялық байланыстардың маңызды касиеттер қанығуы, бағытталуы, полюстілігі, еселігі түсіндірілді. Кванттық химия молекулалардың формуласын түсіндірді, қосарланған байланыстарды табиғатын ашты, атомдардың өзара әсерінің механизмін молекулааралық әрекеттесу табиғатын анықтады.

Химияға кванттық механиканың енуімен бір мезгілде зат құрылысын зерттеудің химиялық әдістері қарқынды дами бастады. XX ғасырдың 20-30 жылдары мұнда басты рольді атомдық және молекулалық спектроскопи зерттеудің дифракциялық әдістері атқарды, олар химияның дамуына елеуі үлес қосты. Атомдар, молекулалар мен радикалдардың электрондық құрылысы, молекулалардың геометриялық құрылымы, молекулалардың электрлік және магниттік қасиеттерінің молекулаішілік тербелістері зерттеле бастады.

Осы идеяларға негізделген жаңа химиялық кинетика XX ғасырдың басында өте күшті дами бастады, бұл атомның электрондық құрылысы туралы Нильс Бор жұмыстарымен, кейіннен кванттык механиканың пайда болуымен сәйкес келді. Көптеген, тіпті қарапайым реакциялардың өзі күрделі болумен, әртүрлі реакцияға түсуге қабілетті бөлшектердің қатысуымен жүретіндігі анықталды. Осы жұмыстардың нәтижесінде химиялық реакциялардың элементар сатылары туралы түсінік қалыптасты.

1913 жылы неміс ғалымы М.Боденштейн тармақталмаған тізбекті реакцияларды ашып, В.Нернст мұндай реакциялардың химиялық механизмін анықтаған соң химиялық кинетиканың дамуының жаңа кезеңі басталды.

Химиялық реакциялар механизмі молекулалар, атомдар, бос радикалдар иондар мен қозған бөлшектер қатысатын элементар химиялық процестердің күрделі жиыны ретінде қарастырылады. Бұрын белгісіз болған химиялық реакциялардың типтері, мысалы тізбекті тармақталған реакциялар (И.Н.Семенов, С.Хиншелвуд) мен реакциялардың осы типіне тән құбылыстар ашылып, зерттелді; химиялар- кинетикаға негізделген жану және жарылыс процестерінің теориясы жасалды (И.Н.Семенов).

Химиялық физиканың қалыптасуы мен дамуына  1920-30 жылдары Сирил Хиншелвудпен бір мезгілде тізбекті реакциялар теориясын жасаған Н.И.Семенов, 1935 жылы реакцияның абсолютті жылдамдықтарының теориясын жасаған Генри Эйринг, Майкл Поляни мен М. Эванс, 1930 жылдарың басында кванттық химия әдістерін дамытқан Лайнус Полинг, Джон Слейтер, Робер Малликен, Джон Эдвард Леннард-Джонс пен Фридрих Хунд зор үлес қосты.

Осылайша, химияға теориялық физика мен эксперименттік физикалық әдстердің енуі арқасында ғылымның дербес саласы – химиялық физика, яғни заттың химиялық түрленуі мен құрылысынын физикасы пайда болды.

Алғаш рет "Химиялық физика" терминін 1930 жылы "Химиялық физика курсын жариялап, неміс ғалымы Арнольд Эйкен енгізді. Бұған дейін 1927 жылы В.Н.Кондратьев, Н.Н.Семенов және Ю.Б.Харитоннын "Электрондық химия" кітабы шықты, бұл кітаптың мазмұны "Химиялық физика" терминінің мән-мағынасын белгілі бір шамада ашады. 1931 жылы КСРО ҒА химиялық физика институты ұйымдастырылды, ал 1933 жылдан АҚШ-та «Химиялық физика журналы» (“Journal of Chemical Physics) жарық көре бастады.

Ғылымның дамуы үшін химиялық физиканың химияға құбылыстарды зерттеуге физикалық тұрғыдан қарауды, физикалық әдістемені және белгілі бір шамада физикалық ойлау жүйесін енгізу маңызды болды.

Химиялық физикаға маңызды құраушы бөлімдері ретінде кванттық химия мен элементар процестердің кинетикасы енді.

XX ғасырдың 20-30 жылдарынан химиялық физикаға атомның электрондық кабатының құрылысын, химиялық күштердің кванттық-механикалық табиғатын молекулалар, кристалдар мен сұйықтықтардың құрылысы мен қасиеттерін, химиялық кинетика мәселелері - химиялық әрекеттесудің элементар актінің табиғатын, бос радикалдардың қасиеттерін қосылыстардың реакцияға түсу кабілетінің кванттық механикалық теориясын, фотохимиялық және электр разрядтарындағы реакцияларды жану және жарылыс теориясын зерттеуге арналған жұмыстарды жатқыза бастады.

Химиялық физиканың дамуының қазіргі заманғы кезеңі көптеген пәрменді физикалық әдістерді кең қолданумен сипатталады, олар атомдар мен молекулалардың кұрылымы мен химиялық реакциялардың механизмдері туралы үлкен ақпарат береді. Бұл спектрлік-оптикалық әдістер, масс-спектрометрия, молекулалық шоғырлар әдісі, рентген құрылымдық талдау электрондық микроскопия, полюстілікті, магнитгік өтімділікті анықтаудын электрмагниттік әдістері, электронография мен ионография, нейтронография мен нейтронды-спектроскопиялық әдістер, электрондық парамагниттік резонанс. ядролык магниттік резонанс, ядролық квадрупольды резонанс, қос резонанстар, спиндік жаңғырық әдісі, электрондар мен ядролардын химиялық поляризациясы, гамма-резонансты спектроскопия, мезондар мен позитрондардың көмегімен молекулалардың құрылымдык және динамикалык қасиеттерін анықтау әдістері, молекулаларда электрондар импульсын анықтау әдістері, жылдам процестерді зерттеудің импульстік әдістері (импульстік радиолиз, импульстік және лазерлік фотолиз), соқпа толқынды КМИ басқа әдістер.

Химиялық косылыстардың электрондық кұрылысы мен қасиеттерін есептеу үшін және химиялық реакциялар теориясын дамытуға қажет басқа да есептеулерді орындау үшін кванттық химия мен компыотерлерді қолданудың маңызы зор.

Қазіргі заманғы химиялық физикада екі басты бағытты көрсетеді: химиялық бөлшектер мен олар түзген заттардың электрондық және атомдық-молекулалық құрылымын анықтау және химиялық динамика, яғни бөлшектердің энергетикалық және құрылымдық сипаттамаларының уақыт бойынша өзгерістерінің мәселелерін шешумен байланысты зерттеулер.

Газды және конденсацияланған фазаларда өтетін химиялық түрленулердің ілементар актілерінін механизмдерін зерттеуте көп көңіл бөлінеді. Газды фазадағы реакцияларға қатысты жоғары температуралар мен терең вакуум жағдайларында маңызды тепе-теңдіктегі емес процестердің кинетикасы қарқынды зерттеледі, молекулалардың тербелмелі қозуының ролі айқындалады. Химиялык реакциялар кинетикасында туннельді ауысулар теориясы жасалуда, туннельдік ауысулар барьерлі ауысулардан басым болатын температураларды сипаттайтын критерийлер анықталуда. Абсолюттік нөлге жуық температураларда өтетін процестердін ерекшеліктері зерттеледі. Төмен температуралар химиясы дамуда (төмен температуралық реакциялар бағытталған түрде мақсатты өнімдердің жоғары шығымымен, үлкен, кейде жарылыстық жылдамдықтармен өтеді).

Жеке атомдардың. молекулалардың, радикалдардың энергиясы жылулык қозғалыс, кейде химиялық байланыстар энергиясынан жоғары болатын процестердің кинетикасын, механизмі мен практикада колданылуын зерттейтін химиялык физиканың саласы - жоғары энергиялар химиясы бойынша жұмыстар каркынды жүргізілуде.

Химиялық-физикалық зерттеулердің маңызды бөлімі - фотохимияның химиялық процестер теориясы, фотосинтез, фоторецепция, фотография, полимерлі материалдардың жарықты тұрақтандыру мәселелерін шешуде маңызы зор. Қазіргі заманғы импульстік әдістермен өте жылдам фотопроцестер зерттелуде, бұл элементар реакциялардың механизмін анықтау ушін маңызды. Фотохромизм механизмі зерттелуде, оны білу фотохромды материалдардың техникада кең колданылуына жол ашады.

Төмен температуралық плазма облысында теориялык және колданбалы зерттеулер жүргізілуде, плазмадағы химиялық реакциялардың тепе-теңдіктегі емес кинетикасының жалпы принциптері мен плазмахимиялық технологияның ғылыми негіздері жасалуда.

Химиялық физиканың салыстырмалы түрде жана бағыты -конденсацияланған заттарды соқпа толқындармен сығу нәтижесінде өтетін химиялық түрленулерді зерттеу. Газдардың адиабаталық ұлғаю және сығылу жағдайларында изотермиялык емес жылдам реакциялардың кинетикасы зерттелуде.

Ядролық химия бойынша да жұмыстардың маңызы жоғарылауда, ол ядролық процестердің (ядролық реакциялар, радиоактивті ыдырау) химиялық салдарын зерттеумен, жаңа трансуранды элементтер химиясы саласындағы зерттеулермен, сондай-ақ затқа позитрондар және мезондармен әсер еткенде жүзеге асатын ерекше жүйелерді (мысалы, мезоатомдар) зерттеумен айналысады. Радиациялық химия әдістері дамуда.

Тізбекті процестер теориясының іргелі салдарынын бірі - тізбекті тармақталған реакциялар барысында бос атомдар мен радикалдардың жоғары концентрацияларының түзілуі туралы қорытынды. Бұл қорытынды практикалық маңызы зор көптеген теориялық және тәжірибелік жұмыстардың негізінде жатыр. Тізбектері энергетикалық тармақталатын тізбекті процестерді зерттеу дамуда. Осындай процестер негізінде химиялык лазерлер жасалуда. Жаңа ғылыми бағыт - бос радикалдар қатысатын реакциялар механизміне магниттік өрістердін әсерін зерттеу. Жылулык жарылыс, жану және детонация процестерін зерттеудің де теориялық және практикалық мәні жоғары.

Қатты денелердегі химиялық реакциялардын (топохимиялык реакциялар) кинетикасы мен механизмін және катализдің химиялық-физикалық аспектілерін зерттеуте көп көңіл бөлінуде. Гетерогенді катализ саласында химиялық физика катализатор бетіне адсорбцияланған бөлшектердін касиеттерін зерттеуте, катты дене бетіндегі белсенді орталыктардың кұрылымы мен таралуьга анықтауға, гетерогенді катализдің элементар актін анықтауға басты назар аударады. Химиялық-физикалық зерттеулердің келешегі зор нысаны - пәрменділігі жағынан ферменттік катализге жақын металлкомплексті катализ.

Электрохимия саласында химиялық физика электрохимиялык реакциялардың ерекшеліктерін кванттық-химиялық тұрғыдан түсіндіреді. электродтық реакциялардың, сондай-ак электрондар тасымалданатын ерітінділер көлеміндегі процестердің элементар актінің механизмін тәжірибелік жолмен зерттейді сольватталған электрондарды, металдардан ерітіндіге электрондардың фотоэмиссиясын зерттейді.

Химиялык-физикалық әдістер мен түсініктер химия ғылымының барлық саласындағы ғылыми зерттеулердің эффективті құралы болып келеді. Қазіргі заманғы физикалық химия да химиялық мәселелерді шету үшін физиканың жаңа жетістіктері мен зерттеудің физикалық әдістерін пайдаланады.

Химиядағы элементар процестер. Барлық химиялық реакциялар күрделі болып келеді, яғни бір-бірімен өзара байланысқан элементар реакциялардың жиынтығынан тұрады, ол әдетте химиялық процестердің механизмі деп аталады. Осы элементар реакциялардың жүзеге асуында лабильді. аз уақыт өмір сүретін аралық бөлшектер маңызды роль атқарады. Ұзақтылығы 1О13-1015 с бір акт (саты) элементар актқа жатады, оны зерттеу - химиялық физика пәнінің маңызды міндеттерінін бірі. Атомдар, радикалдар, иондар, козған атомдар мен молекулалардың энергиясы әрекеттесетін молекулалардың орташа энергиясымен салыстырғанда артық болады.

Химиялык кинетиканың екі негізгі теориясы белгілі: ауыспалы күй теориясы және соқтығысулар теориясы. Бірінші теория өзара әрекеттесетін бөлшектер үшін потенциалдық энергия беттерін анықтауды қажет етеді, сондыктан оны "таза" мономолекулалық реакциялар үшін, яғни энергиясы дәл анықталған "оқшау" бөлшектердің ыдырау жылдамдығын есептеуде қолдану жеңіл.

Бөлшектердің соқтығысуы үш түрге бөлінеді:

-серпімді соктығысуда соқтығыскан жұптардың ішкі кванттык күйлері өзгермейді, тек олардын қозғалыс жылдамдыктарының векторлары ғана өзгереді:

A(I,VA)+B(j, VB)→A(I, VA’)+B(і,VB’)

-серпімсіз соқтығысуда соқтығысқан жұптардың қозғалыс жылдамдықтарымен қатар квант сандары да өзгереді:

А (і, Vа) + В (j, VА) → А (1, VA')+В (m, VВ').

-реакция жүре өтетін соктығысуларда реагенттердің химиялық өзгерісі жүзеге асады:

А (і, Vа) + В (j, VА) → С (1, VС')+В (m, VD').

Бұл кезде молекулалардың ара қашықтығы аз болады да электрондық бұлттары айтарлықтай қабысып жаңа химиялық байланыс түзіледі.

Сондыктан реакцияда реагенттердің ішкі энергетикалык күйлерімен қатар соқтығысу энергиясы да маңызды роль аткарады.

Берілген температурада молекулаларда ілгерілемелі энергия және ішкі кванттық күйлері бойынша тепе-теңдіктегі жылулық таралу болатыны белгілі. Макроскопиялык жағдайларда өтетін реакциялар үшін реакцияға қатысатын барлық бөлшектердің сипаттамаларын жылулық таралуы бойынша орташалап, жүйенің физикалык параметрлерін алады. Бұл микроскопиялык сипаттамалар туралы ақпарат алуды киындатады, себебі оның үлкен бөлігі көп рет соқтығысудан жоғалады.

Газды фазадағы реакцияларды эксперимент жүзінде микроскопиялық деңгейде зерттеуге болады, бұл накты бастапкы шарттар мен оларға сәйкес өлшенетін шамалар (реакция қимасы, бұрыштық шашырау және т.б.)  арасындағы байланысты табу арқылы жүзеге асады. Алынған нәтижелер реакция динамикасы, заттардың химиялық реакцияга түсу кабілеті, барлык соктығысатын бөлшектердің еркіндік дәрежелері бойынша энергияның таралуы туралы көптеген құнды мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Сондықтан баяндалатын материалдарды соқтығысулар теориясы (кванттық механикалық түзетулерсіз классикалық нұсқасы) шеңберінде қарастыратын боламыз.

Соқтығысулар теориясы. Қарапайым реакцияның молекулалығы бір актқа қатысатын бөлшектер санымен анықталады, соған байланысты моно-, би- немесе үшмолекулалы болып келеді. Соқтығысулар теориясында газдардың кинетикалық теориясын газды фазадағы би- және үшмолекулалы реакцияларға қолданады. А және В бөлшектерінің бимолекулалық реакциясының жылдамдығы А және В бөлшектерінің соқтығысу жиілігінің ықтималдық факторы - реакцияға алып алып соқтығысулар үлесіне көбейтіндісімен анықталады. Бірлік уақытта көлем бірлігіндегі А және В бөлшектерінің соқтығысулар саны, яғни соқтығысулар жиілігі концентрациялар көбейтіндісіне тен:

ZAB = ZавСA Св,

мұндағы ZAB - қос соқтығысулар жиілігінің факторы, ол сандык түрде СА = СВ=1 болғанда А мен В бөлшектерінің соқтығысу жиілігіне тең

Кинетикалық теорияға сәйкес егер А мен В - кұрылымсыз катаң шарлар болса онда

Мұндағы r - шарлардың радиустары, А және В молекулаларының қозғалысының салыстырмалы жылдамдығы.

Газдардын кинетикалық теориясы бойынша

мұндағы - соқтығыскан молекулалардың келтірілген  массасы. Бұдан:

ZAB=4,57×104(rA+rB)2[1/MA+1/MB]1/2 Tcм3×c-1

Әдетте   ZAB=104 cм3×c-1 немесе   10-11   л-моль-с-1. А мен В молекуларының u-дан  u+du-ға дейінгі салыстырмалы жылдамдықпен соқтығысу жиілігінің факторы тең болады:

Соқтығысудың кинетикалық энергиясына Uк (мольға есептегенде) көшіп, реакцияның өту ықтималдығының Uк-дан функциясы - Р(UK) факторын енгізгенде, келесі өрнек шығады:

Эксперимент мәліметтерімен салыстыру үшін, әсіресе молекулалық шоғырлар әдісінде өрнектің басқа түрі ыңғайлы. k=РZ×ZAB мұндағы Р стериялық фактор) ескеріп, реакцияның қимасы түрінде белгілейміз. Онда:

Реакиия жүру үшін соқтығысқан бөлшектер Ео табалдырық энергиясына құраушысы маңызды болғандыктан о(Ек) тең болады.

s(Ек) = {0 (Ек< Ео); p(rА+rB)2(1-Е (/Ек) (Ек> Ео).

Жалпы бимолекулалық реакция үшін

к = [8-107 pRT(1/MA+1/MB)]1/2 p(rA+rB)2 exp(-E0/RT)

Аррениус энергиясы ал экспонента алдындағы фактор

Ал экспонента алдындағы фактор

Химиялық реакция жылдамдығынын өрнегіндегі екінші көбейткій Р2 теориялық фактор деп аталады, ол реакция жүру үшін соктығысу энергиясы жеткілікті бөлшектер соктығысканда реакциянын жүзеге асу ықтималдығын білдіреді. Оның мәніне алдымен соқтығысатын бөлшектердің бір-біріне қатысты дұрыс бағытталу ықтималдығы кіреді (реакция жүзеге асу үшін белгілі бір атомдық орбитальдар толық қабысуы қажет). Сондай-ақ әртүрлі тербелмелі және айналмалы деңгейлерде орналасқан бөлшектер де соқтығысады. Сондықтан s(UK) шамасының орнына s(UK, I j) ескеру керек, мұндағы і және j - бөлшектің әртүрлі энергетикалық күйлері. Демек, Рz пен s бір-бірімен байланысты, яғни Рz шамасы бөлшектердің әртүрлі энергетикалық күйлері үшін реакция қимасына тәуелді.

Бөлшектер соқтығысқанда энергияның алмасуы.Серпімді және серпімсіз соқтығысулар. Серпімді соқтығысулар (Т-Т процесі). Бөлшектер арасында кинеткалық энергия қайта таралады (косынды энергия сакталады). Бір сұрыпты бөлшектер екінші сұрыпты қозғалмайтын бөлшектермен соқтығысқанда кинетикалық энергияның берілу жылдамдығы UK1 тең болады.

Мұндағы N-екінші сұрыпты бөлшектердің концентрациясы. Қатаң шарлар үшін

Егер екінші сұрыпты бөлшектер де қозғалатын және u1>u2, m1<<m2 болса, онда берілетін энергияның квадратының орташа мәні

ал бірікші сұрыпты бөлшектер үшін ілгерілемелі релаксация уакыты

tілгерілемелі = m2/(Zоm1 N).

Осылайша, m1 = m2 болғанда энергия ең тиімді беріледі, бірақ егер m1<<m2 (мысалы. электрон молекуламен соқтығысқанда) оның мәні өте аз болады.

Серпімсіз соқтығысуларда соктығысқан бөлшектердің кинетикалык энергиясынын бір бөлігі потенциалдық (айналмалы, тербелмелі. электрондық) энергияға ауысады.

Ілгерілемелі  және айналмалы энергиялар арасындағы алмасу (Т-R процесі). Егер ΔU>>h/2pt болса, мұндағы t - соқтығысу ұзақтығы онда кинетикалық энергияның ішкі (потенциалдық) энергияға ауысу ыктимаддығы өте аз (серпімсіз соққыда соғылатын денелердің деформациясы олардың жылдамдықтары теңескенше өсе береді, яғни u1=u2=u3 сосын денелер бір-біріне ауырлық түсірмей, бірге козғалады). Айналмалы күйлер бойынша тепе-тендіктегі таралудың орнығуына қажет соқтығысулар санын есептеу нәтижелері: 1000 К-де ZR(N2) =10. ZR(О2)=10, ZR(Н2) = 200-300, бірақ 300 К-де ZR(N2) = 4,8; zк(О2) = 3,6; zR(СО2) = 1,3-2,0.

Қарапайым жағдай: А біратомды газдың екіатомды В-С газымен қоспасы, мұнда NА >>NBC. EV→Ev0 релаксациясы

теңдеуімен сипатталсын, мұндағы Еv° - көлем бірлігіндегі тербелмелі энергияның тепе-теңдік мәні. Егер ВС гармоникалық осциллятор болса, онда тербелмелі энергия;

Еv0 = h vN вс [ехр (h v /кТ )- 1]-1

Іріктеудің кванттық ережелері (Δv=1) бойынша, 0→1 және 1→0 ауысуларының ықтималдығы бір-бірімен байланысты;

P01=P10exp(-hv/kT).

Т-М ауысуларынын релаксация уакыты;

tBT-A=ZA,BCP10(1-exp[-hv/kT])

Р10 шамасы молекулааралық әрекеттесу потенциалына тәуелді және оның шамасы V = Сехр(-агАВ) ретінде сипатталса, онда А...В-С комплексі үшін Ландау-Теллер функциясы алынады;

Бұл тербелмелі қозуы адиабаталык сипаттағы екі және көпатомды газдардын (N2, O2, СО. CО2 және т.б.) тербелмелі релаксация бойынша тәжірибелерімен сәйкес келеді.

Тербелмелі энергиямен алмасу және тепе-тендіктегі емес химиялық реакциялар. Тербелмелі энергиямен алмасу (V-V процесі). V-Т және V-V алмасулары бір мезгілде өтді және олардың ықтималдыктары аз болғандыктан тәуелсіз деп санауға болады. Екі бөлшек m және s бастапқы тербелмелі күйлерде (энергиясы Еm және Еs) болып, соқтығысудан соң m және 1 күйлеріне ауыссын. Мұндай ауысу ықтималдығы деп белгіленеді. V-V-алмасу ықтималдығы детальды тепе-теңдік қатынасымен байланысты:

Гармоникалық осцилляторлар жүйесінде V-V-алмасуда толық тербелмелі энергия сақталады, яғни Ет+Е5 = Еп+Е.  Ангармоникалық осцилляторлар үшін бір кванттык ауысулар ықтималдығы жоғары, бірақ

Еm+Еs=Еm+1+Еs±1+ΔЕ;

Мұндағы ΔE-V-T-алмасу есебінен компенсацияланатын энергия. Теория бойынша Q0110=Q1010>P10 яғни V-V-алмасу V-Т алмасуға қарағанда жылдамырак өтеді, мұны тәжірибе де дәлелдейді. Бір сұрыпты бөлшектер (гармоникалық осцилляторлар) арасындағы алмасу былай жүреді. Алдымен  уақытта квазитепе-теңдік таралу орнығады, ол қандай да бір тербемелі температураға жауап береді. Сосын бұл таралу баяу уақытта Максвелл-Больцман таралуына ауысады (Тv →Т). Осыған ұқсас әр сұрыпты бөлшектер  арасында V-V-алмасу өтеді.  Әсіресе V-V –алмасу резонанс шарттарында жылдам жүреді, бұл кезде энергиямен алмасатын молекулалардың тербелмелі   кванттарының   энергиясы   бірдей.   Төмен қысымдарда ыдыс   қабырғасында   тербелмелі   энергияның   гетерогенді релаксациясы жылдам  өтеді. Сондай-ақ кинетикалық энергия электрондық қозу энергиясына ауысатын энергия алмасуы да жүзеге асуы мүмкін.

Тепе-тендіктегі емес химиялық реакциялар. Әсер етуші массалар заңы бойынша химиялық реакция кезінде бөлшектің кванттық күйлері өзгермейді, яғни бұл заң бөлшектердің рецентрациясына ғана емес, кванттық деңгейлердегі орналасуларға да қатысты. Егер реакция барысында әрекетгесуші бөлшектердің еркіндік ережелері бойынша Максвелл-Больцман таралуы бұзылмаса, онда жалпы концентрация үшін кинетикалық теңдеулерді пайдалануға болады. Егер таралу бұзылса онда тепе-теңдіктегі емес кинетика орын алады.

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

         1. Химиялық физиканың қалыптасуы мен дамуы

2 Химиялық-физикалық зерттеулердің маңызды бөлімдері мен бағыттары

3. Химиядағы элементар процестер

      4. Бөлшектердің соқтығысу теориясы

5. Бөлшектер соқтығысқанда энергияның алмасуы.Серпімді, серпімсіз соқтығысулар

      6. Тербелмелі энергиямен алмасу процессі және  тепе-тендіктегі емес химиялық реакциялар

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.  Е.Т. Денисов Кинетика гомогенных химических реакций. – М.: Высшая школа, 1988. 38 стр.

2. С. Моррисон  Химическая физика поверхности твердого тела. – М.: Мир, 1990. 91 стр.

3.  Е.Т. Денисов, О.М. Саркисов, Г.И. Лихтенштейн  Химическая кинетика. – М.: Химия, 2000. 22 стр

4. Букейханов, З.А. Мансуров, З.А. Моисеев  Некоторые проблемы конструирования и управления химическими процессами. Алматы, 1994. 25 стр.

  

 Дәріс №2  Биомолекулалық реакция және соқтығысу теориясы

 

Дәріс жоспары:

1. Соқтығысу теориясына жалпы мәліметтер.

2. Серпімді және серпімсіз соқтығысулар.

3. Реакциялық соқтығысу және активті соқтығысу теориясы.

4. Активті соқтығысудың қарапайым теориясы. Траутц – Льюнс теңдеуі.

 

    Қарапайым реакциялардың ішіндегі көп тараған процесс түрі – биомолекулалық реакция болып табылады. Бұл процеске реакцияласатын заттың екі бөлшегі ғана – атомы, молекуласы, радикалы, ионы және т.б. қатысады. Мұндай реакциялар арнайы түсіндіруді қажет етпейді, себебі химиялық әрекеттесу үшін – бөлшектердің соқтығысуы негізгі қажетті шарт болып табылады. Сондықтан теориялық мәліметтерде биомолекулалық процестер жеке – жеке қарастырылады. Сонымен қатар, биомолекулалық процестерде қарастырылған мәліметтер мономолекулалы және үшмолекулалы бірсатылы реакциялардың типтерінде кең қолданыс табады.

    Соқтығысу теориясына жалпы мәліметтер. Биомолекулалық соқтығысу теориясы мынадай сұрақтарға жауап береді: соқтығысатын және таралатын бөлшектердің траекториясы, молекулааралық әрекеттесу потенциалдары және әртүрлі типтегі энергия алмасулар, яғни қарапайым физикалық және химиялық процестердің негізгі мәселелері және т.б.

    Негізінде молекулалық соқтығысудың үш түрі қарастырылады:

1. Серпімді соқтығысулар, - мұндай соқтығысу барысында тек бөлшек арасында кинетикалық энергия алмасулар өтеді де, нәтижесінде оның жылдамдығы және соқтығысқан бөлшектердің бағыты өзгеріп, ішкі энергия және олардың кванттық күйлері өзгеріссіз қалады.

2. Серпімсіз соқтығысулар – мұнда кинетикалық энергияның бір бөлігі ішкі тербелмелі – айнымалы энергия бөлшегіне өтеді, яғни тек іс - әрекеттің жылдамдығы тек бағыты ғана өзгеріп қоймай, сонымен қатар олар өзінің химиялық индивидуалдылығын сақтаса бөлшектердің кванттық күйлері де өзгеріске ұшырайды.

3. Реакциялық соқтығысулар – нәтижесінде реакцияға қатысатын компоненттерден, реакция өнімі пайда болу барысындағы химиялық айналулар жатады. Нақты соқтығысатын бөлшектердің жұбы үшін жоғарыда аталған соқтығысу түрлерінің әрқайсысының іске асуы – олардың бастапқы шарттарына және молекулааралық әрекеттесудің мінездемесіне, сонымен қатар микроскопиялық құбылысқа қатысатын бөлшектердің әрқайсысының кванттық күйлеріне де байланысты болады.

    Химиялық кинетика теориясына қойылатын мәселелер шеңберінде ең үлкен көңіл екінші және үшінші типті соқтығысуларға бөлінеді, сонымен қатар химиялық реакцияның болу мүмкіндігі жұп бөлшектердің соқтығысуына тәуелді болады.

    Микроскопиялық құбылыстың болу мүмкіндігінің мөлшерлік бағалануы – берілген кинетикалық энергияда реагент молекуласының өзгерісіне, және өнімнің ішкі кванттық күйлеріне, сонымен бірге арнайы техниканы пайдалану арқылы экспериментальды мәліметтерді сәйкестендірілуіне де байланысты болады. Сондықтан химиялық кинетиканың теориясының негізгі мәселесінің бірі – жоғарыда аталғандай, индивидуалдық бөлшек жұптарының реакциялық  соқтығысуының микроскопиялық мінездемесінен жылдамдық константа есептелуіне өтуі, яғни эксперимент мәліметтерінің нәтижелерімен салыстырылатын барлық макраскопиялық құбылыстың мінездемесінің статикалық орташа мәндері болып саналады.

        Ал енді, осы бөлшектердің соқтығысуын координат нүктесінде қарастырайық, олардың басы В молекуласының центрімен сәйкестендірілген. Соқтығысатын А және В бөлшектерінің бастапқы күйлері салыстырмалы асинтоттық жылдамдық V мәнімен сипатталады, және осы мәннен А бөлшегі жылжымайтын В бөлшегі бағытына қарай жылжуымен, сонымен бірге В бөлшегінің центрі және А бөлшегінің іс - әрекетінің бағыты арасындағы минимальды арақашықтықты анықтайтын нысандық параметр L -мен сипатталады. Салыстырмалы жылдамдықтың V асимтоталық деп аталуының себебі, - А және В бөлшектері бастапқы уақыт мезетінде бір – бірінен айтарлықтай түрде алшақ орналасады да, сондықтан олардың бір – біріне тартылуы немесе тебілуі қиынға соғады.

    Мұндай екі бөлшектің соқтығысу жүйесінің кинетикалық энергиясы мынаған тең: I=MA + MB Мұндағы: MA, MB – А және В бөлшектерінің келтірілген массасы.

    Егер А және В бөлшектеріне қатаң сфера деп қарастырсақ, онда олардың центрлерінің арасындағы соқтығысулар кезіндегі арақашықтығы, радиустардың қосындысына тең болады:

D=RA+RB;

    Салыстырмалы жылдамдық векторы екі құраушыларға бөлінуі мүмкін – бірінші тангенсті, яғни соқтығысудың нүктесінде жатуына бағытталған V жылдамдық және ол мәндер соқтығысу нәтижесіне ешқандай өзгерістерді енгізбейді, екіншісі – қалыпты мәндер, олар VN центр сызықтарына бағытталады және бұл шама кейінгі құбылыстар ретіне үлкен өзгерістер енгізеді. Сонымен қоса V және VN мәндерінің қатынасы қатаң сфера соқтығысының геометриясымен анықталады.

    Центр сызықтарының (EN) және толық кинематикалық энергияның (Е) соқтығысу энергияларының қатынасы, олардың жылдамдықтарының квадрат қатынасымен анықталады, келесі;

= (1-);   (18.1)

    Серпімді және серпімсіз соқтығысулар.

Егер А және В бөлшектерінің соқтығысулары серпімді болса, онда соқтығысудан кейін олар әртүрлі бұрыштарда және жылдамдықта жан – жаққа тарайды, мұндай құбылыс кинетикалық энергия бұрыштық момент және импульс сақталу заңдарымен анықталады да, ал олардың соқтығысқаннан кейінгі кванттық күйлері өзгеріссіз қалады. Егерде соқтығысу серпімсіз болған жағдайда, онда соқтығысу процесі барысында кинетикалық энергияның белгілі – бір бөлігі ішкі тербелмелі – айнымалы энергияға ауысып, тараған А және В молекулалары, бұл жағдайларда басқа кванттық күйге өзгереді.

    Қарапайым геометриялық кескіндемеден көріп отырғанымыздай (1 суретті қара), А бөлшектерінің басқа бөлшектермен қатаң сферада соқтығысуы немесе әрекеттесуі – олардың нысандық параметрлері радиустарының қосындысынан аспаған жағдайда орын алады.

 bc, max = ra + rb;

(а), (б), (с);

Соқтығысу бағыттары

а – А және В бөлшектері арасында әрекеттесу болмаған жағдайда.

б – Тартылу кезінде;

в – олардың тебілуі кезінде;

 

    Егер, осы теңдеудің екі жағын да квадраттасақ, онда молекулада таралатын соқтығысу бағытының газды кинетикалық теориясында қолданылатын негізгі параметрді аламыз:

σС =π (rА + rВ)2;

18.2 а суретінде соқтығысудың бағыттары көрсетілген, мұнда А және В бөлшектерінің шынайы соқтығысулары гипотетикалық «өлшеусіз» М бөлшектері ретінде берілген және олардың массасы М – жылжып жатқан жылдамдығы V таралу центріне қатысты салыстырмалы түрде тұрақты және оның үлкен дөңгелегінің ауданы соқтығысу бағыттарына тең болады.

Алайда мұндай суреттер жеңілдетілген түрде көрсетілген, ал шын мәніндегі соқтығысу бағыттары А және В бөлшектерінің молекулааралық әрекеттесу потенциялдарына бағынышты болады, бұл кескіндеме Өз кезегінде, түзусызық бойынан бөлшек өту барысында траекториясынан ауытқуы және таралу мінездемесі, сонымен қатар соқтығысу бағыттарының мәндері V бөлшектерінің жақындасу жылдамдықтарына байланысты болады; неғұрлым ол көп болса, соғұрлым аз дәрежеде молекулааралық әрекеттесулер траекториясының қисықтығына әсер етеді, сондықтан V аумағында соқтығысу бағыты мынаған тең.   σС =π (rА + rВ)2;

Соқтығысу бағыттарының жылдамдыққа тәуелділігінің нақты түрі күрделі, сондықтан бұл мәселе молекулалық таралу теориясында шешіледі; соқтығысудың қарапайым теориясында σс – V – ға тәуелсіз деп қарастырылады. Мұндай мәліметтер молекулалық соқтығысулардың негізгі сипаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Оларға бірлік уақыттағы және бірлік көлемдегі соқтығысу жиілігі, сонымен қатар екілік соқтығысулар санын аныұтаулар жатады.

Анықталуы бойынша барлық бөлшектер соқтығысу бағытынан өтетін σС – V жылдамдықпен тарағанда, таралу центрімен соқтығысуға ұшырап, және оның соқтығысу жиілігі σС =V болады. Алайда олатды жүйелерде молекуланың салыстырмалы жылдамдығының абсолютті мәндері О және одан әрі интервал мәндеріне ие болады. Мұндай елеулі жағдайды ескеру үшін, салыстырмалы жылдамдықтың орташа мәніне өту қажеттілігі туындайды, олар термодинамикалық тепе теңдіктегі жүйе үшін Максвелл - Больцман теңдеулерімен есептеледі.

f(V)=4πV()3/2L- μV-2/2KT;

Осы теңдеуден салыстырмалы жылдамдықтың орташа мәнін келесі формуламен анықтаймыз.                     

                                               ‹ Vr ›=Vf(V)dv;

Бұл теңдеуден А және В бөлшектерінің салыстырмалы жылдамдықтың орташа мәнінің температура және келтірілген массасы үшін мына теңдік;

                                        ‹ Vr ›= ()1/2   қолданыс табады.

Егер молекулалар массасы бірдей болса, mА=mВ, онда σ=және коэффициенті бірдей бөлшектердің екі рет соқтығысуын есептемеу үшін алынады.

    Соқтығысу бағыттарының орташа өлшемді бөлшектер үшін мәні бірнеше ондық А құрайды, яғни 1{ j μ, ал салыстырмалы қозғалыстың орташа жылдамдығы 102 – 103 м ∙ с-1 аралығында жатыр, сондықтан; Соқтығысу жиілігі мынадай:

                                              Z0 = σC (Vr) = πd2   ()1/2 ;

Жоғарыда келтірілген теңдеудің реттік мәні:        Z0 – 10-16 – 10 -17 М3∙с-1 болады. Немесе қарапайым химиялық кинетика өлшемдері: Л – мольХ – СА (μV)1

Z0 – 1011 - 1012 литр ∙ моль-1 ∙ с-1 (М1∙с-1)

    Z0 өлшемдерінен мыналар шығады: Z0 – дің физикалық мағынасы – биомолекулалық соқтығысулардың жылдамдығының константасына сәйкес.

    Сондықтан А және В бөлшектерінің бірлік көлемінде және бірлік уақыттағы соқтығысқан бөлшектердің жалпы саны мына теңдікпен анықталады:                ZАВ=Z0 nА nВ ;

Мұндағы: nА және nВ – А және В бөлшектерінің көлеміндегі соқтығысқан бөлшек сандары, М-3 немесе моль -17 (м).

 Газды фазадағы қалыпты температурадағы (О0 С немесе 273К) және қысымдағы (1атм, немесе 0,101 МПа) бөлшек концентрациясы – 1/22,4 моль ∙ л-4 қурайды. Осыдан соқтығысқан бөлшектердің орташа мәнін молекуланың бірлік уақытынан анықтауға болады: nС – (1011 – 1012) /22,4 – 109 – 1010 с-1;

Ал соқтығысу аралық орташа уақыт сәйкесінше;

                                        τС – 10-9 – 10 -10с немесе 0,1 – 1нс.

Реакциялық соқтығысулар және активті соқтығысу теориясы.

Егер серпімсіз соқтығысу кезінде кинетикалық энергияның ішкі тербелмелі – айналмалы энергияға айналуы реакцияласатын зат пен реакция өнімінің арасындағы потенциялдық кедергіні жоюға жеткілікті болса, онда химиялық айналулар орын алады. Ең алдымен реакциялық соқтығысудың шартын табудан алдын, серпімсіз реакцияның ұзақтығын бағалап көрелік. Ол үшін қатаң модель диаметрінің жартысында бөлшектердің бір – біріне еніп, қайтадан бір – біріне қосылған нүктеге келуін қолданады. Молекула центрінің жақындасуы және жоғалып кетуі кезіндегі барлық жолдың қосындысын – 0,5мм шамасында қарастырамыз. 500 м/с жуық бөлшектің берілетін қозғалысының орташа жылдамдығында, ол мына реттілікке 10-12с тең болады немесе 1nс тең, осы уақыт аралығында молекуладағы атомдар бірнеше тербеліс және оншақты айналулар жасап қояды. Басқа жағынан қарайтын болсақ,бірінен кейін – бірі өтетін екі соқтығысулардың орташа уақыты, молекуланың газды фазада өтетінін анықтап мына - 100nс мәнге тең болады. Алынатын нәтижелер принципальды мәнге ие болады, себебі 100nс кезінде жүйе концервативті жүйе ретінде, яғни кинетикалық және потенциалды энергияның, сонымен қатар импульс мәнін тұрақты етіп сақтау ретінде, қолданылады. Дәл осы жағдай квантты – химиялық модельді және механикалық теория негіздерін химиялық реакциялардың элементарлы актілеріне қолданып, динамикалық есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Ескерту: егер бөлшектер соқтығысу арасында молекулааралық әрекеттесулерді көбейтсе, онда центр сызықтарындағы кинетикалық энергияның соқтығысуы мына теңдікпен жүргізіледі.

                                                 Еn(1 - )∙Е

Ол нысандық параметр мәніне сүйенеді Ъ және «орталықтан» соқтығысқанда (нысандардың параметр Ъ20, соқтығысу (шабу) бұрышы Ф20, cosα=f) толық энергияға тең, ал “жанайтын” соқтығысу кезінде (Ъ=d, Ф=7с/2; cos=0) нөлге тең

Активті соқтығысу теориясында (АСТ) орталықтың лизет/ центральный момент) болып келесі пайымдаулар табылады; екі бөлшектің соқтығысуы химиялық реакцияға әкеледі, егер центр сызықтарының кинетикалық энергиясының соқтығысуының мәні тең немесе кейбір критикалық мәндерден үлкен болса, онда; Еn≥Еа

Реакция егер де орталықтың соқтығысу Ъ=0 болғанда қаралсын. Мұнда барлық кинетикалық энергия потенциалды энергияға айналуы мүмкін. Егер нысандық параметр 6 – ді ақырындап арттыратын болсақ (екі бөлшекті жүйенің барлық энергиясының фиксирлегенде), онда Ъ=> Кmax жағдайларда химиялық реакция одан әрі жүре алмайды. Мұндай құбылысты мына теңдеумен анықтауға болады.

                                    b2 R,max = d2 (1 - )

Егер осы жоғарыда көрсетілген теңдеуінің екі бөлігін де π – ға көбейтетін болсақ, онда химиялық кинетиканы түсіндіретін негізгі теория – химиялықреакция бағытталуы жайлы анықтаманы келесі теңдеуден байқауға болады.

                           σR = π b2R,max=πd2(1 - ) 

Таралу центрімен соқтығысқаннан кейін химиялық айналуларға реакция бағытынан өтетін бөлшектер ғана бағынады    Аталған екі жағдайда теңдеу ЕА<<Е сәйкес келсе (немесе критикалық энергия өте аз, немесе кинетикалық энергия өте көп), онда химиялық реакцияның бағыты А және В бөлшектерінің геометриялық өлшемдерінен немесе радиустарының қосындысымен анықталады.

                              σR = π d2= π (rА+rВ)2 ;

 ОД химиялық реакцияның бағыттары. (штрихталған дөңгелек ретінде белгіленген)

Осылардан бөлек, жоғарыда қарастырылған модельде ең маңызды жағдай ескерілмегенҮ ол – реакцияға қатысатын бөлшектердің ішкі айнымалы – тербелмелі энергиясы және олардың кванттық күйлері міндетті түрде соқтығысу нәтижелеріне әсер етеді. Шындығында, неғұрлым А және В бөлшектері жоғары тербелмелі деңгейде болса, соғұрлым реакция өніміне айналу үшін қосымша энергия аз жұмсалатын болады; мұндай жинақталмаларды i және j деп белгілесек, сәйкесінше М квазибөлшекке М (I,j) деп қосып қоямыз. Осы жағдайларды ескере отырып, химиялық реакцияның бағытталуын 18.4 суретінде көрсетеміз.

Нәтижесінде биомолекулалық реакцияның жылдамдығы бірлік уақытта реакция өнімдеріне айналады.

             Vxσ(I,jv) x nA (i); M∙c-1x M2xM-3xM-3=M-3∙c-1;

Мұндағы, алдыңғы екі көбейтінділер соқтығысу жиілігінің аналогы – активті соқтығысу жиілігі А (i) және В (j) – нің кванттық күйлері болып табылады және олар: Zi, J = V∙σ (i, J, V); M3 ∙ с-1   (18.8)

                                 КI,j = Vσ(i,j,V)f(i,j,V)dV

Кейінірек, А және В бөлшектерінің кванттық күйлеріне мольдік үлес мәніне енгізетін болсақ, онда мынадай теңдеу орын алады:

                     nA (i) = xA (i) ∙ nA және nB(j) = xB (j) ∙ nB;

Мұндағы: nA және nB – А және В бөлшектерінің жалпы концентрациясын келесі теңдеулермен анықтауға болады;

               К0 = ∑I ∑J XA(i) ∙ XB (J) Vσ(i,j,V)f(i,j,V)dV 

Активті соқтығысудың қарапайым теориясы. Траутц – Льюис теңдеуі.

Анықтаудың бірінші жолы үшін (18.7) теңдеуін қолданып химиялық реакцияның бағыты алынады, ал таралу функциясы ретінде тепе – теңдіктегі Максвелл – Больцман таралуын (18.7) теңдеуінен алып, келесі теңдеу шығарамыз;

                                                       X==;

теңдеуді сәйкестендірсек, келесі теңдеу шығады:

                      Кσ =()1/2∙X σR (X) L-Xdx     

Кσ = πd2 ∙()1/2∙∙()∙l-E/KT∙d= πd2 ∙()1/2∙()∙l-(E+Ea-Ea)/KT∙d = πd2 ∙()1/2∙l-Ea/KT∙= l-zdz;

Интеграл мынадай болғандықтан:

ze-z dz = r (2) = 1

Онда теңдеу мынадай болып өзгереді:

                             Кσ = πd2 ∙()1/2∙l-Ea/KT

Кσ мәнінің әр өлшемділігі СИ жүйесінде М3∙С-1 – ге сай келеді, алайда бұл өлшем бірлік практикалық есептеулерге сәйкес келе бермейді. Сондықтан, 18.14 теңдеуіне Авогадро санын NA және есептеуіш коэффициенті μ (dM(M) енгізетін болсақ мынадай түрдегі теңдеу алынады.

                     Кσ =103NA∙ πd2 ∙()1/2∙l-Ea/KT  

Осы теңдеу химиялық кинетиканың одан әрі дамуында маңызды роль атқарды, ең алғаш осы теңдеуді 1916 жылы Германия ғалымы Траутц. М. Және 1918 жылы Ағылшын ғалымы Льюис алған, (бір – бірінен тәуелсіз). Бірінші дүние жүзілік соғыс барысында жасалған бұл жұмыстарды алмасулар қиынға соққан, себебі соғыс Германия мен Англия бір – біріне қарсы соғысқан. Сондықтан Траутц және Льюис бір – бірінің жұмыстарын білмеген және осы ғылыми жұмысты бір – бірінен тәуелсіз түрде жасаған. Сонымен бұл теңдеу Траутц – Льюис теңдеуі деп аталған.

    Траутц – Льюис теңдеуінің мағынасы – ең алдымен жартылай эмперикалық болса да реакцияласатын бөлшектердің және олардың өлшемі және массасы негізінде тұрақты молекулалық химиялық реакциялардыңжылдамдығын есептейтін теориялық жолдарын шынайы түрде көрсетті.

    Осындай есептелудің жартылай эмпирикалық сипаты 18.14 теңдеуіндегі үшінші параметрге байланысты. Мұнда критикалық энергия ЕА – ны тәжірибе нәтижелерінен алу қажет еді, себебі активті соқтығысу теориясы оны бағалау үшін ешқандай жолдарын көрсетпеді.

    Сонда да Кσ есептеу нәтижесі, яғни ол туралы Льюис өзінің стстьяларында келтіргендей, (сутек иодидінің ыдырау реакциясы үшін) мәндері тәжірибелік нәтижелерге жуық болса да келетін болды яғни:

    теория : 3,5 ∙ 10-7 ∙ μ-1 ∙ С-1;

     тәжірибе (эксперимент): 3,52 ∙ 10-7  μ-1  С-1;

Осыдан мынаны ескеру қажет; осындай сәйкестіктер кездейсоқтық болған, және басқа реакциялар үшін келтірілген тәжірибелерде теориялық және экспериментальдық мәндерінде айырмашылық байқалған және оларды төменде түсіндіріп өтеміз.

        Жылдамдық константасының температуралық бағыныштылығы тек экспоненсиалды көбейткіш пен анықталады, яғни Аррениустың активтену энергиясымен ЕА анықталады.

    Предэкспоненциалды көбейткіш керісінше температураға бағынбайтын, тәуелсіз параметр деп есептейді Аррениус. Алайда Траутц – Льюис теңдеуіндегі предэкспонента өзіне молекулалық V/T пропорционал орташа салыстырмалы жылдамдығын қосып алады. Сондықтан ЕА мәні физикалық тұрғыдан Аррениустың активтену энергиясына толығымен сәйкес келеді, алайда есептеген мәні бойынша одан ерекшеленеді.

R  = EA +  RT · және  – R  = EA;

Осы теңдеуден келесі қатынасты аламыз;

                                           ЕА= Еа+ RT;       

Негізінде химиялық реакцияның активтену энергиясы 50 – 200кДЖ/моль арасында болғандықтан ЕА және Еа мәндер айырмашылығы 2 – 4кДЖ/моль болады, егер 500 – 1000П болса, онда ол тәжірибелік қателіктер деп есептелінеді. Осыған қоса,  теңдеуінің көмегімен есептелетін мәндер үшін мұндай өте аз айырмашылықтар ескеріледі, себебі Еа мәндері экспонентаға енеді.

1 – ші бөлімде айтылғандай кинетикалық эксперименттің кездейсоқ қателіктігі сызық сызықты көрсетпейді, ал оның нәтижелері барлық немесе көп жағдайда Аррениус теңдеуіндегі координаттарда тура өлшемейді, яғни жуықтап ЕА const болады. Сондықтан RT/2 қатынасы берілген Т температурадағы Еа мәніне экспериментальдық түзеулер енгізеді.

Траутц – Льюис теңдеуіне қатысты бір жайды ескерту керек. Егер активтену энергиясының мәні Еа <<RT болса, онда бас радикалдардың биомолекулалық рекомбинациясы келесі теңдеумен анықталады:

           Kσ,max≈103Na πd2()1/2=6,02·1026 · πd2/Vr/

Осылайша, Траутц – Льюис теңдеуінің жылдамдық константасын теориялық есептеулерге қолдау үшін, ең алдымен, жоғарыда аталғандай есептелетін үш санның мәнін молекула өлшемдері, олардың келтірілген мәндері және критикалық энергиясын анықтап алу қажет. Егер соңғы аталған мәндерді, яғни критикалық энергияны бұдан алдын түсіндірсек, және массаларды анықтау қиынға соқпайды, сонда молекулалық өлшемдерді бағалау әдістеріне ерекше тоқталып өту қажеттілігі туындайды.

Жоғарыда аталған активтенген соқтығысудың қарапайым теориясының қиыншылығы мен кемшіліктерін түсіндіретін болсақ, оның барлығы қатаң сферадағы модельде қолданылған немесе жіберілген жуықтаушы мәндер мен түсіндіріледі. Алайда бұл принципті түрде соқтығысу теориясының дұрыс емес екендігін білдірмейді, бірақ бұл жағдайлармен құбылыстарға химиялық кинетикада өткен саты ретінде қарау қажет.

  Қорытындылай келсек, соқтығысу теориясы және оның негізгі түсінігі, яғни реакция бағыты, экспериментальды интерпретация және анализ үшін кең қолданыс тауып, молекулалық жинақтама әдісі негізінде алынған мәліметтерден айналмалы және тербелмелі реагенттердің кванттық күйлері анықталады.

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

1. Соқтығысу теориясына жалпы мәліметтер.

2. Серпімді және серпімсіз соқтығысулар.

3. Реакциялық соқтығысу және активті соқтығысу теориясы.

4. Активті соқтығысудың қарапайым теориясы. Траутц – Льюнс теңдеуі.

 

  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Н.М. Эмануэль, Д.Г. Кноре  Курс химической кинетики. – М.: Высш. школа, 1984.-463 с.

2. Л. Мейтис  Введение в курс химического равновесия и кинетики. – М.: Мир, 1984.- 484 с.

3. Р.Р. Семенов  О некоторых проблемах химической кинетики и реакционной способности – М.:  изд. АНСССР, 1958.- 681 с.

4. Г. Эйринг, С.Г. Лин, С.М. Лин Основы химической кинетики  - М.: Мир, 1983. – 528 с.

5. Б.Я. Светлов, Н.Е. Еременко  Теория и свойства промышленных взрывчатых  веществ. – М.: Недра, 1973. – 203 с.

 

 Дәріс №3   Қатты  денелердің  химиялық  физикасы. Карбендер

Дәріс  жоспары: 1.  Қатты  денелердегі  электрлік  және   жылулық  үрдістер

2. Электр  өрісіндегі  диэлектриктер.  Сегнетоэлектриктер. Поезоэлектриктер.

3.   Қатты  денелердің  төмен   температурадағы  қасиеттері

4. Карбендер және оның қасиеттері

Егер  диэлектрикті  электр  өрісіне  енгізсек,  онда  бұл  өріс  те  диэлектрикдің  өзі де  елеулі  өзгерістерге  ұшырайды.  Мұның   себебін   түсіну  үшін  атомдармен  молекулалардың құрамында  оң   зарядталған  ядролар  мен  теріс  зарядталған   электрондар  бар  екендігін  айту  керек. Электрондар  зор  жылдамдық  пен  атом  мен  молекуланың  шегінде   ядроға  қатысты  өзінің  орнын үнемі  өзгерте  отырып  қозғалады.  Сондықтан  әрбір  электронның  сыртқы  зарядтарға  әсері,  шамамен  қандайда  бір  нүктеде  электронның  уақыт  бойынша  есептелген  орындарының  орташа  мәні  арқылы  тыныштықта  тұрғандағыдай  жағдайда  алынады.

        Молекулалардың  өлшемдерімен   салыстырғанда  анағұрлым   үлкен  қашықтықтар  үшін  электрондардың  әсері  қандай да  бір нүктеде  орналастырылған  молекуланың   ішіндегі  олардың  зарядтар  қосындысының  әсеріне  эквиваленті  болады.  Бұл  нүктені   теріс  зарядтардың  ауырлық  центрі деп  атайды. 

           Оң  зарядтардың  ауырлық  центрінің  радиус-векторы  мына  формула  арқылы  есептеледі. 

           r+ =                         (1)

мұндағы:   -  ші  нүктеге  орналастырылған  оң  зарядтың  радиус  векторы

                q- молекуланың  оң  зарядтарының  қосындысы. 

              Теріс  зарядтардың  ауырлық  центрінің  радиус-векторы  былай  өрнектеледі.

                                      (2) 

мұндағы  rj¯ -уақыт  бойынша  орташа  j-шы  теріс  заряд  орныың  радиус-векторы. 

            Сыртқы  электр  өрісі  болмаған  кезде  оң  және  теріс   зарядтың  ауырлық центрлері  бір-біріне  қатысты  дәл  келуі  де  немесе  ығысқан  болуы да  мүмкін.  Сонымен,  молекула  электр дипольге  эквиваленті  болады  да,  полярлық  деп аталады.  Полярлық  молекуланың  меншікті  электрлік  момент реакцияға  ие  болады,  ол  үшін  (1), (2)   формулаларды  ескерсек,  мына  теңдеу  шығады 

                         P=q ℓ=  q (r+ -r -  )  =∑qj+   ri+   +  ∑qj¯  rj¯ 

     Оң  және  теріс  зарядтар  үшін  бәрін біріктірсек

                                    P= ∑qR   rR 

мұндағы   qk    -алгебралық  шама,  қосындылау  молекулалардың  барлық  оң  және  теріс  зарядтары  үшін  орндалады. 

         Өріс  жоқ  болғанда әр  таңбалы  зарядтардың  ауырлық  центрлері  біріккен,  меншікті   электрлік  моментерге  ие  болмайтын  молекулалар  полюсті  емес  деп  аталады.  Сыртқы  электр  өрісінің  әсерінен полюсті  емес  молекулалардағы  зарядтар  бір –бірімен  салыстырғанда:  оң  зарядтар  өріс бағытымен, терістері  өріске  қарсы  ығысады.  Нәтижесінде  молекула  электрлік  моментке  ие  болады,  оның  шамасы тәжірибе  көрсеткеніндей, өріс  кернеулігіне  пропорционал  болады.  Рационалданған  системада  пропорционалдық  коэфициентті  Eoβ түрінде  жазып,  мұндағы  Eo- электрлік  тұрақты, ал  β-молекуланың  полюстену  қабілеті  деп  аталатын  шама. р  мен Е бағыттары  дәл  келетіндігін  ескере  отырып  былай  жазамыз.

                                         p=βε0 E

          Полюсті  емес  молекуланың  полюстену  процесі   молекуланың  оң   және  теріс  зарядтары  өз ара  серпімді   күштермен  байланысқандағыдай  болады.  Сондықтан  полюсті  емес  молекула сыртқы  өрісте  өзін  серпімді  диполь  сияқты  көрсетеді.

           Диэлектриктердің    поляризациялануы. Сыртқы  электр  өрісі  болмаған   кезде   диэлектрик  молекулаларының  дипольдік   моменттері  не  нольге тең  (полярлы  емес  молекулалар)  не  кеністіктегі  бағыттар  бойынша  хаосты  түрде  бөлініп  таралған  (полюсті  молекулалар)    болады.  Екі  жағдайда  да  диэлектриктің  электрлік  моментінің  қосындысы  нольге  тең.

         Сыртқы  өрістің  әсерінен  диэлектрик  поляризацияланады. Мұның  өзі  диэлектриктің  қорытқы  электрлік   моменті  нөльден  өзгеше болады.  Диэлектриктің  поляризациялану  дәрежесін  сипаттайтын  шама  ретінде  бірлік көлемдегі  электрлік  моментті  алу  табиғи  нәрсе.  Егер  өріс  немесе  диэлектрик  біртекті  болмаса,  диэлектриктің  түрліше  нүктелеріндегі  поляризациялану  дәрежесі  әр  түрлі  болады.  Берілген нүктедегі  поляризациялануды сипаттау  үшін,  осы  нүктені  қамтитын  физикалық  шексіз  кішкентай  ∆V  көлемді  бөліп  алу  керек.  Осы  көлемдегі  молекулалар  моменттерінің  қосындысын  S∆vpi  тауып,  мына  қатынасты  аламыз.

                      

мұндағы   p-шамасын диэлектриктің  поляризациялану векторы  деп  атайды.

           Иондық  кристалдарда  жеке  молекулалар  өздерінің  даралығын  жоғалтады.  Кристалл тұтас  алғанда  молекула  сияқты  көрінеді. Иондық  кристалдың  торын  біріне-бірі  кигізілген  екі  тор,  оның  бірі  оң,  екіншісі   теріс  иондардан  жасалған  деп  қарастыруға  болады. Кристалдардың  иондарына  сыртқы  өріс  әсер  еткенде  екі тор  бір–біріне  қатысты  ығысады  да  диэлектриктің  поляризациялануын  туғызады.  Бұл  жағдайда  поляризациялану  векторы  өрістің  кернеулігімен  яғни  p=χε0 E  өрнек  арқылы  байланысады.

                                   q'арт.   = q'1-q'2  = ( P1-P2   )  S

          Егер  диэлектрик  біртекті  поляризацияланса  (P=const) онда P1=P2 және жоғарыдағы өрнек  нольге  айналады.  Демек,  біртекті  поляризацияланған   диэлектрикте  артық   көлемдік  байланысқан  зарядтар  пайда  болмайды.

Электр өрісіндегі диэлектриктер. Сегнетоэлектриктер. Пьезоэлектриктер. Диэлектриктегі  өрістің  кернеулігі - дегеніміз  физикалық  шексіз кішкентай  көлемдегі  шын  өрістің  орташа  мәнін  табу  арқылы  алынған  Е-нің  мәні.  Диэлектриктегі  шын   (микроскопиялық)  өріс  молекулааралық  қашықтықтың  шегінде  күшті  өзгереді.  Алайда  өрістің  макроскопиялық  денеге  әсерлерін  қарастырғанда  бұл  өзгерістер  білінбейді де  өрістің  денеге  әсері  Е  мәнінің  орташа  (макроскопиялық)  санын  табу  арқылы   анықталады.

          Макроскопиялық  өріс  Е екі  өрісті   беттестірудің  нәтижесінде  алынады:  еркін  зарядтардың,  яғни  жанасқанда  бір  денеден  екіншісіне  ауыса  алатын  зарядтардың  туғызатын  E0   өрісі  және  байланысқан  зарядтардың  E'  өрісі. 

Өрістердің  позиция  принципі  бойынша

                                E = E0  + E'                                              (1)

           Диэлектриктің  поляризациясы  өріс   қосындысының әсерімен яғни  (1)  формуладан  пайда  болады. (1)  өрнегімен  анықталатын  Е  векторы  үшін  Гаусс теоремасын мына  түрде  жазамыз

                       ΦЕ  =fs En  dS=   1      (  ∑q+∑q' )             (2) 

                                                     εº

яғни  тұйықталған  бет  үшін Е  вектор  ағынын  есептегенде  тек  еркін   зарядтардың  ғана  емес,  осы  беттің  ішіндегі  байланысқан  зарядтардың  да  алгебралық  қосындысын  есептеу  керек.

         Электрлік  ығысу  (электрлік  индукция)  деп  

                                             Д =ε0 Е+P                               (3) 

           Өрнегімен   анықталатын  қатысты  айтады,  ғни  тұйықталған  бет  арқылы электрлік  ығысудың  векторлық  ағыны   осы  беттің  ішіндегі  еркін  зарядтардың  алгебралық  қосындысына  тең.

                                           ε=1+χ-өрнегін                              (4) 

         ортаның  салыстырмалы  диэлектрик   өтімділігі  немесе  жай  ғана  диэлектрлік  өтімділік деп  атаймыз.

         Демек   Д = ε0 Е + χ ε0 Е = ε0 (1+χ) Е   өрнекке  қатысты  (5), (4)  ші  өрнекті Д = ε0ε Е²  түрде  жазуға  болады                                (6)

         Электрлік  ығысудың  бірлігіне  кулон  бөлінген  квадрат  метр (к/м²)  алынады.

           Химиялық  физика  пәнінде  Д=(1+4p χ ) Е                    (7)    және      

ε=1+4 pχ  шаманы  диэлектрлік  өтімділік  деп  атайды .

           Сегнетоэлектриктер. Заттардың  сыртқы  өріс  болмағанда   спонтанды  (өздігінен)  поляризациялана  алатын   тобы бар.  Бұл  құбылыс  алғаш сегнет  тұзы  үшін   ашылғандықтан,  осыған  ұқсас  барлық  заттар  сегнетоэлектриктер  деп аталды.  Сегнет  тұзының  электрлік  қасиеттерін  бірінші  рет  екжей-текжейлі  зерттеулерін  М. В Курчатов  пен  П. П. Кобеко  болды.

        Сегнетоэлектриктердің   басқа  диэлектриктердің  өзгешелігі  бірнеше  сипаттық  ерекшеліктерінде: 

       1.  Кәдімгі  диэлектриктерде  бірнеше,  ал  айрықша  жағдайда  бірнеше  ондаған  ( мысалы су  үшін  ε=81)  бірлікті  ғана   құраса,  сегнетоэлектриктердің  диэлектрлік  тұрақтысы  бірнеше   мыңдаған  болады.

       2.  Д-ның  Е-ге  байланыстылығы  сызықтық  болып  табылады  демек,  диэлектрлік  өтімділік  өріс  кернеулігіне байланысты  (2 сурет).

       3.  Өріс   өзгерістерінде  Р  поляризация  векторының  мәндері  Е  өріс  кернеулігімен  кешігеді,  осының  нәтижесінде Р мен Д тек  берілген  мезеттегі  Е-нің  шамасымен  ғана  анықталмайды,  сондай-ақ  Е-нің  бұрынғы  мәндерімен  де  анықталады,  яғни   диэлектрдің алғы  шарттарына  байланысты болады. Бұл  құбылыс  гистерезис  (кешігу)  деп  аталады.  Өрістің  циклдік  өзгерістерінде  Р-нің  Е-ге  байланыстығы  гистерезис  тұзағы  деп  аталады.  Өрісті  алғаш  қосқанда Е-мен  бірге  қисықтың ℓ бұтағына  сәйкес  поляризация  өседі.  Р-ның  кемуі  2  бұтақ  бойынша  жүреді.  Е  нольге  айналғанда  зат  өзінің  қалдық  поляризация  деп   аталатын  Pr  поляризация  мәнін  сақтайды.  Тек  қарама-қарсы  бағытталған  ЕС өріс  кернеулігінің  әсерінен  ғана  поляризация  нольге  тең  болады. Өріс  кернеулігінің бұл  мәні  коэрцитивті  күш  деп  аталады.

           Сегнетоэлектриктердің поляризациялану  тәртібі  фермомагнетиктердің магниттелу  тәртібіне  ұқсас.  Осы  себептен  сегнетоэлектриктерді  кейде ферроэлектриктер  деп  аталады.  Кристалды  заттар  оның  ішіндегі  симметрия центрі  жоқтары  ғана  сегнетоэлектриктер  бола  алады.             

Спонтанды  (өздігінен) поляризация  облыстары  домендер  деп  аталады.  Сыртқы  өрістің  әсерінен  домендердің  моменттері  біртұтас  сияқты  өріс  бағыты  бойынша  орналасып  бұрылады.

Карбендер. Карбендер  деп көміртегінің орталық атомы екі топпен ғана ковалентті байланысқан, ал байланыспаған екі электроны   электрбейтараптығын сақтайтын бейтарап, реакцияға түсуге қабілетті бөлшектерді айтады.  Карбендер – қанықпаған зарядталмаған бөлшектер, құрамындағы орталық көміртек атомының сыртқы электрондық қабатында алты электрон болады. Жалпы формуласы  R2C:, карбенді көміртек атомының екі байланыспаған р- және σ- орбитальдар бар. Карбендер өте белсенді және реакцияға жылдам түседі, олардың өмір сүру уақыты 10-3 – 10-6  с. Карбендердің ең қарапайым өкілі – метилен  :СН2 . Қазіргі уақытта карбендердің аналогтары да белгілі, олардың құрамына екі валентті кремний (cилилендер), бір валентті азот (нитрендер) немесе басқа гетероатомдар кіреді. Карбендердің металдармен аралық комплекстері тұрақты болса, карбеноидтар деп аталады.

Метиленнің басқа аралық бөлшектерге қарағанда термодинамикалық тұрақтылығын метаннан біртіндеп сутегі атомын үзе отырып, осы процестің әртүрлі сатыларының жылулық эффектілерін салыстырып, бағалауға болады. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша, метил радикалынан метиленнің түзілуі метаннан метил радикалының түзілуіне қарағанда 16 ккал/моль-ға (103-87) аз энергияны  қажет етеді. Ал, метиленнен сутегін үзіп, метинді түзуге 22 ккал/моль-ға көп энергия жұмсалады. Демек, метилен метил және метин радикалдарымен салыстырғанда жеңіл түзіледі және қиын бұзылады, яғни салыстырмалы түрде тұрақты:

 

             СН4 → СН3 + Н         103 ккал/моль

             СН3 → СН2 + Н         87 ккал/моль

             СН2 → СН + Н          125 ккал/моль

             СН → С + Н              81ккал/моль

 

Осы себепті ацетиленнің түзілуіне алып келетін, 1500 °С-тағы метан пиролизінде алғашқы сатыда метан метилен мен сутегіне ыдырайды. Ары қарай метилен метанның басқа молекуласымен этанды түзеді. Ол жоғарғы температурада этиленге, сосын ацетиленге дейін дегидрленеді:

 

           2СН4 → НС ≡ СН +3Н2

                 СН4  → СН2 + Н2

           СН2 + СН2 → СН3 – СН3

            СН3 – СН3 → СН2 = СН2 + Н2

                 СН2 = СН2 → СН ≡ СН + Н2

Карбендердің электрондық және геометриялық құрылысы.     Карбендердегі көміртек атомының байланыспаған екі электронының спиндерінің бағытына байланысты карбен синглетті (лат. «singularis» - антипараллель спиндері бар) немесе триплетті (лат.  «triplex» - параллель спиндері бар) күйде бола алады:

 

             ↑↓СН2                                               ↑↑СН2 

                   синглет                           триплет

 

Синглетті метиленде көміртек атомы  sp2 – типке жақын гибридтенуде болады: екі гибридті атомдық орбитальдар көміртектің сутегі атомдарымен

байланыс түзеді, бір гибридті орбитальдың электрон жұбы бар  (антипараллель  спинді  екі  электрон),   ал   р – орбиталь  бос.  Триплетті  метиленнің  екі  конфигурациясы  бар:  сызықты  және  қисайған. Сызықты конфигурацияда көміртек атомы  sp – гибридтенген, екі гибридті атомдық орбитальдар сутек атомдарымен байланысқа түзеді (ацетилен молекуласындағыдай), ал параллель спинді екі электрон әртүрлі  р – орбитальда болады. Екінші конфигурацияда көміртек атомы  sp – және sp2 -  типтердің арасындағы гибридтенуде болады. Бұл жерде екі гибридті атомдық орбитальдар көміртегінің сутегі атомдармен байланысын береді, бір электрон гибридті атомдық орбитальда, екіншісі р–орбитальда болады.

    

 

Синглетті және триплетті метилен мен синглетті дихлоркарбеннің валенттік бұрыштарының мәндері жоғарыда көрсетілген.

Қазіргі уақытта метиленнің негізгі күйі – триплетті, ал бірінші қозған    күйі – синглетті екені анықталған. Екі күйдің энергетикалық айырмашылығы 9 ккал/моль. Карбенді орталыққа орынбасарлардың қосылуы бұл күйлердің салыстырмалы тұрақтылығын өзгертуі мүмкін. Мысалы, хлор атомын енгізу синглетті күйді тұрақтайды, бұл хлоркарбеннің негізгі күйі.

Синглетті бөлшек электрофильді бөлшек қасиетін көрсетеді, себебі оның бос р-орбиталі бар. Сондай-ақ, егер реакцияда көміртек атомындағы электрон жұбы активті болса, онда карбен бөлшегі нуклеофильді қасиетке ие болады.

Триплетті   күйде   карбендер  бирадикалдардың   қасиеттерін   көрсетеді, бірақ кәдімгі реакциялардан айырмашылығы бір мезгілде екі радикалды  орталықпен әрекеттесе алады. Қасиеттері бойынша триплетті  карбен  триплетті қозған күйдегі кәдімгі молекулаға ұқсас .

Карбенді бөлшектердің тағы бір ерекшелігі – олардағы жылу қорының жоғары болуы, бұл активтену тосқауылынан жеңіл өтуге мүмкіндік береді. Карбендердің көптеген реакциялары жылу бөлу және аз немесе нөлдік активтену тосқауылымен жүреді. Сондықтан карбендер – реакцияға түсуге қабілетті аралық өнімдер мен жылу қоры жоғары тұрақсыз молекулаларды алу үшін қолайлы.

Карбендерді алу әдістері. Карбендер бірқатар қосылыстар термиялық, фотолиздік және катализдік ыдырағанда түзіледі. Метилен қарапайым алифатты диазоқосылыс  диазометан термиялық, фотолиздік және катализдік ыдырығанда түзіледі:

                                         СН2N2 → СН2:  + N2  

Диазометанның термиялық және фотолиздік ыдырауы азот   молекуласының бөлінуіне және синглетті метиленнің түзілуіне алып келеді. Бірақ, метиленнің негізгі күйі – триплетті, сондықтан синглетті метилен карбинге инертті немесе активтілігі төмен молекулалар (мысалы  гексафторбензол) қатысында триплетке айналады, ол басқа молекулалармен реакцияға түсіп, реакциялық ортада біртіндеп жинала береді.

    Диазометанның мыс, палладий немесе родий тұздарының қатысында катализдік ыдырауы реакцияны өте жұмсақ жағдайда,  бөлме температурасында және сәуле түсірмей жоғары шығыммен жүргізуге мүмкіндік береді.Бұл  кезде  метилен синглетті күйде болады.

 

                                                                                                КАРБЕНОИД

 

        Дихлоркарбен карбенді бөлшектердің басқа типіне жатады, ал иондар, мысалы трихлорметилді карбанион ыдырағанда түзіледі. Дихлоркарбен алғаш рет хлороформның сілтінің судағы ерітіндісіндегі гидролизін зерттегенде алынды:

 

                            СНСl3 + 4NaOH → HCOONa + 3NaCl + 2H2O

                            CHCl3 + CH3ONa → NaCl + CH3OH + :CCl2

 

        Дихлоркарбен хлороформнан төмендегі сызбанұсқа бойынша алынады. Калий немесе натрий алкоголяты хлороформнан протонды үзіп трихлорметил анионын түзеді. Ол дихлоркарбен мен хлорид анионын түзе ыдырайды. Сондықтан реакциялық ортада басқа молекулалардың болуына байланысты трихлорметил анионының немесе дихлоркарбеннің әрекеттесу өнімдері түзіле береді:

 

        Мысалы, хлороформның сулы сілтімен гиддролизі толық гидролиз өнімі – құмырсқа қышқылының түзілуіне алып келеді. Ал, спирттерде құмырсқа қышқылының эфирлері түзіледі. Сусыз ортада олефиндер қатысында карбенді реакциялардың өнімдері – циклопропандар  түзіледі.

       Дихлоркарбен келесі реакциялардың нәтижесінде де түзіледі:

                                   Cl3C – SiCl3 → :CCl2 + SiCl 4

                                   CCl4 + Mg → MgCl2 + :CCl2

      Карбендердің химиялық реакциялары. Карбендер бос радикалдарға тән барлық реакцияларға түсе алады: рекомбинациялану және С-Н байланысынан сутегі атомын бөліп алу. Карбеннің синглетті күйіне тән реакция – С-Н, СНal, С-Si байланыстарына ену, мысалы:

                                

                                 R2C2 + H-Si(C2H5)3 → R2CH-Si(C2H5)3

 

Карбендердің ең белгілі реакциясы  – π-байланыс бойынша қосылуы. Метиленнің этиленмен әрекеттесуі циклопропанның түзілуіне алып келеді.

 

     Бұл реакция көптеген циклді қосылыстар алу үшін қолданылады.

Мысалы, метиленнің ацетиленмен реакциясында циклопропен түзіледі, ол метиленнің артық мөлшерінің әсерінен бициклобутанды береді.

    Карбендердің активтілігі сондай, олар бензол сақинасымен тұрақты циклогептатриенил  – катионын түзе әрекеттеседі.

    Карбенді  процестер  тек зертханада емес, өнеркәсіпте де қолданыс табуда. Дихлоркарбен түзілу  үшін қиын табылатын диазоқосылыс қолданудың қажеті жоқ. Жоғарыда көрсетілгендей, оны хлороформ мен натрий гидроксидінен жеңіл алуға болады. 1876ж  ашылған Реймер-Тиман реакциясы –  фенол мен  хлороформнан калий гидроксидінің әсерімен салицил (о-гироксибензой)  альдегидінің түзілуі дихлоркарбен қатысуымен жүреді.

         Тетрафторэтилен – политетрафторэтилен алуда қолданылатын ең көптоннажды фторлы мономер дифторхлорметанның (фреон 22) немесе фтороформның пиролизі нәтижесінде алынады:

         

                               CHF2Cl                :CF2 + HCl

                           2:CF2                    F2C = CF2

         Cоңғы жылдардың зерттеулері бойынша карбендер күйе түзілуде жақсы нәтиже  беріп  отыр,  оның себебі түзілу энтальпиясының төмен болуымен түсіндіріледі:

 

 

    ∆Н, кДж/моль

      Е,ккал/моль

            С2Н2

        С2Н + Н

            500

             500

            С2Н2

          :ССН2

            182

              186

 

       Күйе түзілу процесінің циклдік молекула түзілуін түсіндіру үшін ацетилен өзгерісінің карбендік механизмі жасалды.

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

1.  Қатты  денелердегі  электрлік  және   жылулық  үрдістер

2. Электр  өрісіндегі  диэлектриктер.  Сегнетоэлектриктер. Поезоэлектриктер.

3.   Қатты  денелердің  төмен   температурадағы  қасиеттері

4. Карбендер және оның қасиеттері

 

  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Н.М. Эмануэль, Д.Г. Кноре  Курс химической кинетики. – М.: Высш. школа, 1984.-3 с.

2. Л. Мейтис  Введение в курс химического равновесия и кинетики. – М.: Мир, 1984.- 64 с.

3. Р.Р. Семенов  О некоторых проблемах химической кинетики и реакционной способности – М.:  изд. АНСССР, 1958.- 81 с.

4. Г. Эйринг, С.Г. Лин, С.М. Лин Основы химической кинетики  - М.: Мир, 1983. – 528 с.

5. Б.Я. Светлов, Н.Е. Еременко  Теория и свойства промышленных взрывчатых  веществ. – М.: Недра, 1973. – 33 с.

  

№4 Дәріс тақырыбы: Гомолиздік, гетеролиздік және тізбекті реакциялар

Дәріс жоспары :

1. Гомолиздік реакцияға түсінік, негізгі типтері

2. Гетеролиздік реакцияға түсінік, типтері

3. Тізбекті реакциялардың пайда болуы, тізбектердің жалғасуы, үзілуі тармақталуы

4. Тізбектің ұзындығы

 

Гомолиздік реакциялар деп молекулалардағы химиялық байланыстардың өзгеруі, басқа байланыстармен ауысуы жаңа электрон жұптерының үзілуі және түзілуі арқұылы өтетін реакцияларды айтады. Гомолиздік реакцияларда әрқашан жұптаспаған электроны бар бөлшектер: бос радикалдар, ион радикалдар, сольваттанған электрон қатысады немесе түзіледі.

Гомолиздік реакциялардың негізгі типтері:

1.      Гомолиздік ыдырау (гомолиздік диссоциация немесе гомолиз)

                            А-В→А* + В *

Мысалы: СН3 - СН3   → 2 *СН3

                  Н2О2 → 2 *ОН

                  СН3О* → СН2 + Н*

                  R – N = N-R→ R* + N2 + R*

Молекулалар гомолиздік ыдырағанда бос радикалдар, ал бос радикалдар ыдырағанда –атом немесе бос радикал және бір немесе бірнеше молекула түзіледі.

2. Гомолиздік ассоциация (рекомбинация,  коллигация)- диссоциацияға кері реакция, реагенттердің жұптаспаған электрондарының бірігуі нәтижесінде жаңа байланыс түзіледі:

                       А* + В*→А–В

Мысалы:       Н* + *СН3 → СН4

                       *СН3  + *СН3  →С2 Н6

3. Гомолиздік орын басу – жұптаспаған электроны бар бөлшек молекуламен әрекеттесіп, жаңа молекула мен радикал береді:    

                      А* +  В – С → А– В  +С*

Мысалы:      *СF3  + RH → СF3 Н +R*

`4. Гомолиздік қосылу –  қос байланысы бар молекулаға бос радикал немесе жаңа радикал түзуі:     А* +  В = С → А– В–  С*

Мысалы:  R*+ СН2 = СН –C6 Н5 → RCH2 C*H C6 Н5

5. Екі қаныққан молекуланың реакциясы нәтижесінде екі байланыс гомолиздік үзіліп, жаңа байланыстың түзілуі:

                         А-В+ С – Д →А* + В – С – Д*

Мысалы:          R– H + F2 → R* + HF + F*

 

Байланыстардың үзілуі мен түзілуі электрон жұбының сақталуымен өтетін реакциялар гетеролиздік реакциялар деп аталады. Олардың негізгі типтері:

1.      Гетеролиздік диссоциация:  – молекулалардың гетеролизді ыдырауы

                           X – Y → X¯ +  Y +  немесе А– H →  А¯  – H+  

Мысалы: карбанионның түзілуі R – Me → R¯ + Me+

                 карбокатионның түзілуі (СН3)3 СBr → (СН3)3C+  +Br¯

                  

                                 С6Н5СН2СI → С6Н5СН2 + СI¯

Егер түзілген органикалық ион тұрақсыз болса, ол ион мен молекулаға ыдырайды. Протонның бөлінуі ионның еріткішпен реакциясы сияқты жүреді. Мысалы, карбокатион олефин мен сутегі катионның түзе ыдырайды:

                         СН3 СН2+→ С2Н4  + Н+

2.      Гетеролиздік  ассоциация (координация) – гетеролиздік диссоциацияға қарама қарсы реакция, мүнда екі бөлшек бір бөлщектің электрон жұбы арқылы химиялық байланыс түзе қосылады:

                             (СН3)3 С¯+ ОН¯ → (СН3)3 СОН

3.      Гетеролиздік қосылу:

                                 BF3 + NH3 → F3B2 NH3

 

Тізбекті реакциялар химиялық  реакциялардың көпшілігінде аралық бөлшектер бос радикалдар болып табылады. Бос радикалдар түрлену барысында химиялық реакция типіне байланысты бос валенттік сақталады немесе жойылады. Бос бөлшектің жойылуына үрдістердің негізгі үш типі алып келеді.

            Бос радикалдардың қатысуымен  бірнеше радикалдардың үнемі қайталануы арқылы өтетін бастапқы заттардың реакция өнімдеріне айналу процестері – тізбекті процесс деп аталады.

            Тізбекті реакцияға қатысатын бос радикалдарды жиі тізбекті реакцияның активті орталықтары деп аталады.

            Тізбекті механизм бойынша көптеген химиялық реакциялар оттегімен тотығу, хлорлау, бромдау, термиялық ыдырау, полимерлену және т.б. реакциялар өтеді.

            Кез келген тізбекті теакция үш негізгі сатыдан тұрады:1. Тізбектің пайда болуы;

2. Тізбектің жалғасуы (өсуі);     3. Тізбектің үзілуі.

            Бастапқы заттардың валенттігі қаныққан молекулаларынан бос радикалдар түзілетін тізбекті реакция сатысы тізбектің пайда болуы  деп аталады.

            Тізбектің пайда болуы  әр түрлі жолмен өтеді. Бос радикалдар бастапқы заттардың молекулаларынан мономолекулалық ыдырау немесе бөлшектердің биомолекулалық әрекеттесуі нәтижесінде түзілуі мүмкін. Мысалы, этанның крекингі этан молекуласының мономолекулалық ыдырауынан басталады;

                      С2 Н6  → 2* СН3

Сірке альдегидінің тотығуының тізбекті реакциясы альдегидтің оттегімен биомолекулалық әрекеттесуінен бос радикалдың түзілуінен басталады:

                     СН3СНО + О2 →СН2С* О+ НО2

Кейбір жағдайларда тізбектің пайда болу процесі – гетерогенді және реакциялық ыдыс қабырғасында өтеді. Мысалы, газды фазадағы хлорлау реакцияларында тізбектің пайда болуы келесі реакция арқылы жүзеге асады:

                  СI2 + ыдыс қабырғасы → СI2 + СIадс.

Бос радикалдардың түзілуі жүйеге сырттан әсер беру арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Мұндай жағдайда тізбектің пайда болу процесін инициирлеу деп атайды.

            Инициирлеу жарық әсерінен жүзеге асса, бұл фотохимиялық инициирлеу. Инициирлеу иондаушы сәуле беру арқылы да жүзеге асады. Жүйеге бос радикалдарды оңай түзетін арнайы заттар – инициатор қосу арқылы да бос радикалдар алынады. Инсциатор ретінде жиі пероксидтер мен азоқосылыстар қолданылады, мысалы:

                 С6Н5 – СОО– ОСО – С6Н5 → 2 С6Н5– СОО*

Тізбектердің жалғасу реакциясы дегеніміз–  бос валенттік сақтала жүретін бастапқы заттардың жұмсалып, реакция өнімдері түзілетін тізбекті реакция сатысы.

            Тізбектердің жалғасу реакцияларында бастапқы заттар реакция өнімдеріне айналады. Әдетте, тізбекті реакцияларға екі немесе одан да көп тізбектің жалғасу сатылары кіреді. Төменде химиялық процестердің маңызды кластары үшін тізбектің жалғасу реакцияларының мысалдары келтірілген:

1) көмірсутектердің жоғары температуралық тотығуын мысал ретінде метанның тотығуы:

                       СН*3+ О2 → СН3ОО*

                             СН3ОО*→ *СН2 ООН

                            *СН2 ООН →СН2 О+ *ОН

                                          *ОН+ СН4 →  *СН3+ Н2О

2)  көмірсутектер мен альдегидтердің төмен температурада тотығуы:

R* +О2 → RО2*

RО2* +  RН → RООН+  R*

3)  көмірсутектердің тізбекті галогенденуі:

RH +  X*→ R* + HX

 R*+ X2 *→ RX + X*

4) галогендердің олефиндерге қосылу мысалы ретінде этиленге хдлрдың қосылуы:

                          CI* + C2Н4 →* C2Н4 CI

                                      * C2Н4 CI + CI2  → C2Н4 CI+ CI*

5)  карбонилді қосылыстардың термиялық ыдырау мысалы ретінде сірке альдегидінің CН3 CНО ыдырауы:

                   CН3* + CН3СНО → CН4 + CН3С* О

                         CН3С* О→ CН3* + C О

6) көмірсутектердің термиялық ыдырау реакциясына мысал ретінде метанның С2Н6 ыдырауы:

                           Н* + C2 Н6  →*С2Н5 + Н2

                          *С2Н5 → С2Н4+ Н*

Сонымен, төмендегі мысалдардан көріп тұрғанымыздай, тізбектің жалғасу реакцияларының 4 типі бар:

1. Бос радикал немесе атомның бастапқы заттардың бірі молекуласымен реакциясы нәтижесінде жаңа бос радикалдың түзілуі. Мысалы, көмірсутектердің тотыққанда жүретін реакция:                    R*  + О2 → RО2*

                     CI* + C2Н4→ * C2Н4 CI

2. Бос радикал немесе атомның бастапқы заттардың бірінің молекуласымен реакцияласып, жаңа атом немесе бос радикалмен бірге соңғы өнім молекуласының түзілуі. Мысалы:          *ОН + CН4→ * CН3  + Н2О

                RH +  X*→ R*  + HX

3.Бір бос радикалдың басқа бос радикалға мономолекулалық айналуы (изомерлену)

                                          CН3СОО* → * CН2 ООН

4. Бос радикалдың мономолекулалық ыдырап, реакция өнімі момлекуласы мен жаңа бос радикал немесе атом түзілуі:  CН3С* О → * CН3 + СО

                                                   *C2 Н5  → С2Н4 + Н*

 

Тізбектің үзілуі – бос валенттіктің жойылуына алып келетін тізбекті процесс сатысы.

            Тізбектердің үзілуі бос радикал реакциялық ыдыс қабырғасымен ұсталу нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін. Бұл жағдайда тізбектердің үзілуі бос радикал концентрациясы бойынша 1 ретті реакция болып табылады.

            Жылдамдығы бос радикалдар концентрациясына пропорционал тізбектердің үзілу реакциялары тізбектердің сызықты үзілу реакциялары деп аталады. Кейбір жағдайларда тізбектің үзілуіне бос радикалдар немесе атомдардың валенттігі қаныққан молекулаларымен әрекеттесуі алып келеді. Мысалы, дифениламин қатысында көмірсутектер тотыққанда RO2* радикалы дифениламин молекуласынан сутегі атомын үзіп алады.

            Активті аралық бөлщектердің немесе тұрақты өнімдердің өзгерісі нәтижесінде активті орталықтардың саны өсетін тізбекті реакция сатысы тізбектердің тармақталуы деп аталады. Тізбектердің тармақталу сатысы жоқ реакциялар тармақталған тізбекті реакциялар деп аталады. Мысалы, сутегінің жану сатыларының бірі:

                     Н*+  О2 →* ОН + О

Бұл реакция нәтижесінде сутегі атомындағы бір бос валенттіктің орнына* ОН тобы мен атомында үш валенттік түзіледі. Оттегі атомы екі активті орталық түзеді:

                   О: + Н2 →* ОН + Н*

            Тізбектердің тармақталуы активті орталықтардың қатысуымен жүзеге асатын тізбекті реакциялар тармақталған тізбекті реакциялар деп аталады.

            Көп рет қайталанып, тізбекті процесті құрайтын тізбектің жалғасу сатыларының жиынтығы тізбек буыны деп аталады. Тізбектің жалғасу реакциясы нәтижесінде тізілген әрбір бос радикалға сәйкес келетін буындар саны тізбек ұзындығы деп аталады. Тізбек ұзындығы тізбектің үзілу және жалғасу сатыларының жылдамдықтарының қатынасымен анықталады.

            Жоғарыдағы қатынастан тізбекті реакцияларға тән келесі кинетикалық ерекшіліктер щығады:

1. Бос радикалдар түзуге, яғни тізбектердің пайда болу жылдамдығын айтарлықтай жоғарылатуға қабілетті заттарды аз мөлшерде тармақталған тізбекті реакцияның жылдамдығы айтарлықтай өсуі мүмкін.

2. Жүйеге физикалық агенттер – жарық, иондаушы сәулемен әсер еткенде де тармақталмаған тізбекті реакция жылдамдығы айтарлықтай өсуі мүмкін. Фотохимиялық инициирлеуде тармақталмаған тізбекті реакцияның кванттық шығымы 1-ден жоғары. Жоғары кванттық шығым реакцияның тізбекті механизміне тән белгі болып табылады.

3. Төмен қысымдағы газды фазадағы              тізбекті реакциялар жылдамдығы реакциялық ыдыс өлшемдеріне, ыдыс қабырғасының материалына және күйіне тәуелді. Бұл газды фазадағы реакцияларда бос реакциялар реакциялық ыдыс қабырғасына жеңіл диффузияланып ыдыс қабырғасымен ұсталу нәтижесінде жойылуымен байланысты. Келтірілген параметрлерді өзгеоту ыдыс қабырғасында тізбектің үзілу жылдамдығын , тізбек ұзындығын өзгертеді. Бұл тізбекті реакцияның жылдамдығының өзгерісіне алып келеді.

4. Реакциялық қоспаға ингибиторлар қосқанда тізбекті реакция жылдамдығы күрт азаюы мүмкін. Ингибиторлар тізбектің үзілу ықтималдығын жоғарылатып, сосын тізбек ұзындығын азайтады. Бұл- тізбекті реакцияларға тән белгі.

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

1. Гомолиздік реакцияға түсінік, негізгі типтері

2. Гетеролиздік реакцияға түсінік, типтері

3. Тізбекті реакциялардың пайда болуы, тізбектердің жалғасуы, үзілуі тармақталуы

4. Тізбектің ұзындығы

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  

1. Семенов Н.Н. Цепные реакции. – М.: Наука, 1986. – 535 с.

2. Эмануэль Н.М., Кнорре Д.Г. Курс химической кинетики.- М.: Высшая школа, 1984. – 463с.

3. Маншак Т.Т., Мансұров З.А. Тізбекті реакциялар кинетикасы.- Алматы: Қаазақ университеті, 2002. -150 б.

4. Денисов Е.Т. Кинетика гомогенных зимических реакций. –М.: Высшая школа, 1988. – 391 с.

  

№5  Дәріс тақырыбы:    Жоғары энергиялар химиясы

Дәріс жоспары: 1. Фотохимия . Фотохимия ғылымының дамуы, реакциялары, процестер және фотохимия реакцияларының кинетикасы

2. Радиациялық химия

3.Иондаушы сәуле, сәуле түрлері, көздері және сандық сапасы.

4. Радиациялық химиялық шығым және  I радиациялық химиялық үрдістер

            Фотохимия жарықтың әсерінен жүретін реакциялардың заңдылықтарын зерттейді. Заттан өткенде жарық жұтылады және шашырайды. Жарықтың жұтылуы Ламберт-Бугер-Бер заңымен сипатталады. Бұл заң бойынша жарықтың жұтылуы оның толқын ұзындығына , жарықты жұтатын заттың табиғатына, затта жарықтың жүріп өтетін жол ұзындығына немесе жарықты жұтатын қабат қалыңдығына  және заттың концентрациясына С тәуелді. Гомогенді орта арқылы өткен монохромат жарықтың қарқындылығы келесі теңдеумен анықталады:

 немесе

            мұндағы,  - затқа түскен жарықтың қарқындылығы (интенсивтілігі),  -  толқын ұзындығындағы жұтылудың (экстинкция) молярлық коэффициенті.  шамасы оптикалық тығыздықты береді.

            Жарық квантын жұтқанда зат молекуласы электронды қозған күйге көшеді. Екі атомды молекуланың электрондық күйі келесі шамалармен сипатталады:

            1) ядро арқылы өтетін оське толық орбитальды моменттілігі L проекциясы ; күйлер белгіленеді: .

            2) спиндік мультиплеттік М=2S+1, мұндағы S – молекуланың қосынды спині. Егер барлық электрондар жұптасқан болса, онда S=0, ал мультиплеттік М=1, бұл – синглетті күй. Қозған электрон жоғары энергетикалық деңгейде ауысқанда, оның спині төмен деңгейде қалған электрон спиніне параллель болады да, S=1, ал мультиплеттік М=3, бұл – триплетті күй;

            3) толқындық функцияның жұп () немесе тақ () күйі; егер электронның барлық координатасының таңбасы өзгергенде толқындық функция да таңбасын өзгертсе, онда күй тақ болып саналады және керісінше;

            4) сигма күйлердің Σ айырмашылығы ядро арқылы өткен жазықтыққа шағылғанда электрондардың толқындық функциясы Σ+ үшін таңбасын өзгертпейді, ал Σ- үшін таңбасын кері шамаға өзгертеді. Мысалы, Н2 негізгі күйі- 1Σ, О2 негізгі күйі .

            Франк-Кондон қағидасы (принципі). Электронды-тербелмелі күй қозғанда ядролық конфигурацияларды бірдей екі электрондық күйлердің тербелмелі деңгейлері арасындағы ауысу басым болады. Тербеліс энергиясы потенциалдық энергия ретінде шоғырланған, ал кинетикалық энергиясы нөлге жуық бұрылыс нүктелеріндегі ауысулардың ықтималдығы жоғары.

Фотофизикалық процестер. Жарық квантын жұтып, молекула негізгі синглетті күйден қозған электронды-тербелмелі синглетті күйге ауысады:

            Қозған молекула біраз уақыттан кейін қалыпты күйге бірнеше жолмен қайта ауысады:

            1) жұтылған фотонды шығару арқылы (сәуле шығарып ауысу);

            2) артық энергияны соқтығысу нәтижесінде жылуға айналдыру (сәуле шығармай ауысу);

            3) артық энергияны басқа молекулаға беру, ол оның салдарынан диссоциацияланады (өшіру);

            4) электронды қозған молекула реакцияға түсуі мүмкін, сонда оның артық энергиясы реакция өнімдеріне беріледі.

            Синглетті де, триплетті де күйлерде сәуле шығармай каскадты ауысулар жүзеге ауысуы мүмкін: молекула біртіндеп бір тербелмелі күйден энергиясы төмен электронды деңгейге ауысады. Осы кезде бөлінетін энергия сәуле шығармай ортаның басқа молекулаларына беріледі, яғни тербелмелі релаксация жүзеге асады:

            Мультиплетті бірдей күйлер арасындағы сәуле шығармай өтетін ауысулар ішкі конверсия деп аталады:

            ары қарай .

            Синглетті күйлер арасындағы сәуле шығармай өтетін ауысулар флуоресценция деп аталады:

            Мұндағы,  - сәуле шығарудың жылдамдық константасы, оның мәні әдетте  с-1. Егер сәуле шығару электронды қозған молекуланың активсіздендірудің бірден-бір жолы болса (1-ретті реакция), онда  мәніне кері шама қозған күйдің табиғи өмір сүру уақыты  деп аталады.

            Флуоресценцияның сызбанұсқасы:

                                      жұту (І)

                                       сәуле шығару ()

                               өшіру

                                  ішкі конверсия

            Штерн-Фольмер теңдеуі:

             түрінде де жазуға болады.

            Флуореспенцияланатын молекуланың өмір сүру уақыты

            Таңдап алу ережелері бойынша интеркомбинациялық ауысуларға (мультиплеттігі әртүрлі күйлер арасындағы)  тыйым салынған. Бірақ, реалды жағдайда күйлер таза синглетті немесе таза триплетті болмағандықтан, мультиплеттігі бірдей күйлер арасындағы ауысуларға қарағанда ықтималдығы аз болса да (103-106 есе), мұндай ауысулар болып тұрады. Бұл ауысулар электронды қозған бөлшектерді активсіздендіруде үлкен роль атқарады. Интеркомбинациялық (немесе жүйе аралық) ауысу әдетте электронды синглетті деңгейден триплетті күйдің энергиясы сондай тербелмелі деңгейіне жүзеге асады:

            Бұл адиабаталық процесс. Мұндай сәуле шығармайтын ауысу интеркомбинациялық конверсия деп аталады. Әдетте триплетті күйлер – метатұрақты. Мұндай күйде өмір сүру уақыты синглетті күйге қарағанда ұзағырақ. Кері сәуле шығармай ауысу жүзеге асуы мүмкін:

            Сәуле шығара өтетін ауысулар маңыздырақ:

            Оларды фосфоресценция деп атайды, мұндағы 10-1-103 с-1. Мұндай ауысудың өту уақыты ұзақ – 10-3 с-тан 10 с-қа дейін. Органикалық молекулаларда әдетте триплетті күйдің төменгі тербелмелі деңгейіне ауысу өтеді.

            Энергияның синглет-синглетті тасымалдануы да жүзеге асуы мүмкін:

            Энергияның триплет-триплетті тасымалдануы:

            Сондай-ақ, триплет-триплетті жұтылу

нәтижесінде екі сатылы (екі квантты) фотохимиялық реакция өтеді. Төменде қарастырылған фотофизикалық жалпы сызбанұсқасы берілген:

 


 

 

            Электронның бір деңгейден екіншісіне ауысуын бір молекулалық орбитальдан басқа орбитальға ауысуы ретінде қарастыруға болады. Органикалық молекулалар үшін бір электронды орбитальдардың үш типі тән: δ, π және n. π  және  δ-орбитальдар байланыстыратын және босаң болады (соңғыларын жұлдызшамен белгілейді). n-орбитальды байланыстырмайтын деп атайды. δ-орбиталь бір жай байланысқа сай келеді. δ-электрондар  - күшті байланыстыратын электрондар және айтарлықтай дәрежеде локальданған. π-орбиталь атомдық топтағы еселік байланыстың біреуін көрсетеді.

Әрбір δ және π-орбитальға босаң (негізгі күйінде бос) δ. және  π,-орбитальдар сәйкес келеді. n-орбитальда гетероатомның химиялық байланыс түзуге қатыспайтын электрон жұбы орналасады. Бұл жұп n-орбитальда орналасуы мүмкін (мысалы, карбонильді қосылыстарда) немесе π –электрондармен қосарлануға қатысуы мүмкін (мысалы, анилинде, фуранда). Әдетте байланыстыратын δ-орбитальдардың π- және  n-орбитальдарға қарағанда энергиясы төмен. Молекуладағы электрондық ауысуларды,  түрінде белгілейді. Осындай ауысулар нәтижесінде түзілетін қозған күй сәйкес ауысу типінің күйі деп аталады, мысалы, -типті синглетті күй.

Ауысулардың типін жұтылу және сәуле шығару электрондық спектрлері бойынша анықтауға болады. Фотохимияда электрондық қозған күйлер маңызды роль атқарады, себебі мұндай күйде молекуланың энергиясы үлкен, электрондарының таралуы басқаша және реакцияға түсу қабілеті жоғары болып келеді.

Егер синглетті және триплетті күйлердің энергия айырымы аз болса, онда қозған синглетті және триплетті күйлер химиялық реакцияға бірдей түседі, бірақ физикалық қасиеттері әртүрлі болуы мүмкін (пара- немесе диамагнетизм).

Екі күйде де зарядтардың белгілі бір бөлінуі болады. Спиндері параллель екі электрон молекулада үлкен ара қашықтықта орналасса, мұндай молекула өзін бирадикал ретінде көрсетеді. Егер жұптаспаған электрондар бір-біріне жақын болса, онда молекуланың синглетті және триплетті күйлерінің айырмашылығы аз болады.

Фотохимиялық реакциялардың кинетикасы. Гротгус-Дрепер заңы: фотохимиялық түрлену зат жұтатын жарық әсерінен ғана жүзеге асады немесе реакцияда жұтылатын сәулелер ғана фотохимиялық активті (бірақ, кері тұжырым дұрыс емес, себебі жұтылу әрқашан реакцияға алып келмейді).

Бунзен-Роско заңы: фотохимиялық реакция өнімдерінің саны түскен жарық қарқындылығына және оның затқа әсер ету уақытына пропорционал (жуықталған сипатта, себебі жұтылған энергияның бәрі химиялық процеске жұмсалмайды).

Эйнштейннің фотохимиялық эквивалент заңы сандық сипатта: жұтылған әрбір жарық кванты бір молекуланың өзгерісіне алып келеді.

Осыдан кванттық шығым Ф ұғымы шығады, бұл - әрекеттескен молекулалар санының жұтылған кванттар санына қатынасы.

Жалпы фотохимиялық процесс біріншілік және екіншілік процестерден құралады. Біріншілік процестерде, квант жұтылады да, молекула бос радикалдар мен атомдар түзе ыдырайды. Екіншілік процестерде атомдар мен бос радикалдардың реакциялары, олардың рекомбинациясы, молекулалардың активсізденуі жүзеге асады.

Біріншілік процестер (нағыз фотохимиялық) әрқашан Эйнштейн заңына бағынады, яғни Ф=1. Мысалы, газды фазадағы  реакциясы үшін Ф=1.

Бұл мәннен ауытқу сәулеленусіз өтетін екіншілік процестерде кездеседі. Жиі ерітіндідегі және төмен қысымда газды фазадағы реакциялар үшін Ф<1. Егер, газды фазада қозған молекулалар реакцияға дейін активсізденетін болса Ф<1, мысалы . Ерітінділерде – еріткіш молекуласымен активсізденуден және рекомбинация ықтималдығынын жоғары болуынан (клетка эффектісі) Ф<1, мысалы судағы ерітіндіде

Ф мәні жиі температураға тәуелді: мысалы NH3 фотолизінің температурасын 200С-тан 5000С-қа көтергенде Ф мәні 0,2-ден 0,5-ке өседі:

біріншілік реакция -                 

екіншілік реакциялар -                      

рекомбинация                                   

Бөлме температурасында рекомбинация ықтималдығы екіншілік процестерге қарағанда 3 есе жоғары. Сондықтан фотолиздің активті өнімдерінің ¾ бастапқы күйіне қайтып келеді, осыдан Ф<1. Температура жоғарылағанда рекомбинация ықтималдығы азаяды да, Ф өседі.

Жиі Ф=2, мысалы,       реакциясы үшін:

біріншілік                                

екіншілік                                 

Ф мәні 3-ке де тең болады, мысалы,  реакциясында.

Газды фазадағы С2Н2 фотохимиялық поляризациясында Ф мәні 9,2-ге жетеді. Егер Ф>>1 болса, бұл – тізбекті реакцияларға тән эксперименттік белгі. Кейде Ф мәні бастапқы заттардың концентрациясына тәуелді (мысалы, антраценнің фотодимерленуі). Кванттық шығымның мәнін актинометрмен өлшейді.

Біріншілік процестерге сенсибилизациялық реакциялар жақын, бұл реакциялар жарықты жұтатын бөлшектермен емес, берілген  толқын ұзындықтағы сәулеге сезімтал емес басқа бөлшектермен жүзеге асады. Бұл бөлшектер энергияны тікелей жарықты жұтатын молекулалардан алады. Мысалы, көмірсутектердің газды фазадағы фотолизінде көмірсутектер  нм толқын ұзындығындағы ультракүлгін сәулені жұтпайды, бірақ сәулені Нg атомдары жұтады, солардың қатысында процесс өтеді, демек сынап атомдары фотосенсибилизатор қызметін атқарады:

Фотосенсибилизаторлар кейбір реакцияларға өздері де түсуі мүмкін, бұл реакциялар радикалды реакцияны иницирлейді де, сенсибилизатордың бастапқы молекуласын береді. Фотосенсибилизациялық тотығуда сенсибилизатордың ролі жиі оттегіне энергияның тасымалдануына және химиялық активті синглетті оттегінің 1О2 ( және 1Σg  күйлері) түзілуіне қажет:

Фотоинициатор жұтылған жарық квантының әсерінен радикалдарға ыдырайды, яғни оның әрбір молекуласы иницирлеуге бір-ақ рет қатысады:

            Фотохимиялық реакциялардың толық және локальды жылдамдықтары. Ламберт-Бугер-Бер заңы бойынша жұтылған кванттар санына тең:

                                                             

мұндағы, І1 – кювета қабырғасынан І қашықтықтағы қарқындылық.

            Егер жұтылу айтарлықтай болса, онда реакциялық ыдыстың алдыңғы және артқы қабырғаларында І мәні әртүрлі болады.

            Радикалдар мен қозған молекулалардың пайда болу жылдамдықтары олардың концентрациясы мен реакция жылдамдықтары ыдыстың бүкіл көлемі бойынша бірдей емес, сондықтан локальды (тоериялық түсініктер қолданылатын) және толық жылдамдықтар тек келесі шарттарда ғана бірдей болады:

1) жарықтың жұтылуы реакциялық ыдыстың бүкіл көлемі бойынша бірдей болса;

2) активті бөлшектердің өмір сүру уақыты ұзақ болып, диффузия нәтижесінде бүкіл көлем бойынша концентрациялары бірдей болса;

3) соңғы өнімдердің түзілу жылдамдықтары жарықтың жұтылуының қарқындылығына пропорционал болса.

            Егер реакциялық ыдыста жарықтың жұтылуы төмен болса (D<<1), онда фотохимиялық реакцияның жылдамдығы ыдыстың бүкіл көлемі бойынша бірдей:

            Жұтылу елеулі болса, оның қарқындылығы өткен жолға тәуелді өзгереді, сәйкесінше фотохимиялық реакция жылдамдығы да өзгереді. Онда реакцияның орташа жылдамдығы табылады:

            Егер жұтылу өте күшті болса, онда

болады да, реакция жарық жұтылатын қабатта ғана өтеді. Сондықтан жылдамдықтар заңын әрқашан жұтылған жарық энергиясының бірнеше мәнінде тексеру қажет.

            Егер:

1) соңғы өнімдер қозған бөлшектерден тікелей түзілсе,

2) лимиттеуші саты фотохимиялық процесс болса,

3) қараңғыда өтетін реакцияның Еакт өте аз болса фотохимиялық реакция жылдамдығы f(Т) функциясына тең болмайды.

            Мысалы, СН3СНО-ны 200С-тан 2200С-қа қыздыру орташа жылулық энергияны бар болғаны 12,5 кДж/моль-ға көбейтеді, ал оның молекулаларын электрондық қоздыру энергиясын 418,4 кДж/моль-ға көбейтеді. Сондықтан фотолиздің температураға тәуелділігі аз.

            Фотохимиялық реакциялар. Фотодиссоциация  - жарық әсерінен бос радикалдарға (атомдарға, молекулаларға және т.б.) ыдырау:

            Фотодимерлену – синглетті немесе триплетті қозған молекуланың өзіне ұқсас немесе қозбаған молекуламен реакциясы нәтижесінде өтеді.

            Фотоконденсация - әртүрлі қосылыстардың олефиндермен реакциясы, радикалды тізбекті механизм бойынша өтеді:

            Фотототығу-оттегінің фотоқозған молекулаға қосылуы:

           

 

            Фотототықсыздану:

            Реакция кетонның қозған триплеттік күйі арқылы өтеді, ол спирт молекуласынан сутегі атомын үзіп алып, түзілген бензофенолдың оксирадикалдары рекомбинацияланады.

            Фототаутомерлену – жарық әсерінен молекулалардың ион-радикалдарға немесе ион-радикал мен электронға ыдырауы:

            Фотогидролиз – жарық әсерінен сумен әрекеттесу:

            Радиациялық химия.  Радиациялық химия иондаушы сәуле берудің әсерінен өтетін химиялық өзгерістерді зерттейді. Радиациялық сәуленің барлық түрлерінің әсері зарядталған бөлшектердің заттардың электрондарымен әрекеттесуіне алып келеді, сондықтан әртүрлі сәулелердің әсерінің химиялық пәрменділігі бірдей. Радиациялық химиялық реакциялардың фотохимиялық реакциялардан өзгешелігі иондаушы сәулені жұтудың таңдаусыз сипатымен байланысты. Жарық, егер  жиілігі молекуланың жұту жиілігіне сәйкес келгенде ғана жұтылса, радиация энергиясын барлық молекулалар жұтады да, иондану актісін туғызып, молекулалар қозған күйге көшеді.Фотохимиялық инициирлеудің барлық артықшылықтарын сақтай отырып (температураға әлсіз тәуелділік, реакциялық ортада ластанулардың болмауы) радиациялық инициирлеу реакциялық ортаға қандай да бір ерекше талаптарды қажет етпейді. Бұл орта көп компонентті, мөлдір емес, әртүрлі агрегаттық күйде және реактордың конструкциясы да әр түрлі бола береді.

Иондаушы сәулелердің түрлері:

1.Корпускулалық сәуле (электрондар, нейтрондар, протондар, α-бөлшектер, оң және теріс иондар), оның энергиясы 103-104 эВ.

2.Электромагниттік сәуле (рентген және - сәулелер), оның энергиясы 50 эВ- тан жоғары.

Осындай сәулелерді беру арқылы өтетін химиялық реакциялар радиолиз деп аталады.

Иондаушы сәуле көздері. Энергия көзі ретінде ядролық реактор жұмысының қалдықтары – радиоактивті атомдардың сәулесі қолданылады.

Нейтрондық сәулелендіру арқылы алынатын жасанды радиоактивті изотоптар:

Со60, τ 1/2 =5,3 жыл,  - сәуле энергиясы 1,12 және 1,32 МэВ.

Сs137,  τ 1/2 = 33 жыл, - сәуле энергиясы 0,661 МэВ.

Sr90, τ 1/2 = 28 жыл, - сәуле энергиясы 0,205 МэВ.

            Электрон көзі ретінде әр типті үдеткіштер (Е= 0,8-15 МэВ) қолданылады: тікелей үдету түтігі, 1 МэВ; Ван-де-Граафтың электростатикалық генераторы, 2 МэВ; сызықты үтедкіш, 15 МэВ; бэтатрон,

7 МэВ.  Ауыр зарядталған бөлшектердің үдеткіштері: синхроциклотрон (Н+, 660 МэВ), циклотрон (Д+, 20 МэВ), циклотрон (Не2+, 42 МэВ). Нейтрондарды  Ra және Ро-берилий көдерінен немесе арнайы үдеткіштермен де алады. - сәулелерді алу үшін қуатты рентген түтіктері немесе үдеткіштен шыққан жылдам электрондардың тежелуі қолданылады.

            Сәулеленің  сандық сипаттамалары. Сәуле түсетін объектідегі өзгерістер негізінен жұтылған энергияға байланысты. Сәулеленген зат массасының бірлігі жұтқан кез келген иондаушы сәуле энергиясы жұтылған доза немесе сәуле дозасы деп аталады. Си жүйесінде өлшем бірлігі 1 грей = 1Дж/кг, бұл жүйеден тыс 1 рад=0,01 грей.

Егер әсер ету нәтижесін энергия емес, сәуле беретін иондану арқылы бағаласақ, онда сәуленің экспозициялық дозасы қолданылады. Оның өлшем бірлігі 1 Кл/кг – бұл рентген және - сәулелер 1кг құрғақ атмосфералық ауада 1 Кл әр таңбалы электр заряды бар иондар түзетінін көрсетеді. СИ жүйесінен тыс 1Р = 2,58×10-4 Кл/кг (бұл 1 см3 ауада қалыпты жағдайда 2,08 ×109 бір разрядты иондар жұбы түзілетінін білдіреді) 0,87 радқа сәйкес келеді.

            Сәуле дозасының қуаты доза/уақытқа тең, өлшем бірлігі 1грей/с (Си жүйесінен тыс рад/с немесе Р/с).

            Сәуле қарқындылығы (интенсивтілігі) 1см3 беттен 1с-та өтететін сәуле энергиясына тең. Радиациялық ыдырау жылдамдығы жартылай ыдырау периодымен сипатталады.

            Препарат активтілігі (радиациялық активті заттардың мөлшері ) – 1с

уақытта ыдырайтын радиоактивті изотоп атомдарының саны. Өлшем бірлігі 1 беккерель =1 ыдырау/с. СИ жүйесінен тыс 1 кюри =3,7 1010 ыдырау/с (1г радийдің тепе-теңдіктегі ыдырауы үшін анықталған).1Ки=3.7 1010 Бк.

Егер өмір сүру уақыты t= Т1/2 /In2  болса, онда активтілігі 1Ки радиоактивті зат массасы:

Q=3.7 ×1010 t / Na = 3.7 ×1010 Т1/2 ×6.02 ×1023 / A × 0.693 =  8.86×10-12 АТ12      мұндағы А – берілген изотоптың атомдық массасы.

Радиациялық-химиялық шығым. Сәуленің әсерімен жүретін химиялық процестерді сандық бағалау үшін радиациялық-химиялық шығым G қолданылады, бұл-жүйе 100 эВ иондаушы сәуле энергиясын жұтқанда түзілетін немесе жұмсалатын малекулалар (иондар, радикалдар, атомдар) саны.

            Егер  G=0.1¸10 болса, бұл баяу эндотермиялық реакциялар (көмірсутектердің төмен температурадағы радиолизі, судың радиолизі,       N2+Н2  реакциясы және т.б.)

            Егер 10 < G 20 болса, бұл жылдам өтететін экзотермиялық реакциялар (сұйық оттегінде О3 түзілуі,СО2, NO2  радиолизі және т.б).

Егер G>20 болса, бұл-тізбекті реакциялар (алкандар мен ароматты көмірсутектерді олефиндермен алкилдеу, 4000С-тағы  алкандардың крекингі, алкандарды хлорлау, полимерлену).

Нағыз радиациялық-химиялық шығымды

g = (dn/dE)*100 (t ®0 болғанда)

орташа радиациялық-химиялық шығымнан

G= (n/E) * 100

ажырата білу керек, мұндағы n - t уақытта түзілген реакция өнімдерінің молекулаларының саны, ал Е-жұтылған сәуле энергиясы, эВ.

Бұдан                               G =  g d t

dn= uVdt, мұндағы  u-химялық реакция жылдамдығы, V-реакциялық көлем, ал dE=dsAndt, мұндағы d- геометриялық фактор, -ортаның қасиеттерінің сипаттамасы, A= const-сәуле көзінің активтілігі, N-жұтатын ортадағы малекулалар саны болғандықтан

 

g =[V/sAN]*100

 

sAN=dE/dt= P-доза қуаты, онда

 

           g = [V/P]*100.

Осылайша нағыз радиациялық шығым g химиялық реакция жылдамдығына тәуелді.

Бұдан  G = 100/ dsAt dt

Егер V=const және =const (аз дәрежедегі түрленулермен нөлінші ретті реакциялар үшін дұрыс) болса, онда

 

G=[V/AtN]*100.

 

            Қорытындылағанда сәулелену аумағында активті бөлшектер біртекті таралған деп жуықталады.

            Біріншілік иондану нәтижесінде бөлшектерден шығарылған электрондар жеткілікті энергиясы болғандықтан басқа бөлшектермен соқтығысқанда қайтадан иондану мен қоздыруды туғызуы мүмкін. Егер энергия әлі әлі жоғары болса, онда екіншілік электрондар біріншілік электрондардан тармақталатын өздерінің тректерінің түзілуіне алып келеді. (екіншілік сәулелер -сәулелер деп аталады). Егер екіншілік электрондар энергиясы 100 эВ-тан аз болса, онда олардың сұйық және қатты фазалардағы жүру жолы үлкен болмайды. Бөлшек қоршаған ортада қозғалғанда локальды жұтылатын энергияның жоғалу жылдамдығы – ортаның тежегіштік қабілетінің сипаттамасы энергияның сызықты жоғалу (ЭСЖ) бірлігімен кэВ/мкм өрнектеледі.

            Энергия төмендеген сайын ЭСЖ өседі, сондықтан орташа ЭСЖ қолданылады, ол бөлшектің бастапқы энергиясының заттағы орташа жүру жолына бөлінген шамасына тең.

            Радиациялық-химиялық реакциялар үшін екіншілік процестер тек химиялық процестер емес, себебі түзілген бөлшектер ары қарай да сәуле әсеріне ұшырайды. Демек, энергияның бір бөлігі қажет мақсатқа жұмсалмайды, сондықтан фотохимиялық реакциялар үшін радиациялық-химиялық шығым (монохромат жарыққа есептегенде)тікелей енетін радиация әсерінен өтетін процестердің радиациялық-химиялық шағымына қарағанда жоғары, мысалы оттегіне =190 нм УК-сәуле беріп, О3 алу G=30 мол-л/100эВ шығыммен өтеді, ал газда ¡-сәуле түсіру арқылы 10 есе төмен шығыммен, сұйық фазада -2 есе төмен шығыммен өтеді.

Біріншілік радиациялық-химиялық процестер. Иондаушы бөлшек (электрон, ¡-квант және т.б.) малекуламен соқтығысқанда молекула ионданады немесе электрондық күйі қозады. Молекуладан шығарылған электрон өз кезегінде иондану немесе қозуды туғызады. Электронның оң зарядталған ионмен қосылуы электронды-қозған молекула түзіп, ол бос радикалдарға ыдырайды. Иондардың, электрондардың, қозған молекулалар мен радикалдардың бір-бірімен және бастапқы зат молекулаларымен реакциялары біріншілік радиациялық-химиялық реакциялар тобын құрайды.

            Біріншілік реакциялардың жалпы сызбанұсқасы:

                                                    А ® А+ + е -

                                                    А+ + е - ® А*

                                                     А + е -   ® А -

А+ +А -  ® А * + А

А+  + В  ® АВ +

                                                А + е -   ®  В+ + С - + е -

АВ+ + е - ®С + D

A +  ® F + + G

A+  ® H + + R *

     А+ + В ®C + + D

  A + + е - ® D -  + C+

А * + В ® А + В * (энергияның сәуле шығармай тасымалдануы)

А * ® R1 * + R2 * (радикалдарға ыдырау)

A* + RH ® H A* + R* (сутегі атомын үзіп алу)

A* + B ®  AB (қосылу)

A* + B*  ® P + Q ( Штерн-Фольмер рекциясы )

 

Полюсті еріткіштерде (су, спирт және т.б.) сольватталған электрон түзіледі, ол молекулалар және иондармен тез әрекетеседі.

Қозған молекулалардың, иондар мен радикалдардың бір жағынан бір-бірімен және екінші жағынан молекулалармен реакцияларының үлес салмағы берілетін сәуле сипатына байланысты. Мысалы, зат арқылы ¡ - сәуле өткенде біріншілік өнімдердің (активті бөлшектердің) пайда болуы сәулеленетін заттың бүкіл көлемі бойынша біртекті өтеді, сондықтан біріншілік өнімдердің молекулаларымен әрекеттесу реакциялары басым болады. α – бөлшектермен сәуле түсіргенде әрбір бөлшек тірегі үшін иондар мен  радикалдар түзіледі, олардың локальды концентрациялары өте жоғары, сондықтан негізінен олардың бір-бірімен әрекеттесуі жоғары жылдамдықпен өтеді.

            Радиацияның жұтылуы атомның ядро зарядына тәуелді, заттың иондануына алып келеді, иондану бөлшектің жолының соңына қарай өседі, демек бөлшек табиғаты массасына байланысты. Бөлшектер мен фотондардың энергиясы иондану энергиясынан үлкен болса, энергияның бәрі иондануға жұмсалады.  - бөлшектер негізінен электрондармен әрекеттесіп, ұсталады, бірақ бұл бөлшектер қозғалысының жылдамдығы үлкен болғандықтан қосылған электрондар бөлінеді де, осы процес көп рет қайталанады.

            Егер Е ~ 10 кэВ (>0,15 нв) болса, онда фотон атоммен фотоэлектрлік эффект береді. Шығарылған электрон Екин.= Ефотон - Еиондану

            Фотон бұл жағдайда толық жұтылады, яғни бұл механизм бойынша Ефотон өзгермейді, тек шоғырдағы фотондардың жалпы саны ғана өзгереді.

Энергия өскен сайын Комтон эффектісі маңызды роль атқара бастайды. Фотон атомның электронымен соқтығысып, серпімді шашырайды да энергияның бір бөлігін берілу электронына береді, ол заттың иондануын туғызады. Сондықтан фотондар иондарды жоғалтып, шашырайды, бірақ бұрынғысынша заттың иондануын туғыза береді.

Ақырында, егер  Ефотон >1.02 МэВ (<10-12м) болса, онда фотон  энергиясы айналатын электрон-позитрон жұптарының түзілу ықтималдығы артады да, фотон жоғалады.

Әрбір жүйе радиациялық-химиялық эффект бірнеше факторға тәуелді, олар – жүйе компоненттерінің концентрациясы, температура, массаның тасымалдануы және т.б. Бұл факторлар сәуле беру брысында өзгереді, сондықтан жалпы түрде доза функциясы G=f (D).

Шығымының бастапқы G0 және ағымдағы G мәндері болады. Бастапқы радиациялық-химиялық эффект – нөлдік дозаға экстраполяцияланған шығым. Ағымдағы шығым – берілген дозалық тәуелділікті сипаттайтын аналитикалық өрнекті дифференциалдап анықтайды.

Иондаушы сәуле затқа әсер еткенде радиолиздің аралық өнімдерінің (электрондар, иондар мен қозған күйлер) бастапқы шығымы шамамен 10-ға тең. Аралық реакцияға түсу қабілеті жоғары бөлшектер бір-бірімен әрекеттеседі не ыдырайды не бастапқы затпен немесе ондағы қоспалармен әрекетеседі, яғни үш түрлі негізгі жағдай болуы мүмкін:

1.Аралық бөлшектер негізінен бір-бірімен әрекеттесіп, бастапқы затты қалпына келтіреді. Бұл кезде бастапқы заттың байқалатын түрлену шығымы аралық өнімінің шығымынан аз болады.Мұндай заттар, материалдар мен жүйелерді радиацияға тұрақты деп атайды.

2.Аралық өнімдер бір-бірімен әрекеттесіп немесе ыдырап, бастапқы заттан өзгеше радиолиздің тұрақты өнімдерін береді. Бұл жағдайда сәулеленген заттың түрлену шығымы аралық өнімдердің шығымы мен шамалас болады. Егер аралық өнімдер заттың құрамындағы қоспалармен әрекеттессе де, осындай нәтиже болады.

3. Аралық өнімдер бастапқы заттың немесе еріген қосылыстың тізбекті тізбекті түрлену реакциясын бастауға қабілетті. Бұл жағдайда соңғы өнімдердің шығымы аралық өнімдер шығымынан айтарлықтай жоғары болады.

Қазіргі уақытта әртүрлі заттар, материалдар мен химиялық жүйелердегі радиациялық-химиялық түрленулердің шығымдары туралы айтарлықтай ақпарат жиналған. Олардың бір-бөлігі 1-кестеден көруге болады.Түрлену шығымдарының байқалатын мәндері 100 эВ-қа шаққанда 10-6 – 108 тең болады.

1-кесте. Әртүрлі заттарда түрленулердің сонғы өнімдерінің радиациялық-химиялық шығымдары

 

                              Зат, материал, жүйе                                                            G                                                     

Материалдар, қыш (керамика)                                                                                    10 -6-10 -4

Шынылар                                                                                                                      10- 4-0.1

Қосарланған байланыстары бар полимерлер                                                            10 -4-10 -2

Сілтілік металдардың галогенидтері силикаттары, сулфаттары                             10 -4- 1

Сілтілік металдардың перхлораттары, хлораттары, нитраттары                             0,1 - 5                

Ароматты көмірсутектер, ароматты гетероциклдер                                                    0,1-1,0

Алифатты  көмірсутектер, алифатты гетороциклдер                                                   2-10

Оттекті және күкіртті алифатты органикалық қосылыстар                                         3-10

Су                                                                                                                                    0,02-1,2

Қоспасы бар су                                                                                                              0,5-5

Бейорганикалық және органикалық заттардың судағы ерітінділері                       1-15

Мономерлер                                                                                                                 102-106

Алифатты қосылыстар оттегі қатысында                                                                     5-103

Хлор, күкірт диоксидінің алкандардағы ерітінділері                                                   103-106

Хлордың бензолдағы ерітіндісі                                                                                     106-108

 

   Сәуле түсіруді әрі стационарлы (сәуленің тұрақты ағыны), әрі айнымалы жағдайларда (үздікті сәуле түсіру, мұнда сәуле түсіру кезеңінен кейін үзіліс болады, немесе импульсты сәуле түсіру, мұнда бір рет сәуленің жоғары дозасы беріледі) жүзеге асыруға болады.

Стационарлы сәуле түсіргенде радиациялық-химиялық шығым G сәуленің жүйеге әсер етуінен болатын қосынды химиялық процестің жылдамдығымен v тікелей байланысты.

         Анықтама бойынша G=dn/dD, мұндағы n-молекула саны.

 Дозаны D келесі өрнекпен көрсетуге болады: D = D* dt, мұндағы D* – доза қуаты, t-уақыт).

Онда G=dn/D* dt және dn =GD* dt.

Қосынды химиялық процестің жылдамдығы v =dn/dt және dn =vdt

                             Бұдан    V = GD  * 

 

мұндағы 100N - өлшемділік коэффициент.

Газдардағы радиациялық-химиялық реакциялар. Газ  арқылы сәуле өткенде түзілетін иондар молекулалармен әртүрлі реакцияға түседі, бұл реакциялар шамамен 1012 л/моль-с жоғары жылдамдық константасымен өтеді.мысалы:         

                                              СН4+ + СН4 ® СН5 + + СН3 *

                                             Ar+ + CH4    ® Ar + CH3 + + H*

                                             CH3I + CH3I ® CH3I CH3 + I*

Метан радиолизі: энергиясы 1,7 МэВ электрондармен сәуле бергенде түзілетін өнімдердің шығымы: G H2= 5,7;  GC2 H 6 = 2.1; GC3 H 8 = 0.14;

Сызбанұсқасы:  СН4 ® СН3 * + Н* ; 

ары қарай  2 СН3 * ® С2 Н6 ;

           СН2 * + СН4 ® С2 Н6 *® Н2 + С2 Н4 * ® С2 Н4;

           СН2 * + СН3 * ® С2 Н5 *® С2 Н3 *+  Н2 ;

           С2 Н3 * ® + С4Н6 ; С Н3 *+ С2 Н5 * ® С3 Н8 ;

           2С2Н5 * ®С4Н10 ;  СН2 * + С2 Н4  ® С3 Н6

            Сұйық фазадағы радиолиз. Судағы ерітінділердің радиолизі. Біріншілік реакциялар: Н2О ® Н2О+ + е -

е -  ® е ag-  (сольфатталған электрон).  е ag-   ~ 10 -5 с

Екінші реакциялар:     Н2О + + Н2О ® Н3О + + *ОН

                                   е ag-  + Н2О ® ОН - + *Н

                                   *ОН + *ОН ® Н2О2

                                                         *ОН + Н* ® Н2О

                                     Н* + Н* ® Н2

                              е ag-  + е ag-  + 2 Н2О ® 2 ОН - + Н 2

Энергиясы жоғары ауыр бөлшектер және электрондармен сәуле түсіргенде  Н*, *ОН және е ag-  көлем бойынша біртекті түзілмейді, иондаушы бөлшек қозғалысының траекториясының бойымен орналасқан сұйықтық микрокөлемдерінде – шпорларда түзіледі. Шпорлардағы радикалдар концентрациясы жоғары, олардың елеулі бөлігі бір-бірімен әрекеттеседі. 

Сольфатталған электрон әдетте екіншілік электроннан (энергиясы аз) түзіледі, ол өзін түзген ионнан жеткілікті алыста болып, онымен реакцияға түспейтіндей болу керек. Суда, аммиак, спирттерде сольфатталған электрондардың G  мәні  2-3-ке жетеді (есептеулер бойынша электрон еріткіштің 4-8 молекуласымен сольфаттанады). Гидратталған электрон сипаттамалық жұтылу жолағы бойынша 700 нм-дегі максимуммен анықталады.Сольфатталған электрондардың k мәні 106 – 1011 л/моль-с аралықта жатыр. Диффузия коэфициенті  10 -5 см2/c, ал эффективті радиус  нм. Бұл – ең күшті тотықсыздандырғыш және ең қарапайым нуклеофильді реагент (қатты денелердегі аналогы - полярон).

Сәуле қарқындылығы. Сәуле қарқындылығы абсолюттік әдістермен анықтауға болады.

1) Газдағы иондану (қалыпты қоздыратын камералар, конденсатор типті рентгенометрлер).

2) Калориметрия (радиациялық-химиялық реакция жүрмейтін заттарда температураның өзгерісі өлшенетін жұтылу-графит, металдар).

3) Энергиясы белгілі зарядталған бөлшектер шоғыры тасымалдайтын заряд бойынша (иондаушы камерада).

Сериялық өлшеулерде жиі екіншілік химиялық дозиметрлер қолданылады, оларды абсолюттік дозиметрлермен калибрлейді. Қойылатын талаптар:

      1) G - кең ауқымда сәуленің жұтылған дозасына пропорционал болу керек ;

2) Жүйедегі химиялық өзгерістер (қажет аралықта) доза қуатына тәуелді болмау керек;

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

 

1. Фотохимия . Фотохимия ғылымының дамуы, реакциялары, процестер және фотохимия реакцияларының кинетикасы

2. Радиациялық химия

3.Иондаушы сәуле, сәуле түрлері, көздері және сандық сапасы.

4. Радиациялық химиялық шығым және  I радиациялық химиялық үрдістер

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.   Бугаенко Л.Т., Кузьмин М.Г., Полак Л.С. Химия высоких энергий. М:Химия, 1988. 86 с

2.   Панченков Г.М., Лебедев В,П. Химическая кинетика и катализ. - М.:Химия, 1985.-592 с.

3.   Романовский Б.В. Основы химической кинетики. - М.: Экзамен, 2006. 415 с.

4.   Мельников М.Я., Иванов В.Л. Экспериментальные методы химической кинетики. Фотохимия. - М.: Изд-во МГУ, 2004. - 125 с.

5.   Экспериментальные  методы  химической   кинетики  /  Под  ред.   Н.М.
Эмануэля и М.Г. Кузьмина, М.: Изд-во МГУ, 1985.

6.   Калверт Дж., Питс Дж. Фотохимия. М.: Мир, 1968.

7.   Беккер Г.О. Введение в фотохимию органических соединений. Л.; Химия, 1976.-380 с.

8.Правилов А.М. Фотопроцессы  в молекулярных газах. М,: Энергоатомиздат, 1992.

9. Своллоу А. Радиационная химия. М.: Атомиздат, 1976.

 

 №6  Дәріс тақырыбы      Плазмохимия

 

Дәріс жоспары: 1. Электр разрядының типтері

2. Плазмохимиялық реакциялар және ерекшіліктері

3. ІІлазмада химиялық активті бөлшектердің түзілуі

4. Электр разрядындағы реакциялар

Плазмохимия жартылай ионданған газдарда жүретін химиялық ракцияларды зерттейді. Физикада жартылай (шала) иондалған газды төмен температуралық плазма деп атайды (әлсіз ионданған плазма, ауыр бөлшектерінің температурасы < 105 К). Суық плазма да бар, оның температурасы ~ 103 К. Төмен температуралық плазма газ арқылы электр тогы өткенде түзіледі (газ разрядты плазма) және химиялық активті бөлшектердің (зарядталған белшектер - электрондар, оң және теріс иондар, атомдар мен бос радикалдар, қозған молекулалар, фотондар) жоғары концентрацинсымен сипатталады (1-сурет).

Қасиеттері:

1)  Квазибейтараптығы  (зарадтардың  бөлінуін  Дебай   радиусынан  үлкен қашықтықта ескермеуге болады).

2) Зарядталған   бөлшектердің   электростатикалық   ұжымдық   әрекеттесуі (жеткілікті    сиретілген    газда    қалыпты    жағдайда    тек    2    бөлшек әрекеттеседі).

3) Плазманың күшті тәуелділігі,  онда термодинамикалық тепе-теңдіктің
жоқтығы,   яғни   оған   тек   тепе-теңдіктегі   емес   химиялық   кинетика
қолданылады.

1-сурет. Энергия үлесіне байланысты заттың жоғары температурадағы күйлері

Электр разрядының типтері

Электр разрядының сипаты газ қысымына, электр өрісінің кернеулігіне және ток тығыздығына тәуелді.

Тыныш разряд - 105 Па қысымда және электродтар арасындағы потенциал айырымының салыстырмалы жоғары мәндерінде пайда болады; қалдық иондану әсерінен газдың өткізгіштігіне негіздедген.

Тәж разряды - тыныш разрядтан электр өрісінің жоғары кернеулігінде пайда болады, біртекті емес өрісте кисықтық радиусы кіші электрод жанында тәж пайда болады, онда газдың соқпа иондануы жүзеге асады, ол тәждан тыс жағдайда болмайды.

Ұшқындық разряд - тәж разрядынан ток күшін көбейткенде түзіледі; разряд процесінде разряд аралық радиустың өзгеруінен үздікті жүзеге асады.

Шоқтанушы разряд - 104 Па-ға тең және одан төмен қысымда пайда болады. Оң жарқырау облысында газ плазма түрінде болады; кернеу -жүздеген және мыңдаған вольт.

Доғалық разряд - шоқтанушы разрядқа қарағанда жоғары ток тығыздығында пайда болады; электродтардың булануынан спектрде электрод металының сызықтары басым болады; газ плазма түрінде; потенциалдар айырымы үлкен емес (ондаған вольт).

Плазмохимиялық процесс технологиясы:

1) төмен температуралық плазма генераторын;

2) шикізаттың плазмамен араласуын (реагенттерді енгізуді);

3) плазмохимялық түрленулерді;

4) өнімдерді құрыштауды қажет етеді.

Мұнда плазмохимиялық реактор конструкциясы қарастырылмайды. Плазма генераторын тандау зерттелетін немесе жүзеге асырылатын процестің кинетикалық және термодинамикалық ерекшеліктерін қанағаттандыру қажет.

Плазма генераторларының (плазмотрондар) түрлері;

1)  доғалық;

2)  шоқтанушы разряд;

3)  тәжразряды;

4)  индукциялық жоғары жиілікті;

5)  сыйымдылықты жоғары жиілікті;

6)  аса жоғары жиілікті және т.б.

Тұрақты және айнымалы тоқты өнеркәсіптік жиіліктегі электрдоғалық плазмотрондар кен қолданылады (2-сурет). Олар - өте қуатгы, қуаты 50 МВт-қа дейін жетеді.

3-суретте тұрақты тоқты электр доғалық плазмотронның сызбанұсқасы берілген. Газ катод пен аиод арасында жанатын доғадан өтіп, анодтағы шырақ саңылауынан плазма ағыны ретінде құйылады.  Газды құйынды түрде беру арқылы доғалық бағананы тұрақтандырады, бұл кезде анод шырақ саңылауындағы доғаның дағын айналдырады. Сөйтіп, оның балқуын немесе эрозияға ұшырап, бүлінуін болдырмайды. Газдың осъ бойынша жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, доға соғұрлым ұзын болады. Бірақ оның ұзаруына сәйкес анод қабырғасына қатысты қимасының теріс потенциалы да өседі, кейбір қималарда газ қабырғаны бұзып етеді. Бұл кезде доға қысқарады да, процесс бірнеше кГц жиілікпен қайталанады. Электродтар балқымайтын вольфрам, молибден, цирконий, гафний немесе сумен салқындатылған мыс, темір сияқты металдардан жасалады. Эрозия әсерінен жұмыс істеу уақыты шамамен 100 сағатқа дейін созылады. Егер плазма электрод материалымен ластанатын болса, онда эрозиясы төмен плазмотроңдар (тұтанушы разряд және т.б.) немесе электродсыз разряд (оның қуаты төмен ~ 0,1 мВт, бірақ жұмыс істеу мерзімі - бірнеше мың сағат) пайдаланылады    

2-сурет. Дисперсті материалдарды қабатта өңдеуге арналған плазмохимиялық агрегат:

1- конустық корпус, 2 - конденсацияланған фазаны беру құрылғысы, 3 - ауыспалы патрубок, 4 - плазмотрон, 5 - сопло, 6 - айырғыш (сепаратор), 7 - бункер, 8 - сумен салқындату

.

3-сурет. Тұрақты тоқты электр доғалық плазмотронның сызбанұсқасы:

С-А - сопло-анод, ГБ - газ беру, ПА - плазма ағыны, К - катод.

 

Плазмохимиялық реакциялар

Ерекшеліктері:

1)әрекеттесуші бөлшектердін Еорташа» 0,1 эВ;

2)молекулалардың негізгі және козған күйлерінің толығулары өлшемдес;

3)молекулалардың       электрондар       және       иондармен       (бір-бірімен) әрекеттесулері айтарлықтай (немесе анықтаушы);

4)өнімдердің басым бөлігі қозған күйде болады;

5)серпімді соқтығысулар серпімсіз соқтығысулардан басым емес;

6)физикалық   және   химиялық   процестердің   сипаттамалық   уақыттары шамалары бойынша жақын, сондықтан бір-біріне әсер етеді.

Нәтижесіндегі химиялық реакция тепе-тендіктегі емес кинетикамен сипатталып қана қоймайды, бұл - көп арналы (әртүрлі жолмен жүретін) процесс, арналар әртүрлі уақытта, әртүрлі энергияда бірнеше түрде әрекеттеседі.  Плазмада  әрбір  бөлшек  үшін  белгілі  бір  температураның мағынасы жоқ, сондықтан химиялық реакцияның аррениустік жылдамдық константасына бағынбайды.

Жалпы, химиялық кинетиканың физикалық кинетикадан айыру мүмкін еместігі екеуін де сипаттау үшін жалпы тендеуді қажет етеді. Сондықтан плазмохимия үшін Паули тендеуі танымал:

dPi / dt = S (aik Pk – a ki Pp);

мұндағы Рi (t) - t уақыт мезетіндегі i –күйдің ықтималдығы; аік және акі - бірлік уақытта і-күйден к-күйге ауысу ықтималдығы және керісінше. Бұл теңдеуде бөлшектердің кванттық күйлерімен қатар олардың химиялық зрекеттесулерінің арасындағы ауысулар мен бөлшектерге сыртқы энергия беру мүмкіндінгі де ескеріледі. Егер деңгейлер арасындағы ауысуларды ескермесе (яғни олар химиялық процесс басталғанша аяқталса), бұл стохастикалық теңдеудің (жүйенің ішкі флуктуацияларын ескеру) кәдімгі аррениустік кинетикаға келетінін көруге болады.

 

ІІлазмада химиялық активті бөлшектердің түзілуі

Молекула немесе атомның қозуы (әрі тербелмелі, әрі электроңдық) ауыр белшектермен, фотондармен және электрондармен соқтығысқанда жүзеге асады. Электрондар үшін бұл электрондар энергиясы мен молекула құрылысына байланысты. Тікелей қозу (негізгі күйден) немесе сатылы қозу  болуы мүмкін. Электронның Екин мәні Еқозу мәнінен жоғары болу керек. Ең эффективтісі - резонансты қозу: энергияның электроннан молекулаға берілу ықтамалдығының электрон энергиясына тәуелділігі қозу функциясы деп аталады және оның 1-2 максимумы болуы мүмкін.

Атомдар мен молекулалардың иондануы Екин мәні иондану потенциалынан жоғары электронмен соқтығысқанда жүзеге асады. Молекула немесе атомның иондану ықтималдығының электрон энергиясына тәуелділігі - иондану функциясы да максимум арқылы өтеді. Энергетикалық атомдар немесе молекулалармен соқтығысқанда да иондану жүзеге асуы мүмкін.

Электронға ынтықтығы жоғары молекулаға баяу электрон қосылғанда теріс иондар түзіледі, мысалы:

е - + CI2 ® CI* + CI-

Плазмадағы кейбір реакциялар. Иондардың химиялық активтігі жоғары. Қайта зарядталу процестер маңызды роль атқарады:


Симметриялық Не+ + Не                        Не + Не+;


симметриялық емес Не+ + Н                           Не + Н+;

 

 диссоциативті емес Хе+ + С2Н6                   С2Н6+ + Хе ;


диссоциативті Аr+ + СН4                       СН3+ + Н* + Аr.

Ауыр бөлшектер ауысатын реакциялар: Н• втомыиың ауысуы -


N2++H2         • N2H++H
*


СН2+ + СН4              СН5+ + СН3
*;


Nе+ + Н2               NeH + + Н •;


протонның ауысуы –Н2+ + Н2О                          HзО+ + Н
* ;


ауыр атомның ауысуы – I+ + СНзІ                               І2+ + СН3
*;


қайта топтасу - СН3+ + СН4                                   С2Н5
+ + H2;


ассоциация - СН3 I + + СН3І                  (СН3І)2+.

Ион-молекулалық реакциялардың жылдамдық константалары өте үлкен (- 10-9 см3/с). Қозған бөлшектер мен бос радикалдардың реакциялары бұрын қарастырылған.

Электр разрядындағы реакциялар

Озон  алу.  О2 молекуласын тыныш разряд  арқылы өткізгенде  озон алынады. Озон шығамы 1,7-1,9 •10-4 моль/кДж (30-50 г/кВт-сағ), яғни 60-36 эВ/молекула.  Бұл  теориялық шығымнан  (1,5   эВ/молекула)  айтарлықтай төмен,   бұл   озонның   озонаторда   электрондардың   әсерінен   қарқынды ыдырауымен байланысты:

О : + О2 ® О3

Аммиак  синтезі.  Шоқтанушы  разрядтағы  NНз   шығымы   1,5-15-10-5 моль/кДж (1-10 г/кВт-сағ). NНз түзілуге қажет электрондардын минималды энергиясы 17 эВ-қа тең. Сызбаңұсқасы:

N2 ® N2+;   N2+ + Н2 ® N2 Н + + Н;

N2 Н ++ Н2  N2 Н2+Н+;  N2 Н2 ® NН3 ;

Метаннан ацетилен алу. Доғалық разрядта метаннан С2Н2 шығымы (ток бойынша) 1,3-10-3 моль/кДж (120 г/кВт-сағ). Сызбанұсқасы:

СН4 ®   •СН3 ® СН2 ®С2Н4 ®          С2Н2.

Сонымен бұл бөлімде жүйені таза химиялық активтендіру тәсілдерінен          (катализ,  тізбекті  реакциялар)  басқа  физикалық  тәсілдер  де  бар  екені қарастырылды.  Зат молекулалары  жарық немесе  жылдам  бөлшектердің (электрон, протон, нейтрон және т.б.) әсерінен активтенеді. Мұндай әсерлер нәтижесінде  электронды-қозған  күйдегі  реакцияға түсу қабілеті жоғары молекулалар түзіледі. Жарық әсерінен  қозу бір актпен өтеді:

Молекула + жарық кванты ®  қозған күй.

Жылдам бөлшектермен әсер бергенде молекула бөлшекпен соқтығысып,  алдымен ионданады,   сосын   иондардың   кері   рекомбинациясы   қозған молекулалардың түзілуіне алып келеді. Мұндай активтену жылулық активтенуден қатты өзгешеленеді, онда молекулалар соқтығысқанда тербелмелі және айналмалы қозған бөлшектер түзіледі.

Химиялық процестерді жарық және бөлшектер әсерімен активтендірудің басқа тағы бір ерекшелігі - олардың жоғары таңдамалылық қабілеті. Реагенттер реакцияға жоғары энергетикалық күйде түсетін болғандықтан, элементар реакциялардың өнімдерінің бұл жағдайда артық жоғары энергиясы болады, бұл химиялық реакцияларды төмен температурада өткізуге мүмкіндік береді. Төмен температурада реагенттер химиялық тұрақты, яғни кейбір реакциялардың талғағыштығы жоғарылайды; жүйе зерттелетін температуралық аралық кеңейеді; төмен температурада физикалық әдістермен зерттеуге жеткілікті мөлшерде лабильді бөлшектерді (атомдар, бос радикалдар) жинауға мүмкіндік туады.

Затқа қуатты энергия импульсымен әсер ету қысқа уақыт аралығында активті бөлшектердің жоғары концентрациясын алып, олардың жойылу кинетикасын зерттеуге жағдай жасайды.

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

1. Электр разрядының типтері

2. Плазмохимиялық реакциялар және ерекшіліктері

3. ІІлазмада химиялық активті бөлшектердің түзілуі

4. Электр разрядындағы реакциялар

  

Пайдаланылған әдебиеттер

 

5.   Бугаенко Л.Т., Кузьмин М.Г., Полак Л.С. Химия высоких энергий. М:Химия, 1988.

6.   Панченков Г.М., Лебедев В,П. Химическая кинетика и катализ. - М.:
Химия, 1985.-592 с.

7.   Романовский Б.В. Основы химической кинетики. - М.: Экзамен, 2006. 415 с.

8.   Мельников М.Я., Иванов В.Л. Экспериментальные методы химической кинетики. Фотохимия. - М.: Изд-во МГУ, 2004. - 125 с.

8.   Экспериментальные  методы  химической   кинетики  /  Под  ред.   Н.М.
Эмануэля и М.Г. Кузьмина, М.: Изд-во МГУ, 1985.

9.   Калверт Дж., Питс Дж. Фотохимия. М.: Мир, 1968.

10.Беккер Г.О. Введение в фотохимию органических соединений. Л.; Химия, 1976.-380 с.

8.Правилов     А.М.     Фотопроцессы     в     молекулярных     газах.     М,:

Энергоатомиздат, 1992.

9. Своллоу А. Радиационная химия. М.: Атомиздат, 1976.

10 .Пикаев А.К. Современная радиационная химия: Основные положения:

Экспериментальная техника и методы. М: Наука, 1985. - 375 с.

11. Пикаев   А.К.   Современная   радиационная   химия:   Радиолиз   газов и жидкостей. М.: Наука, 1986. - 360 с. 

12.Пикаев А.С. Современная радиационная химия: Твердое тело и полимеры; Прикладные аспекты. М.: Наука, 1987. - 448 с.

13.Кинетика и термодинамика химических реакідий в низкотемпературной плазме Под ред. Л. С. Полака. М., 1965.

 

№7    Дәріс         Көмірсутектер   жанғанда   күйенің    түзілуі

        Дәріс жоспары: 1.Іштен жану қозғалтқыштарында зиянды өнімдердің түзілуі

            2. Төмен температурада метан жанғанда күйенің түзілуі

3. Көмірсутектер жанғанда күйенің түзілуін зерттеу

4. Күйе түзілу механизмдері

 

Күйе көптеген технологиялық процестерде, мысалы полиографиялық баспада бояу дайындау үшін немесе автокөлік шиналарының өндірісінде толтырғыш ретінде (резина шинасының 60 % күйеден тұрады) қолданылды. Жиі оны техникалық көміртек деп те атайды. Жану процестерінде күйе зиянды соңғы өнім ретінде түзіледі. Температура мен қысымды жоғарылату түзілетін күйе бөлшектерінің көбюіне алып келеді, олардың өздері канцерогенді қасиеттерге ие немесе басқа канцерогенді полициклді ароматты көмірсуткутерді (ПАК) адсорбциялайды. Бірақ күйе - пештер мен жағу  камераларында қажетті аралық өнім, себебі ол сәуле шығару арқылы  жылудың тасымалдануына үлкен үлес қосады. Демек, жалында күйе ертерек түзіліп, энергия шығарып, пештен немесе камерадан шыққанша тотығып үлгеретіндей жағдай жасау керек. Егер күйе бөлшектері ұзақ сәуле шығаратын болса, онда оның бөлшектері суынады да (Т<1500 К), жылдам тотыға алмайды, сөйтіп қалдық газдармен бірге сыртқа шығады. Керосин шамдарында егер пілтесі жоғары көтеріліп тұрса, жалынның күйеленуі осы күйе бөлшектерінің    суынуымен   түсіндіріледі.

Күйенің түзілуі жану кезінде түзілетін негізгі ластаушы агенттер - азот оксидтерінен түзілуінен бұрын жүзеге асады. Бұрынғы уақыттарда фабрика немесе зауыт мұржаларынан шығатын түтін жетістік пен табыс белгісі ретінде қабылданатын. Уақыт өте бұл түтіннің денсаулыққа зиян екендігі анықталып, қазір оны болдырмауға тырысады. Күйе мен түтінді азайту жану процесінің үш көрсеткішіне байланысты: уақыт, температура және  турбуленттік. Жақсы араласқан әрекеттесуші қоспаның жоғары температурада болу уақытын иұзартса, күйе бөлшектері мен басқа көмірсутектер тотығып үлгереді деп саналады. Бірақ бұл жағдай азот оксидтерінің көп мөлшерінің   түзілуіне алып келеді.

Демек, күйе түзілу және түзілген күйе бөлшектерінің тотығу процесін    зерттеудің   маңызы зор.

Отынға бай қоспаларда көмірсутектердің жануын келесі формальды реакция   теңдеуімен   өрнектеуге болады.

CnHm + kО2      →2kС0 + m/2Н2 + (n – 2 k) Сn

Мұндағы Сn - қатты көміртек. Егер күйе түзілу процесі тек термодинамикамен анықталса, қатты көміртек n >2k ( немесе С/О қатынасы 1 -ден үлкен) болғанда пайда болу керек. Демек, күйе түзілу процесі кинетикалық  факторлармен  анықталады.

Әдетте күйе түзілу процесі күйе бөлшектерінің көлемдік үлесімен сипатталады, ол күйе бөлшектерінің көлемінің толық көлемге   қатынасына тең: 

f v = Vкүйе ⁄Vтолық

Күйе бөлшектерінің концентрациясы [n]күйе  күйе бөлшектерінің санының nкүйе  жүйенің толық көлеміне қатынасына тең және мольмен өрнектелген күйе бөлшектерінің концентрациясымен Скүйе келесі қатнынаспен байланысады:

[n]күйе  = nкүйе ⁄ Vтолық = NА∙ Скүйе

мұндағы:  NА Авогадро саны. Егер күйе бөлшектері өлшемдері бойынша монодисперсті таралған болса, онда олардың диаметрі:

Бұл көрсеткіштерді өлшеу нәтижелері қысым және С/О қатынасы өскенде күйенің көлемдік үлесі өсетінін көрсетеді, ал оның температураға тәуелділігі қоңырау тәрізді қисықпен бейнеленеді. Бұл екі жағдаймен байланысты. Күйе түзілу процесі жүзеге асу үшін көмірсутек радикалдары (С3Н3 сияқты) түзілу керек, сондықтан процесс төмен температурада жүрмейді. Сондай-ақ бұл радикалдар жоғары температурада пиролизденіп, тотығады. Демек, күйе түзілу процесі    1000-2000  К  температуралық  аралықпен шектелген.

Әдетте құрамындағы көміртек пен сутек атомдарының мөлшері әртүрлі күйе бөлшектерінен түзілген. Олардың құрылымын сипаттау қиын, себебі «газ – сұйықтық» және «сұйықтық-қатты дене» ауысуларының нақты шекарасы жоқ. Түзілген күйе бөлшектері бүйір тізбектері бар полициклді құрылымдардан тұрады, бұл кезде Н/С мольдік қатынасы жуықтап 1 -ге тен. Физикалық тұрғыдан күйе бөлшектері ұсақ сфералық бөлшектерден тұратын кластар ретінде көрінеді. Мұндай сфералық бөлшектердің диаметрі 20-50 нм жетеді.

Іштен жану қозғалтқыштарында зиянды өнімдердің түзілуі. Іштен жану қозғалтқыштарында отындар жанғанда түзілетін зиянды өнімдерді үш топқа бөлуге болады: 1) СО, жанбаған көмірсутектер және күйе; 2) азот оксидтері; 3) қорғасын қосылыстары.

Күйе    тотықтырғыш    жетіспегенде    көмірсутектердің    термиялық ыдырауы кезінде пайда болады:

CnHm → Cn + 0,5m Н2

         Күйе отын ағыны цилиндрдің суық қабырғасымен жанасқанда
түзіледі. Күйенің түзілуі гидрогендеу, дегидрогендеу, полимерлену,
конденсациялану процестері арқылы өтеді. Түзілген күйе мөлшері
температура,   қысым,   отын   түрі, жанарғы типіне тәуелді. Көмірсутектердің молекулалык массасы жоғарылаған сайын күйе түзілу жылдамдығы да өседі. Жану алдында гомогенді қоспа болатындықтан карбюраторлық қозғалтқыштардың жану өнімдерінде күйе мөлшері аз. Дизельді қозғалтқыштарда диффузиялық гетерогенді жану өтеді, сондықтан күйе мөлшері көбірек.

1-топ өнімдерін азайтудын жолдары: қоспа түзілуді жақсарту, яғни гомогенизация; қоспа көлемін сөндіру аумағында азайту; отын мен ауа қоспасын   қалдық газдармен сұйылтпау.

Азот оксидтерінің мөлшерін азайту жолдары: жану кезінде температураны төмендету; жану аумағында оттегін азайтуға мүмкіндік жасау. Қорғасын қосылыстарының мөлшерін азайту үшін бензиннің октан санын жоғарылату мақсатында антидетонаторлық қондырма ретінде қосылатын тетраэтилқорғасынды қоспау керек. Оның орнына катализдік нейтрализаторлар - метилацетат, ацетонпероксид пайдалану керек.

Экологиялық таза іштен жанатын қозғалтқыштардың отыны ретінде сутегі мен сұйытылған табиғи газды ұсынады. Сутегі көмірсутектермен салыстырғанда ауамен жақсы араласады, тұтануына аз энергия кажет, тотықтырғыш ретінде ауада жанғанда су мен азот оксидтері, ал оттегінде жанғанда тек су түзіледі. Отын ретінде сутегінің кемшілігі - уақытынан бұрын тұтану мүмкіндігі мен жанып кетуі. Бұған кедергі жасау үшін инертті компоненттер, мысалы су буын қосады. Сондай-ақ сутегін сақтау және   тасымалдау қиын.

        Сұйытылған табиғи газ жанғанда азот оксидтерінің
концентарациясы екі есе азаяды, бензпирен мөлшері де айтарлықтай азаяды. Жану        өнімдерінің                                                         улылығы     4-5   есе        азаяды.  Кемшілігі - газдарды баллонда     жоғары  қысымда  сақтау  және  тасымалдау қиын және қауіпті.

           Төмен температурада метан жанғанда күйенің түзілуі. Күйе түзілу - жанудың маңызды және тұрақты зерттелетін аспекітісі.
Көрсеткіштердің кең ауқымында зерттеулердің     көп жүргізілгеніне қарамас-тан 900 - 1200 К температурада көмірсутектердің жануы нәтижесінде түзілген күйені зерттеу мәліметтері өте аз. Сонымен қатар, жанғыш қоспаны алдын ала қыздыру да аз зерттелген, негізінен алғанда алдын - ала қыздыру жанудың толық өтуі мен күйе түзілу қасиеттерін реттейтін бірден - бір көрсеткіш табылады Осыған байланысты, метанның төмен температурада (1200 К) жануы кезіндегі күйе түзілуді зерттеу, күйенің физикалық- химиялық сипаттамаларын анықтау , процесті анықтайтын көрсеткіштерді   табу қызығушылық  тудырып отыр.

Кәдімгі жағдайда күйе негізінен Т = 1600 - 1800 К кезінде түзіледі.  Температураны     төмендету     жанғыш    қоспаны    алдын – ала қызыруға әкеліп соғады, сондықтан процесті екі бөлімді қыздырғыш   реакторда   зерттеу  өте  қолайлы.

Метан - оттекті қоспаға бай жалынның күйе түзуін зерттеу үшін жеке қыздырылатын екі бөлімді қыздырғыш реактордағы жалынды тұрақтандыру әдістемесі қолданылды (1-сурет). Бірінші бөлімде метанның оттекпен қоспасы қыздырылады, ал екінші бөлімде жалын пайда болып, тұрақталады. Бірінші және екінші бөлімдердің арасын қосатын жіңішке жердегі ағын жылдамдығы екінші секциядағы тұрақталған ағын жылдамдығынан    анағұрлым   артық.

           1 -сурет. Көмірсутектер жанғанда күйенің түзілуін зерттеу қондырғысының сызбанұсқасы: 1 - баллондар, 2 - реометрлер, 3 - реактордың 1-бөлімі, 4 -реактордың 2-бөлімі, 5 - термореттегіштер, 6 - шығу түтігі, 7 - күйе жинағыш.

 

Түзілген күйе шығу түтігі арқылы күйені газ тәрізді өнімдерден бөлетін, көміртекті материалдан жасалған күйе жинағышқа келіп түседі. Судың конденсациялануын болдырмау үшін күйе жинағыш 423 К температураға дейін қыздырылады.

          Тәжірибелер атмосфералық қысымда, жанасу уақыты t = 2,5-10,2 с
және     температураларды     өзгерте     отырып     жүргізіледі. 1-бөлім

температурасы Т1 =723-873 К,     ал   2-бөлімде     Т2   =   973-1223 К арасында өзгертілсе, СН4О2 компоненттерінің катынасы 1,5:1-ден 2:1 аралығында өзгертіліп отырады. Т2 температураны өлшеу үшін хромель-алюмель терможұбы (d=50мм) қолданылады, ол радикалдардың рекомбинациялануын болдырмау үшін жұқа кварцпен капталған. Одан басқа екі бөлімдегі температураларды өлшеу үшін реактор ішіне екі терможұп енгізіледі. Терможұптардың көрсеткіші КСП-4 (дәлдігі 0.25) потенциометрі арқылы жазылып отырады. 3-суретте метан оттекті қоспаның СН4:О2=1,83:1 және Т1 = 773К, Т2 = 973К кезіндегі температура профилі көрсетілген, онда 1173 К кезінде максимум анық байқалады.

Алынған күйелер гравиметриялық, рентгенқұрылымдық, сондай-ақ ЭПР спектроскопия әдістерімен зерттеліп, талдау жасалды. Прегле әдісі бойыннша гравиметриялық талдау төмен температурада алынған күйеде көміртек, сутек және оттектің мөлшері 90,06; 3,17 және 6,77 %-ға сәйкес келетіндігін көрсетгі. Кәдімгі жағдайда жоғары температурада алынған күйелерде көміртек мөлшері негізінен 96-99% құрайды. Көміртек балансы хроматографиялық әдіс нәтижесі мен алынған күйе массасы бойынша есептелінеді. Метанның жалпы конверсиясы 93-95 %, ал қатты көміртекті өнім (күйе) - 25 % дейін болады.

2-сурет. Метан - ауа қоспасының жалынының температура профилі: 1-инертті ортада; 2-жалында

      

Беттік-активті зат бойынша сыртқы бет ауданы 50 м/г, ал адсорбциялық бет (азот адсорбциясы) ауданы 53 м2 /г тең және кедір-бұдырлық коэффициенті бірге жуық болғандықтан алынған күйені   тегіс    деп қарастыруға болады.

       Алынған үлгілердің құрамының көп фазалы болуына байланысты,
оны зерттеу, бұрын табиғи көміртекқұрамды объектілерге колданылып
жүрген рентгенді сандық фазалық талдау әдісі бойынша
жүргізіледі. Барлық зерттелген күйенің дифракциялық спектрін
талдау үш рентген аморфты суперпозицияларды көрсетеді: құрамында
көміртегі бар О-фаза, ол Ө1= 3,70 бұрышында шыңдардың 002 жағдайына сәйкес келеді және Ө3=12,00 бұрышында бейнеленетін графиттелген кристалды Г-фаза. Салыстырып зерттеу алынған күйелердің дифракциялық спектрлері өндірістік техникалық көміртектен өзгеше болатынын көрсетті, ол әсіресе О және Б фазаларының болуымен байланысты. Екінші жағынан алғанда, рентген фазаларының құрамы мең сандық қатынасы табиғи көмір - антрацитке жуық. Жүргізілген сандық талдау зерттелген барлық күйелердің құрамы бір-біріне жақын және О-фазасы 12-14%, Б-фазасы 27-31%, Г-фазасы 57-60% болатынын дәлелдейді. Фазаларды сипаттайтын дифракция коэффициенті М = 63-75%.

 

3-сурет. Дифрактограммалар: а-күйе, ә-антрацит;1-оттекті фаза, 2-көмі-рсутекті Б-фаза, 3-графиттелген Г-фаза


Күйе үлгілерін рентгенографиялық талдау нәтижелері 1-кестеде келтірілген. Күйе пакетінің құрылымын сипаттайтын когерентті шығару облысы шамаларының мәні La, Lс және d002 рентгенограммадан алынады. Мұндағы La - күйе пакетінің көлденең енінің ұзындығы. Lс - пакеттің биіктігі, d002- күйе пакетіндегі екі көршілес қабаттардың ара қашықтығы.

Т1, К

t, С

La

Lс

d002, А

Жазық иорлар мөлшері

Үлгінің түрі

973

7

54

15,5

3,64

4

Күйе

1003

7

50,7

22

3,62

6

973

7

42,7

24,3

3,55

7

Пирокөміртек

 

Алынған төмен температуралы күйе құрамында ұшқыш заттардың мөлшері көп. Алынған күйені экстракция арқылы бөлу, заттың 20-30 % экстрактқа өтетіндігін көрсетті. Топтық хроматографиялық талдау мәліметтерінен экстракт құрамы 70 % полиароматты көмірсутектерден, 17 шайырлардан, 10-11 % асфальтендер, 1-2 % парафиндер және нафтендік көмірсутектерден тұратындығы анықталды.

Алынған күйелер ЭПР әдісімен зерттелді. 2-кестеде шың биіктігі һ пен күйе үлгісінің және пирокөміртек массаларының Р мәндері келтірілген.Үлгілерді вакуумдеу ЭПР сигналының еніне әсер етпейді. Зерттеу үшін жанама көлемі барлық үлгілерде бірдей алынған. Екінші бөлімнің жоғарғы бөлігінің қабырғасында күйе пирокөміртек түрінде түзіледі, ол   күйеге қарағанда жазық  торлы, реттелген құрылысты болады.

Материал түрі

Т2,К

H, мм

Р,мг

h ⁄  Р,мм⁄мг

Күйе

963

1193

158

430

2,13

9,0

74,178

47,77

Пирокөміртек

963

1193

115

11

2,42

10,13

47,52

1,067

 

Реактордың екінші бөлімінің температурасын жоғарылатқанда, күйедегі жұптаспаған электрондардың саны бірден төмендейді. Мысал, Т2 температурасын 1193 тен 963К-ге өзгерткенде, жұптаспаған электрондардың концентрациясы 1,5 есеге дейін төмендейді. Осындай жағдайда, егер көміртек болса, радикал саны 45 есе азаятын еді. Осыдан, реактордың температурасын 230К-ге көтергенде, ақаулардың концентрациясын төмендету арқылы жүретін кристалды құрылым түзілетіндігі дәлелденген.

Күйе түзілу механизмдері. Күйе тузілу процесін зерттегенде түзілген күйе бөлшектерін арнайы зерттеумен қатар бастапқы отынның соңғы күйе бөлшектеріне өзгеруінің әртүрлі сатыларында өнімдерді анықтау да маңызды.

Күйе түзілу - конверсия уақыты 10-4 -10-2 с құрайтын бастапқы отынның (мысалы, метан, салыстырмалы молекулалық массасы 16) күйе бөлшектеріне (салыстырмалы молекулалық массасы 10000) өте жылдам түрлену процесі.

Күйе түзілу процесінде үш ерекше сатыны қарастырады:

1.      Туынтек   (зародыш)   түзілуі   - молекулалық   жүйеден   жарықшақтық
жүйеге  ауысу  немесе  ыдырауына  қарағанда  өсуі  жылдам  эмбрионды
бөлшектердің түзілуі.

2.    Диаметрі 10-50 нм сфералық бөлшектерге дейін өсу.

3. Тізбектер түзе сфералық бөлшектердің жінтектелуі (агрегациясы).
    
Жоғарыда   айтылғандай    көмірсутектер    жанғанда   күйенің   түзілуі
температураның   кең   аралығында  өтеді   және   күйе  түзілу  режимдерін
шартты  түрде  төмен  температуралық  (1000-1500 К)  және  жоғары
температуралық (1500 - 2000 К) деп бөлуге болады. Сәйкесінше осы екі
режимдегі  күйе  түзілу  механизмдері  де  өзгеше  болады.  Күйе  түзілу
процесінің күрделілігі, параллель өтетін элементар сатылардың көптігі
күйе   түзілудің   бірнеше   механизмдерін   ұсынуға   алып   келді,   оларды
жетекші  активті  аралық бөлшектері бойынша үлкен үш топқа бөлуге
болады: радикалды, иондық, карбенді.

Радикалды    механизм    бойынша    күйе    түзілудің    келесі  теориялары

ұсынылған:  1)  С1 , С2 , С3    конденсациясынан тұратын теория;

2) ацетилен мен полиацетилендер теориясы;

3) полиароматтау теориясы:

4) баса теориялар, мысалы Будуард реакциясы 2СО ®СО2 + С , беттік ыдырауды қамтитын процестердің Теснер теориясы.

            Бірінші теория отынның көміртек атомына, С2, С3 радикалдарына ыдырауына негізделген, олар конденсацияланып, күйе бөлшектерін түзеді. Атомдық көміртек түзе жүретін барлық процестер эндотермиялық, демек бұл жол қолайсыз. Бірақ, жалыннан С2 анықталған, онда қатты көміртек С3 конденсациясының өнімі деген тұжырым бар. Егер осы тұжырым рас болса, онда құрамында С2 көп болатын циан-оттегі (С2N2-О2) жалынында күйе түзілу қажет, бірақ күйе түзілмейді. Сонымен қатар, С2-ден түзілген зат таза көміртек болу керек, ал күйенің қ9рамында сутек те бар.

Дегенмен, белгілі бір шарттар орындағанда С және С2 көміртектің түзілуіне алып келеді. СО пайда болған кездегі жалында С2 түзіліп, С2Н5 разряды кезіндегі газбен қосылғанда қатты көміртек түзілетіні анықталған

       Қарқынды күйе түзілу аймағында молекулалардың үлкен бір тобы -
п
олиацетилендерді                    бөліп                қарастыруға         болады,                       олар

полиароматты қосылыстарды түзетін аралық заттар ретінде қызмет етеді.

Хоман мен Вагнер көмірсутектердің жануының аралық өнімдерін үш топқа бөледі:

1)    ацетилен мен полиацетилендер (салыстырмалы молекулалық массасы
2)    бүйір тізбектері жоқ полициклді ароматты көмірсутектер - нафталин,
аценафталин, коронен, фенантрен (салыстырмалы молекулалық массасы

78-300)

3)       бүйір    тізбектері     бар     полициклді     ароматты    көмірсутектер
(салыстырмалы молекулалық массасы 150-550).

Хоман келесі сызба нұсқада полиацетилендердің түзілу моделін ұсынған:

Бірақ мұндай тізбек өздігінен күйенің түзілуіне алып келмейді, себебі күйе - бұл ұзын тізбек емес, овалинаға (С32Н14) ұқсас полициклді көміртекті құрылым. Сондай-ақ күйе лезде түзіледі, ал полиацетиленнің ароматты графит тәрізді құрылымға айналуы баяу өтетін процеске жатады. С2Н немесе басқа радикалдар полиацетилен молекуласымен тармақталған тізбекті полиацетилен радикалдарын түзе алады:

·С2Н + С4Н2 -> ·СН = С(С=СН)-С º СН

Мұндай тармақталған радикалдар полиацетиленнің немесе көмірсутектердің жаңа молекулаларын қосып ала алады, бұл кезде олар «радикалды» табиғатын жоғалтпайды. Осындай тармақталған радикалдар өскенде сақина жеңіл тұйықталып, реакцияға түсуге қабілетті полициклді ароматты көмірсутектердің (ПАК) пайда болуын түсіндіреді. ПАК-тердің максималды концентрациясы тотығу аймағынан кейін байқалады, онда полиацетилендер концентрациясы азаяды.

Сонымен, күйе және ПАК түзілуде ацетилен мен полиацетилендер айтарлықтай роль атқарады.

Эксперименттік мәліметтер бойынша бүйір тізбектері жоқ ПАК концентрациясы күйе түзілу аумағында өзгермеген, ал бүйір тізбектері бар ПАК концентрациясы күрт жоғарылаған.

Бұл сызбанұсқадағы С2 және С4Н2 белгілеулерін химиялық реагенттер емес, ПАК полимерленуінің әрбір сатысында қосылатын атомдар саны мен типін көрсететін символдар ретінде қабылдау керек.

Қазіргі уақытта полициклді ароматты қосылыстардың ары қарай өсуі күйе бөлшектерінің түзілуіне әкеледі деп есептейді. Бұл концепцияда алғашқы саты молекулалардың конгломерациясы нәтижесінде ізашар құрылымдардың түзілуі болып табылады. Мұндай пайда болу процесінің нәтижесінде молекулалық массасы 500-2000 болатын бөлшектер түзіледі.

Калькот   күйе туынтектерінің түзілуінің иондық механизмін ұсынған, онда біріншілік С3Н3+ ионы       СН* + С2Н2 -> СзН3+ + е

реакциясы бойынша түзіледі. Өлшемі үлкен басқа барлық иондар осы ионға полиацетилендердің қосылуы арқылы алынады. Бірақ, жоғары қозған СН* радикалы эксперимент жүзінде байқалмаған. Сондай-ақ, күйе туынтектерінің көп мөлшерінің тек бір арнамен түзілу мүмкіндігін түсіндіру қиын.


Сосын бұл бөлшектер ацетиленнің көп молекулаларымен реакцияларында беттік өсу және коагуляция арқылы өседі. Күйе бөлшектерінің тотығуы алдын-ала араласпаған қоспаларда оттекті газбен араластырған соң жүзеге асады.

4-сурет. Гомогенді жүйелерде немесе алдын-ала араласқан қоспа жалындарында күйе түзілу процесінің сызөбанұсқасы

 

Радикалды және иондық механизмдердің жалпы көпшілігі - күйе туынтектерінің ізашарларының молекулаларында С/Н қатынасы процесс басынан-ақ өсе бастайды, ал белгілі бір уақыт мезетінде бүл қатынас 1-ге жақын.  Сонымен қатар, бұл механизмдер пиролиз  өнімдерінің циклді молекулаларға жылдам айналуы қалай өтетінін түсіндіре алмайды.

Карбенді реакцияларға негізделген механизм үлкен қызығушылық туғызады. Күйе түзілу механизміне реакцияға түсу қабілеті жоғары екі жұптаспаған электрондармен қамтылатын карбендерді енгізу циклді молекулалардың жылдам пайда болуы мен процестің дамуын түсіндіре алады. Карбендер көмірсутек молекуласында сутек атомдары қайта топтасуының нәтижесінде түзіледі:

С2Н2 ®:ССН2

Бұл қайта топтасудың активтену энергиясы 150-180 кДж/моль, бұл ацетилен пиролизінің байқалатын активтену энергиясына жақын. Карбендер активтендірусіз p-байланыстарға еніп, С-Н байланысындағы активтену энергиясы 40 кДж/моль тұрақсыз полициклді құрылымдарды түзеді. Процесс келесі жолмен өтеді:

С2Н2 ® С4Н4 ® С6Нб ®... немесе С2Н2 ® С4 Н4 ® С4Н2 ® С6Н4® ..., мұндағы С4 Н4, С6Нб, С4Н2, С6Н4- изомер молекулалардың топтары.

Ацетилен    пиролизінің    механизмінің    жалпы    сызбанұсқасынан оны құраушы реакциялардың келесі негізгі типтерін көрсетуге болады:

1)                              қайта топтасу реакциялары,

2)                              карбендердің p- және s-байланыстарға ену реакциялары,

3)                              циклдену реакциялары,

4)                              сутектің бөліну реакциялары.

Жоғарыда қарастырылған күйе түзілу механизмдері жоғары температуралық режимді жақсы сипаттайды.

Төмен температурада күйе түзілу механизмін шартты түрде екі сатыға бөлуге болады. 1-сатыда олефиндер мен ацетилен түзе қаныққан көмірсутектердің тотығу реакциясы жүреді, аталған көмірсутектер ПАК түзілу жолындағы негізгі аралық өнімдер болып табылады. 2-сатыда ПАК түзілу реакциялары мен олардың күйе агрегаттарына дейін коагуляциясы жүзеге асады.

Осылайша, көмірсутектерге бай жалындарда ПАК пен күйе түзілуінің келесі сапалық моделі ұсынылған:

1. Көмірсутек     радикалдарын,     сутек     атомдарын     түзе     тотығу
реакцияларында көмірсутектердің конверсиясы. Жану аумағынан жалын
алдындағы облысқа сутек атомдары мен электронның диффузиялануы.

2.  Этан, этилен мен ацетилен радикалдары мен иондарының түзілуі.

3.     Радикалдар мен иондардың өсуі, ацетилен мен олефиндер негізінде
карбендердің        түзілуі,        косылу      реакцияларының        н
әтижесінде
көміртек   тізбегінің   ұзарып,   бензол   және   оның   туындыларын   түзе
циклденуі.

4.        Бүйір тізбектері бар ароматты қосылыстардың түзілуі.

5.        Тұйық ароматты қосылыстар - ПАК пен күйенің түзілуі.

    

   Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

1.Іштен жану қозғалтқыштарында зиянды өнімдердің түзілуі

2. Төмен температурада метан жанғанда күйенің түзілуі

3. Көмірсутектер жанғанда күйенің түзілуін зерттеу

4. Күйе түзілу механизмдері

  

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Е.Т. Денисов Кинетика гомогенных химических реакций. – М.: Высшая школа, 1988.

2. С. Моррисон  Химическая физика поверхности твердого тела. – М.: Мир, 1990.

3.  Е.Т. Денисов, О.М. Саркисов, Г.И. Лихтенштейн  Химическая кинетика. – М.: Химия, 2000.

4. Букейханов, З.А. Мансуров, З.А. Моисеев  Некоторые проблемы конструирования и управления химическими процессами. Алматы, 1994.

5. Салем Л. Электроны в химических реакциях. Мир, 1985, 224с.

6. Потапов В.М., Кочеткова Э.К. Химическая информация. Где и как искать химику нужные сведения. –М.: Химия, 1988.

  

         №8  Дәрістің тақырыбы:  Бос радикалдар мен атомдардың химиялық физикасы

            Дәріс жоспары: 1. Бос радикалдардың кеңістіктегі құрылымы

                                         2.   Бос радикалдардың алынуы

          3.  Бос радикалдардың реакцияға түсу қабілеті мен байланыс энергиясы және рекомбинация ұғымы

4.  Бос радикалдардың магниттік қасиеттері, спиндік ұстағыштар әдісінің ерекшелігі

5. Бос радикалдардың масс – спектрометриясы

           

         Химиядағы реакциялардағы аралық бөлшектердің бірі – бос радикалдар.

Бос радикал (монорадикал) – сыртқы валенттік орбиталінда жұптаспаған электроны бар бейтарап көп атомды бөлшек. Мысалы: ∙СН3–метил радикалы, ∙NН2 – амин радикалы, ∙ОН – гидроксил радикалы, RО2∙ – көмірсутектердің пкроксид радикалы.

Жұптаспаған электроны бар бір атомды бөлшек радикал емес, атом деп аталады. Мысалы, Н∙ – сутегі атомы, Cl∙ - хлор атомы.

Бирадикал-екі жұптаспаған электроны бар бөлшек, мысалы

 

Бос радикалдар мен атомдар полимерлену, тотығу, галогендеу, ыдырау және т.б. әртүрлі химиялық процестерде активті аралық бөлшектер болып табылады. Олардың қатысуымен атмосферадағы реакциялар, көптеген технологиялық процестер, тірі ағзадағы тотығу – тотықсыздану реакциялары жүзеге асады.

Көміртек атомында жұптаспаған электроны бар бос радикалдардың екі типі бар: σ- және π- радикалдар. σ--радикалдарда жұптаспаған электрон π-радикалда орналасады, ол бос валенттігі (жұптаспаған электроны) бар көміртек атомының гибридтенуін сақтап қалады. Мұндай радикалдағы атомдардың геометриясы молекуланың құрылымына ұқсас. Мысалы, этилен Н2С=CH2 молекуласында C=C-H бұрышы 1200, ал одан түзілетін винил радикалында Н2С=C∙Н бұл бұрыш 140-1500.

σ-радикалдарда бос валенттік молекуладағы π-байланыстар жүйесі бойынша делокализацияланбайды. Мысалы, ∙C6Н5 фенил радикалында делокализация жоқ.

Алкилды π-радикалдарда жұптаспаған электрон р-орбитальда орналасады және көміртек атомы sp2-гибридтену күйінде болады. Радикалдың түзілуі көміртек атомының  sp3-күйден  sp2-күйге ауысуымен өтеді, бұл бөлшек геометриясына әсер етеді. Мысалы, метанның СН4 пішіні тэтраэдр (С-Н байланыстарының арасындағы бұрыш 109028¢), ал ∙СН3 радикалының пішіні жазық және С-Н байланыстарының арасындағы бұрыш 1200.

π-радикалдың құрамында қос байланыс немесе ароматты сақина болса, онда бос валенттік делокализацияланады. Жұптаспаған электронның электрондық тығыздығы молекуладағы π-байланыспен әсерлесу нәтижесінде атомдар арасында қайта таралады. Мысалы, аллил радикалында электрондық тығыздық келесі түрде таралады:

                                                 ∙СН2 – СН = CH2

                                                +0,62  -0,23  +0,62

Сондықтан оның құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:

                                                        Н2С------CH------CH2

            Жұптаспаған электрондардың дилокализациялануынан аллил радикалының реакцияға түсу қабілеті бос валенттігі локальданған пропил радикалының ∙СН2 – СН2 – CH3 реакцияға түсу қабілетімен салыстырғанда төмен болады.

Жұптаспаған р-электрондары бар бөлшектер арасында да рекомбинациялану қабілеті әлсіз немесе жоқ бөлшектер кездеседі. Оларды молекулалар деп санайды. Мысалы, оларға тақ санды электрондары бар бөлшектер: NO (15 электрон), NO2 (23 электрон), ClO2 (33 электрон)  және негізгі күйде екі жұптаспаған р-электроны бар оттегі О2 молекуласы жатады.

Бос радикалдар тұрақты да болуы мүмкін. Оларға мысалы, дифенилпикрилгидразилді (ДФПГ) жатқызуға болады, онда жұптаспаған электроны бар азот атомы радикал құрамына кіретін орынбасарлармен күшті экрандалған:

 


Екі заряды бар гидрохинон анионының тотығуы кезінде түзілетін семихинон ион-радикалдарға жатады:

Бос радикалдардың алынуы. 1900жылы Гомберг гексафенилэтанды алуды келесі реакция теңдеуі бойынша жүргізген:

   2 (С6Н5)3CCl + 2Ag → (С6Н5)3CC(С6Н5)3 + 2AgCl        

Бірақ, алынған заттың химиялық қасиеттері күтілген нәтижеден өзгеше болған, ол оттегімен жылдам әрекеттесіп, пероксид түзген, молекулалық жолмен реакцияға түскен. Гомберг алынған заттың құрамында үш валентті көміртек, яғни ол трифенилметил радикалы Рһ3С деп болжап, келесі тепе-теңдікті ұсынады:

        (С6Н5)3CC(С6Н5)3 ↔ 2(С6Н5)3C*

Трифенилметил радикалдары оттегімен жылдам әрекеттеседі, бұл пероксидтің түзілуін түсіндіреді:

(С6Н5)3C*+ O2 → (С6Н5)3CO2*

    (С6Н5)3C*+ (С6Н5)3CO2*→ (С6Н5)3COOC(С6Н5)3*

Олар иодпен де жылдам әрекеттеседі, трифенилметилйодидтің түзілуін түсіндіреді:

(С6Н5)3C*+ I2 → (С6Н5)3CI + I*

Гомбергтің жаңалығын органик-химиктер онша қабылдамады, бірақ кейін алынған мәліметтер көптеген химиялық реакцияларда активті аралық өнімдер ретінде бос радикалдардың түзілетіндігін дәлелдейді.

Көптеген жылдардан кейін гексафенилэтанды ЯМР әдісімен анализдеу бұл димердің құрылымы хиноидты екендігін көрcетеді.

 


 Бол алкил (метил) радикалдарының бар екендігін Панет пен Хофдиц 1929 жылы жүргізген тетраметилқорғасынның термолизі нәтижесінде нақты дәлелдейді. Олар түтік арқылы тетреметилқорғасын буымен қаныққан сутегі газынын ағынын жібереді (1-сурет) . Түтік жанарғымен қыздырылған жерде металл қорғасын айнасының түзілуі бақалады, ал түтіктен шыққан азот буынан этан табылады. Жанарғыны газ ағынына қарай түтік бойымен жылжытқанда, жаңадан қыздырылған жерде жаңа айна түзілген, ал бұрынғысы біртіндеп жойылған. Бұл құбылыстар (СН3)4Рb термолизінің нәтижесінде метил радикалдарының түзілуімен түсірдіріледі:

Pb(СН3)4 → Pb(СН3)3 + *СН3

тағы сол сияқты  PbCН3 → Pb + *СН3

Жаңадан тұнған қорғасынмен метил радикалдары әрекеттесіп, оны жояды:  *СН3 +Pb → PbСН3

        *СН3 + *СН3 → С2Н6

 


 1-сурет. Бос радикалдарды ұстауға Панет қондырғысы

 

Бос радикалдар кейбір тұрақты молекулалардың ыдырауы нәтижесінде түзіледі, мысалы, азометан екі метил радикалын түзе жеңіл ыдырайды:

СН3-N=N-СН3 → 2*СН3 + N2

Кейбір жағдайларда екі молекуланың арасындағы реакция нәтижесінде түзіделі:

  СН4 + О2→ *СН3 + НО2·

Бос радикалдар жұптаспаған электроны бар ауыспалы металдардың қосылыстары қатысатын процестерде жеңіл түзіледі, мысалы

Fe2++НO:OH → НO* + FeОН2+

реакциясы сутегі пероксидінің ерітіндісі тұрақты болатын 00С-тың өзінде-ақ қуатты жүре бастайды.

Бұдан басқа, бос радикалдар жүйеге жарықпен,  иондаушы сәулемен немесе электр разрядымен әсер еткенде түзіледі. Ацетонға толқын ұзындығы 200нм жарықпен әсер еткенде метил және ацетил радикалдарын түзе ыдырайды:

    СН3СОСН3 + hv → *СН3 + *СОСН3

Сутегі молекуласынан иондаушы сәулелердің әсерінен сутегі атомдары түзіледі.

Н2 →(Н2)* → 2Н*    

Бос радикалдардың реакцияға түсу қабілеті мен байланыс энергиясы. Бос радикалдардың, бос атомдар сияқты химиялық реакцияға түсу қабілеті жоғары. Олар өзара соқтығысқанда жұптаспаған электрондар жұп құру нәтижесінде молекулаға бірігеді, бұл процесс рекомбинация деп аталады

Бос радикалдар рекомбинацияланумен қатар, басқа молекулалармен атомдар тобын үзе жеңіл әрекеттеседі:

            СН4 + ОН→ *СН3 + Н2О      

            Радикалдар ыдыс қабырғасындағы жұптаспаған электронмен әрекеттесіп, ыдыс қабырғасының материалымен химиялық байланыс түзеді, яғни ыдыс қабырғасымен ұсталады.

            Химиялық реакцияларда молекулаларда химиялық байланыстар қайта құрылып, бір байланыстар басқасымен алмасады. Көп жағдайда қайта құрылу кейбір электрон жұптарының үзіліп, жаңа электрон жұптарының түзілуімен жүзеге асады. Мұндай процестер гомолиздік процестер деп аталады. Мысалы, сутегі атомының хлор молекуласымен реакциясы:

                                                Cl:Cl + H*→Cl*+H:Cl

            Бос радикалдардың қатысуымен өтетін процестер “Гомолиздік реакциялар” және “Тізбекті реакциялар” бөлімдерінде толығырақ қарастырылады.

            Екі атомды молекулада байланыстың диссоциациялану энергиясы молекуланы түзетін атомдармен анықталынады. Төменде атомдары бір σ-байланыспен бірқатар молекулалар үшін осы энергия мәндері (кДж/моль) келтірілген:

 

H-H

F-F

Cl-Cl

Br-Br

I-I

H-F

H-Cl

H-Br

H-I

Br-Cl

Cl-I

436

159

243

193

151

570

432

366

298

217

211

           

Молекуладан молекулаға қарай байланыстың диссоциациялану энергиясы кең аралықта 151-ден 570 кДж/мольға дейін өзгеретінін көруге болады.

Еселік байланыстары бар молекулаларда бұдан да берігірек (кДж/моль):

N-N

O=O

C=O

N=O

S=O

945

498

1076

630

522

 

            Көпатомды молекулаларда байланыстың орташа энергиясын жеке байланыстың диссоциациялану энергиясынан ажырата білу керек. Мысалы, метанда С-Н байланысының диссоциациялану энергиясы 200кДж/моль, ал Н2С-С байланысының диссоциациялану энергиясы D(Me-H)=440кДж/моль.

            Көпатомды молекулада байланыстың диссоциациялану энергиясы молекуланы түзетін атомдарға тәуелді. Мұны келесі қатардан көруге болады (кДж/моль):

HO-H

Н2N-H

СН3-H

HS-H

Н3Si-H

498

449

440

381

378

 

            Байланысты түзетін атомдағы орынбасарлар да айтарлықтай әсер береді (кДж/моль):

Н2С-H

Н3СН3C-H

(СН3)2НС-H

(СН3)3С-H

(С6Н5)Н2С-H

440

422

412

400

375

 

Байланыс түзетін көміртек атомының атомдық орбиталінің гибридтену дәрежесінің маңызы зор. Мұны қосылыстардың келесі қатарынан көруге болады:

(СН3)2СН-H

СН2=СH-H

С6Н5-Н

CH=C-H

sp3

sp2

sp2

sp

D=412кДж/моль

464кДж/моль

474кДж/моль

548кДж/моль

 

            Бос радикал R*R-X байланысы үзілу нәтижесінде түзіледі, сондықтан оның түзілу энтальпиясын R-X байланысының гомолиздік үзілу энтальпиясы арқылы бағалауға болады, ол байланыстың диссоциациялану энергиясына тең:                                                          R-X→R*+X*

                                           ∆H(RX)+D(R-X)=∆Н(R*)+∆H(X*)

            Өз кезегінде ∆H(X*) = 0,5D(X-X) және ∆H(R*) = ∆H(RX) - 0,5D(X-X)+D(R-X).

∆H(R*) мен ∆H(RX) салыстырсақ, радикалдың түзілу энтальпиясы бастапқы молекуланың түзілу энтальпиясынан біршама жоғары екендігін көруге болады. Бұл радикалдың жұптаспаған электрон түрінде химиялық энергияның көп қорына ие екендігін көрсетеді.

Молекула (RH) мен радикалдың (R*) түзілу энтропияларының ∆S айырмашылығы үлкен емес, бұл келесі салыстырудан байқалады.:

 

*СН3

*С2Н5

СН3О*

НО*

∆S(R*), кДж/моль

193

250

230

184

∆S(RН), кДж/моль

186

229

219

189

 

Көптеген радикалдар үшін олардың түзілу энтальпиялары эксперимент жүзінде анықталынады.

Радикалдардың ∆Н мәнінен Бенсон жасаған аддитивтік сызбанұсқа бойынша да бағалауға болады. Молекулалар мен радикалдардың ∆Н мәнін есептеудің аддитивтік сызбанұсқасы молекула немесе радикалдың түзілу энтальпиясы осы бөлшек құрамындағы атом топтарының түзілу энтальпияларының қосындысы ретінде есептеуге негізделген. Мысалы, 3,3-димиетилбутил радикалы үшін метил СН3 тобынан, С тобынан, СН2 тобынан және С*Н2 тобынан тұрады. Демек, оның түзілу энтальпиясы:

∆Н(Ме3ССН2С*Н2)=3x∆Н(C-(C)(H)3)+∆H(C-(C)4)+∆H(C-(C)2(H)2)+∆H(C*-(C)(Н)2)=3x(-42,2)+2,1+(20,7)+160,7=155кДж/моль

Бос радикалдардың магниттік қасиеттері. Бос радикалдың сыртқы электрондық қабатында жұптаспаған электрон бар, демек оның спині S=1/2. Бос радикалдар мен атомдардың бұл қасиеті электрондық парамагниттік резонанс (ЭПР) әдісінің негізінде жатыр. Бұл әдіс бос радикалдарды анықтауға және зерттеуге арналған. Магнит өрісі жоқ жағдайда жұптаспаған электрондардың спиндері бейберекет бағытталған. Магнит өрісінде электрондардың спиндері өріспен әсерлесіп, магнит өрісінің сызықтарына параллель немесе антипараллель бағытталған. Бұл теңдеудің энергиясы ∆Е магнит өрісінің кернеулігіне Н тура пропорцонал:

                                                            ∆Е=-gμВH,

мұндағы, g – фактор немесе Ланде факторы деп аталады; μВ – Бор магнетоны:

                                           μВ=eh/4πmec=9,274*10-24 Дж*Т-1 

мұндағы е және me – электрон заряды мен массасы, h – Планк тұрақтысы, с – жарық жылдамдығы.

            Магнит өрісінде бөлшектер магнит өрісімен әсерлесу энергиялары бойынша спиннің бағытталуына сәйкес таралады: өріс кернеулігіне параллель немесе антипараллель. Мұндай әсерлесу жоғары микротолқын ауқымда жатыр. Осы екі энергетикалық күйлер арасындағы қатынас Больцманның таралу заңына бағынады:

                                                   n(∆E)/n(0)=exp(-gμВH/kT)

            Мұндай жүйеге (бос электрондары бар үлгіге) микротолқын сәуле өткізгенде ол келесі теңдікті қанағаттандыратын v жиілікте жұтылады:

                                                                  hv= gμВH

            Энергияны жұтып, жұптаспаған электроны бар бөлшек төмен деңгейден жоғарыға ауысады. Больцман таралуы бөлшектің жоғарғы энергетикалық жүйеден төменгіге сәуле шығармай релаксациялық кері ауысуымен қамтаммасыз етіледі.

            Қазіргі заманғы радиоспектрометрлер 3 см толқын ұзындығына 3500 гауссқа жақын магнит өрісінің кернеулігінің облысында жұмыс жасайды. ЭПР-спектрометр келесі негізгі түйіндерден тұрады, микротолқын сәуле көзі (клистрон), сәулені жұтатын бос радикалдары бар үлгі орналасатын ұяшық, ұяшық орналасқан кеңістікте орнаған магнит өрісін туғызатын үлкен магнит, энергиясының жұтылуын көрсететін детектор және басқару, тіркеу және жазу жүйелері.

            1-фактор әрбір жеке бөлшектің физикалық сипаттамасы және ол бір бөліктен екіншісіне өткенде айтарлықтай өзгереді. Оның мәні электрон мәніне және оның орбитальдік моментіне де тәуелді болады. Бұл фактор бөлшектің электрондық құрылымы мен оның электрондық қабатының симметриясы арқылы ақпарат береді. g – фактордың мәні жоғарыдағы теңдеумен v және Н мәні белгілі болғанда есептеледі.

            Егер бөлшек құрамында ядролық спині бар  бір немесе бірнеше атом бар, онда мұндай бөлшекте электрон спині мен ядролық спин арасында түрлену болады. Магнит өрісінде ядролық спиндер де магнит өрісіне параллель немесе антипараллель бағытталған. Осыған байланысты жұптаспаған электроны магнит пен көрші атом туғызатын өрісте болады.

           

 

 

            2-сурет. ЭПР-спектрометрінің сызбаңұсқасы:

1-микротолқын көзі (клистрон), 2-толқын жолы, 3-резонатор, 4-магнит, 5-қорек көзі, 6-үлгі, 7-детектор, 8-күшейткіш, 9-тіркеу құрылғысы

 

Магнит өрісінде бірқатар (21+1) дискретті  бағытталу алатын спинге І байланысты жұптаспаған электронның жұту сызығы 2І+1 сызыққа жіктеледі. Протон ядросының спині ½. Сондықтан сутегі атомының ЭПР спектрнде дублет (екі жұту сызығы) байқалады. Метил радикалында жұптаспаған электрон үш эквивалентті сутегі атомдарының спиндерімен әсерлеседі, сондықтан ЭПР спектрінде екеуі қарқындылау квартет сызықтар байқалады.

            Аса жіңішке жіктелу шамасын сандық өлшеу жұптаспаған электрон орналасқан молекулалық орбиталь туралы толық мәлімет береді. π- радикалдардың аса жіңішке жіктелу ЭПР – спектрінің сызықтарының қарқындылығы бойынша сутегі атомы байланысқан көміртек атомындағы электрон тығыздығын болжауға болады.

            ЭПР – спектрінің сызықтарының еніне келесі үш фактор әсер етеді:

1. Спин-торлы әсерлесу, мұнда спиндер Т1 уақытта өзінің артық энергиясын қоршаған бөлшектерге береді.

2. Екі радикалдың спиндері арасындағы дипольды спин-спиндік әсерлесу, мұндай әсерлесу уақыты Т2. Үлгідегі радикалдар концентрациясы көбейген сайын, олар жиірек әсерлеседі және Т2 мәні қысқарады.

3. Алмаса әсерлесу

Егер сызық енін ∆ω алғашқы екі әсерлесу анықталса, онда ол Т1 және Т2 – ге тәуелді:                    ∆ω= Т1-1 + Т2-1 

ЭПР – спектрінің жұтылу қисығының астындағы ауадан үлгідегі бос радикалдардың концентрациясына тура пропорционал. ЭПР – спектрометр әдетте жұтылу қисығының туындысын жазатын болғандықтан магнитті өрістің кернеулігі бойынша жұтылу қарқындылығын екі рет интегралдау қажет:

                                        [R]∞∫Н1Н2 ∫Н1Н2[спектр]d2Н

Пропорционалдық коэффициентін бағалау үшін спин саны белгілі стандартты үлгі қолданылады. Егер радикалдардың салыстырмалы концентрациясын ғана бақылау керек болса, онда ЭПР-спектрометр ұяшығында   эксперимент жүргізу шарттарын өзгертпей, жұтылу сызығының биіктігін пайдалануға болады.

Микротолқын сәулені жұту радикалдардың төменгі деңгейден энергиясына ауысуына алып келеді. Сәуле қарқындылығы жоғары болған сайын, жоғарғы зеемен деңгейі жылдамырақ толыға бастайды. Релаксация процесі жылдам өтсе, спиндері параллель және антипараллель бағытталған радикалдардың концентрацияларының арасындағы қатынас Больцман заңына бағынады, яғни exp (-hv/kT)-ға тең. Бірақ жоғарғы деңгей өте қарқынды болса, бұл қатынас бұзылады; релаксация жылдамдығы спиндердің қозу жылдамдығымен шамалас болады. Мұндай жағдайда ЭПР-спектрінің жұтылу заңының кеңеюі жүзеге асады және ЭПР-сигналының биіктігі мен үлгідегі радикалдардың концентрациясының арсындағы пропорционалдық бұзылады.

Көптеген радикалдар (HO·, RO·,  ·CH3,) мен атомдар (Н·,D·)өте белсенді және еріткішпен жылдам әрекеттеседі. Мұндай радикалдарды анықтау қиындықтарынан құтылу үшін спиндік ұстағыштар әдісі жасалған.

Спиндік ұстағыш – бос радикал немесе атоммен жылдам әрекеттесіп, тұрақты ұзақ өмір сүретін радикал түзетін қосылыс. Спиндік ұстағыштар ретінде қосылыстардың екі тобы қолданылады: нитрондар мен нитрозоқосылыстар.

Жиі спиндік ұстағыш ретінде 2-метил-2-нитрозопропан қолданылады.

Спиндік ұстағыштар әдісінің келесі артықшылықтары бар:

1. Ол радикалдардың түзілу жылдамдығын әртүрлі жағдайлар мен шарттара өлшеуге мүмкіндік береді.

2. Бұл әдіс тікелей анықталмайтын О2*, НО2*, RO*, RO2*, RS*  радикалдарын судағы ерітіндіде анықтауға мүмкіндік береді.

3. Спиндік ұстағыштар әдісі – интегралдық әдіс. Спиндік аддукттің өмір сүру уақыты анықталатын радикалдың өмір сүру уақытынан ұзақ болғандықтан, әдіс аддуктті жоғары концентрацияда жинауға жағдай жасайды.

4.Спиндік аддукт өзінің спектрінде оған қандай радикал қосылғандығы жайында ақпарат береді. Бұл ақпарат спин-аддукттің аса жіңішке жіктелу спектрінде бар.

Бос радикалдағы жұптаспаған электрон барлық бөлшекке тұрақты магнит моментін береді. Егер бос радикалы бар үлгі біртекті емес магнит өрісіне орналастырылса, онда радикалдардың магниттік моменттері магнит өрісімен әсерлеседі, нәтижесінде үлгіні күшті магнит өрісінің облысына тартатын күш пайда болады. Егер үлгіде жұптаспаған электроны бар бөлшек болмаса және оның молекулалары диамагнитті болса, онда кері әсер орын алады: магнит өрісі диамагнитті үлгіні сыртқа тебеді. Магнит өрісінің тебу әсері осы өрістің димагнитті молекулаларға беретін магнит моменттерімен әсерлесуінің нәтижесінде орын алады. Осылайша, парамагнетизм – үлгіде магнит моменті, демек жұптаспаған электроны бар бөлшектер (бос радикалдар) бар екендігінің эксперименттік дәлелі. Электрон қабатында электрондардың саны жұп, магнит моменті бар кейбір молекулалар (мысалы, О2 молекуласы) ғана бұл ережеге бағынбайды.

Үлгінің магниттік өтімділігін Гюи таразыларында өлшеуге болады. Таразы иінінің бір ұшына бекітілген үлгіні магнит өрісінің полюстерінің арасына орналастырып, тастармен теңестіреді. Сосын, электромагнитті қосып, парамагнитті үлгі магнит өрісінің ішіне қарай тартылғанын байқайды. Магнит өрісінің әсер ету күшін тастармен теңестіреді. Магнит өрісінің үлгіге әсер ету күші  үлгідегі спиндер санына және магнит өрісінің кернеулігінің квадратына тура пропорционал. Спиндер саны белгілі эталонмен таразыны градуирлеу арқылы үлгідегі спиндер санын анықтайды. Әдіс тұрақты бос радикалдары бар үлгілерге ғана қолданылады.

Бос радикалдардың масс – спектрометриясы. Масс-спектрометр – зат молекуласын иондау нәтижесінде түзілетін иондардың массасы мен заряды бойынша заттарды ажыратуға мүмкіндік береді. мысалы:

                                                          RX + e-→ R+ + X- + e-    немесе

RX + e- →R+ +X- + 2e-

            Иондану иондау камерасында жүзеге асады, магнит өрісінде иондар массасы мен заряды бойынша жіктеледі.

            Бос радикалдары молекулалармен қоспасында анықтау радикал R* потенциалы молекула RX потенциалына қарағанда әрқашан аз болғандықтан мүмкін болады, сондықтан радикалдың электронмен соқтығысу процесінде қолдану молекуламен соқтығысуға қарағанда аздау электрон энергиясында жүзеге асады:

                                                             R*+ e- →R+ +2e-

            Иондану потенциалдарындағы (ИП) бұл айырмашылықты келесі мәлметтерден көруге болады:

 

*СН3

*С2Н5

(СН3)2С*Н

(СН3)3 С·

Цикло - С6Н11·

С6Н5 СН2·

эВ

9,9

8,7

7,9

7,4

7,7

7,8

эВ

12,6

11,5

9,7

10,6

9,8

8,8

 

Молекулалар мен радикалдың иондану потенциалдарындағы бұл айырмашылық масс–спектрометрияда радикалдарды анықтау үшін қолданылады. Радикалдарды иондау үшін  радикалдың иондану потенциалынан жоғары, бірақ сәйкес молекуланың иондану потенциалынан энергиясы бар электрондар пайдаланылады. Иондану тогының байқалу потенциалы бойынша жүйеде радикалдың бар–жоқтығын анықтайды. Молекуланы RX (А(R+)) және радикалы R* (ИП) иондауға қажет электрондар энергиясының айырымы бойынша D(R-X) байланыс беріктігін анықтуға болады:

D (R-H) = A (R+) – ИП(R*)

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

 

1. Бос радикалдардың кеңістіктегі құрылымы

           2.   Бос радикалдардың алынуы

          3.  Бос радикалдардың реакцияға түсу қабілеті мен байланыс энергиясы және рекомбинация ұғымы

4.  Бос радикалдардың магниттік қасиеттері, спиндік ұстағыштар әдісінің ерекшелігі

5. Бос радикалдардың масс – спектрометриясы

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Эмануэль Н.М., Кузьмин М.Г. Экспериментальные методы химияческой кинетики. - М.: Издание МГУ, 1985.С.124

2. Рабек Я. Экспериментальные методы в фотохимии и фотофизике. -М. Мир, 1985. -607 с.

3. Романовский Б.В. Основы химической кинетики. -М.: Экзамен, 2006, -419 с.

4. Саркисов О.М., Уманский Я.А. Фемтохимия ⁄⁄ Успехи химии, 2001, т.70 №6. -С. 515-548.

5. Саркисов О.М. Химия переходного состояния (фемтохимия) ⁄ ⁄ Журнал РХО им.Д.И.Менделеева, 1990. №6. С.679-681

6. Бучаченко А.Л. Время в химии ⁄ ⁄ Соросовский образовательный журнал, 2001. №8. С.27-30.

7. Еремин В.В., Кузьменко Н.Е. Фемтохимия: квантовая динамика или химическая кинетика ⁄ ⁄ Природа, 2005. -№8. -С.11-13.

  

        №9  Дәріс    Радикалдарды немесе элементар реакцияларды зерттеу әдістері

Дәріс жоспары: 1. Бос радикалдардың реакцияға түсу қабілетін анықтау тәсілдері

2. Бос радикалдардың концентрациясын өлшеу және алу әдістері

3. Қайшыланған молекулалық шоғырлар әдісі

4. Статикалық және ағындық әдістер

5.  Лазерлік индуцирленген флуоресценция (ЛИФ) спектроскопиясы

6.  Электронды-адиабаталық емес реакциялар

            Элементар процестерде реагенттер – атомдар, радикалдар, айналмалы, тербелмелі және электронды-қозған молекулалар болғандықтан, мұндай реакцияларды зерттеу көп қиындық туғызады. Мұндай бөлшектер басқа бөлшектермен өте жылдам әрекеттеседі, сондықтан олардың өмір сүру уақыты аз. Аз уақыт өмір сүретін бөлшектерді активті бөлшектер деп атау қабылданған.

            Активті бөлшектер қатысатын элементар процестерді зерттеудің кез келген элементар аппаратурасы осы бөлшектерді алу және анықтау әдістерінен тұрады. Бірақ, активті бөлшектерді анықтау және алу тәсілдері элементар процестерді зерттеу шарттарымен анықталады.

            Бұл шарттарды таңдау элементар процесс қысым мен температураның қандай облысында зертелетініне, зерттелетін элементар процестің типіне ақпаратты қандай микроскопиялық деңгейде алуға байланысты. Осы факторларға байланысты эксперименттерді жүргізу шарттары өте арнайы мақсатта болып, бұл ерекше техниканы қажет ететін белгілі бір әдістерді жасауды қажет етті.

            Мысалы, элементар процесті соқпа түтіктерде қайшыланған молекулалық шоғырларда, ағындық жағдайларда, статикалық реакторда зерттеуге болады. Бұл әдістер стандартталып, элементар процестерді зерттеу әдістері деп аталды.

            Бос радикалдардың реакцияға түсу қабілеті жоғары болғандықтан олардың қасиеттерін зерттеу үшін олардың физикалық әдістерімен зерттеуге жеткілікті жоғары концентрациясын басқа бөлшектерге айналу уақытымен салыстырғанда аз уақытта алу қажет. Сондықтан бос радикалдардың қасиеттері мен түрленулерін зерттеу үшін бос радикалдар түзуге қабілетті жүйеге әсер етудің импульсивті әдістері қолданылады. Жарықпен молекуланы қоздыру арқылы бос радикалдар алу үшін импульстік фотолиз (флеш-фотолиз) әдісі қолданылады. Флеш-фотолиз қондырғысында (1-сурет) күші өте үлкен электр разрядының көмегімен қуатты жарық импульсі алынып, ол қысқа уақыттың ішінде молекулалардың көп санының ыдырауына алып келеді. Элементар бөлшектердің қуатты үдеткіштерін пайдаланып, энергияға бай электрондардың қысқа импульсін алуға, сосын заттың импульсивті радиолизін жүргізуге болады, нәтижесінде бос радикалдардың жоғары концентрациясы жинақталады.

            Қысқа жылулық импульс алып, яғни секундтың өте аз үлесіне (10-8 с) реакциялық қоспаны жоғары температураға дейін қыздырып, молекулаларды бос радикалдарға жылдам ыдыратуға болады. Бұл мақсатта реакцияны соқпа түтікте жүргізеді, онда мембрана жарылғанда газдың соқпа толқын шебінің алдында бірден сығылуынан газдың жұқа қабаты бірнеше мың градусқа дейін жылдам бақыланатын қызуы жүзеге асады. Реакцияны соқпа түтікте зерттеу қондырғысының сызбанұсқасы 2-суретте келтірілген.

Бос радикалдардың көп мөлшерін алудың тағы бір жолы – оларды төмен температурада қатыру. Сонда бұл кезде рекомбинация процесі жүрмейді. Осы мақсатта жалында немесе электр разрядында пайда болған бос радикалдарды төменгі температурада жылдам мұздатады немесе оларды өте төменгі температурада (сұйық гелий немесе сұйық сутегі температурасына дейін төмендетілген) заттың қатырылған үлгілеріне жарықпен немесе иондаушы сәулемен әсер ету арқылы алады.

            Бос радикалдарды ұстап, идентификациялау, концентрациясын өлшеу үшін оптикалық, магниттік, масс-спектроскопиялық, химиялық және басқа бірқатар әдістерді қолданылады.

 

  

            1-сурет. Фленг-фотолиз қондырғысы: 1 – спектрограф, 2 – реакциялық ыдыс, 3 – орталық рефлектор, 4 – импульстік шам, 5 – спектр түсіретін импульстік шам.

 

 

 

 

2-сурет. Соқпа толқын әдісімен реакцияны зерттеу қондырғысы:

1 – жоғары қысым бөлігі, 2 – мембрана, 3 – төменгі қысым бөлігі, 4 – абсорбциялық өлшеулер үшін жарық көзі, 5 – линзалар, 6 – қысым датчигі, 7 – фотоэлектрондық көбейткіштер, 8 – осциллограф, 9 – спектрограф, 10 – соқпа толқын жылдамдығын өлшейтін жиілік өлшегіш, 11 – қысымды өлшеу жүйесі, 12 – сору, 13 – газ қоспаларын құрайтын жүйе, 14 – газды жоғары қысым бөлігіне жіберу жүйесі, 15 – манометр.

           

            Оптикалық әдістер көптеген қарапайым радикалдарды, соның ішінде екі атомды радикалдарды зерттеу барысында үлкен роль атқарады. Бірақ, соңғы уақытқа дейін бұл әдіспен тек жалындағы (сутегінің жануы кезіндегі •ОН бос радикалы) немесе активтігі төмен радикалдар (Н2S тотықтырғандағы SО• бос радикалы) ғана зерттелді.

            Қазіргі оптикалық әдістердің сезімталдығы химиялық өзгерістегі бос радикалдардың сипаттамасын  зерттеуге жеткіліксіз, себебі радикалдардың концентрациясы өте төмен (10-7 моль/л).

            Бос радикалдардың концентрациясы электронды парамагниттік резонанс (ЭПР) спектроскопиясы әдісімен өлшенеді. Әдіс бос радикалды реакциялардың кинетикасын, қосылыстардың құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс кез келген агрегаттық күйдегі радикалдарды тіркеу үшін қолданылады. Мысалы, осы әдіспен Н•,О,•ОН радикалдары сутегі, сутегі мен көміртек оксиді жалындарында газды фазада табылған, •RО2 радикалы кумолдың сұйық фазада тотығу өнімдерімен алынған, көптеген радикалдар қатты фазада полимерлерден табылған.

            Химиялық реакцияларда бос радикалдарды зерттеу үшін масс-спектрометрия әдісі де қолданылады.

            Осы физикалық әдістермен қатар радикал мөлшерін анықтауда химиялық әдістер де қолданылады. Химиялық әдістерде жүйеде бос радикалдың бар екендігін химиялық қосылыстың пайда болуына байланысты анықтайды. Мысалы, Панет айнасы әдісінде көптеген бос радикалдардың бірқатар металдармен (Pb,Sb және т.б.) металлорганикалық қосылыс түзу қасиеті пайдаланылады. Зерттелетін қоспа өткізілген түтікшеде металл қабықшасының (айнасының) жоғалып, ұстағышта (тіркегіште) металлорганикалық қосылыстардың пайда болуына қарап, бос радикалдардың мөлшері мен олардың табиғаты туралы айтуға болады. Мысалы, қорғасын айнасының жойылып, ұстағышта Pb(СН3)2 қосылысының пайда болуы  түтікшеден өткен қоспада •СН3 радикалының болғанын дәлелдейді. 1-суретте бос радикалдарды анықтауға арналған Панет қондырғысы көрсетілген.

            Химиялық әдістің тағы бір түрі – Шварцтың толуолдық әдісі. Бұл әдіс толуолдың метил тобындағы С-Н байланысының энергиясының төмендігіне (82 ккал/моль) негізделген. Толуолдың метил тобынан Н атомын жұлып алған кезде пайда болатын бензил радикалының С6Н5•СН2 активтігі өте төмен, сондықтан ол басқа молекулалардан Н атомын үзіп ала алмайды. Егер активтігі жоғары R• радикалы түзілетін жүйеде толуол болса, онда мына реакция жүреді:

R•+ С6Н5СН3® С6Н5•СН2+RН

            Реакция нәтижесінде түзілген С6Н5•СН2 радикалдары рекомбинацияланып, дибензил молекуласын береді:

2 С6Н5•СН2 ® С6Н5СН2СН2С6Н5

            Толуол қатысында дибензилдің түзілуі осы жүйеде бос радикалдардың бар екендігін көрсетеді. Түзілген дибензил мөлшеріне қарап, бос радикалдардың мөлшерін анықтауға болады.

Қайшыланған молекулалық шоғырлар әдісі. Әдіс элементар процестер туралы орташаланған ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қайшыланған молекулалық шоғырлар әдісінің басты артықшылығы – оның көмегімен белгілі бір кванттық күйлерімен қатар, белгілі бір ілгерілмелі жылдамдыққа ие екі бөлшектің жеке соқтығысуларын зерттеуге болады. Бұл әдіс қозған және қозбаған күйлердегі тұрақты молекулалар, атомдар мен радикалдар, ван-дер-ваальс димерлері, иондар қатысатын элементар процестің динамикасын зерттеу үшін қолданылады.

            3-суретте молекулалық шоғырлармен эксперимент жүргізудің принциптік сызбанұсқасы берілген. Жылдамдықтары vА және vВ А және В бөлшектері әрекеттесу аумағында соқтығысуы мүмкін (суреттегі штрихталған облыс). Әрекеттесу өнімдері әртүрлі бұрыштармен ұшады да, детектормен тіркеледі, детекторды әрекеттесу аумағының айналасында орын ауыстыруға болады.

            А және В бөлшектердің соқтығысуын В бөлшегі тыныштық күйдегі санақ жүйесінде қарастырайық. Мұндай жүйеде А бөлшегінің жылдамдығы  vА-vВ тең болады, оны салыстырмалы жылдамдық немесе соқтығысу жылдамдығы деп атаймыз. V векторының бағытын х осінің бағыты ретінде аламыз. Санақтың х=0 нөлдік нүктесін молекулалық шоғырдың В бөлшегімен қиылысу облысының шекарасынан бастаймыз. Осылайша, х осінің бағытымен қозғалатын А бөлшегінің түсу шоғырын аламыз.

            Сурет бойынша үлкен камерада қиылысатын екі молекулалық шоғыр қажет. Екі бөлшектің жеке соқтығысуын зерттеу үшін негізгі камерадағы фондық қысым 10-6 тордан аз болмауы керек. Элементар процесс молекулалық шоғырлардың қиылысу облысында ғана жүзеге асады. Молекулалық шоғырлардың көздерінде жылдамдықтардың селекторы болуы керек, ол жылдамдықты үлкен аралықта өзгертіп, шоғырда жылдамдықтың минималды ауытқуын қамтамасыз етеді.

 

            Соңғы уақытта молекулалық шоғырды газды сопло арқылы дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен өткізу арқылы алады. Соплодан шоғыр бірінші алдын-ала камераға келеді, ондағы қысым 10-3 торр. Коллимациядан кейін шоғыр басқа камераға түседі. Әрбір камерада артық газ автоматты түрде шығарылады.

            Детектор ретінде қазіргі заманғы ұшу-уақытты масс-спектрометрлер қолданылады, оларды молекулалық шоғырлардың қиылысу облысының айналасында айналдыруға болады. Белгілі бір кванттық күйлердегі бөлшектер лазерлік әдістермен тіркеледі. Жиі лазерлік индуцирленген флуореспенция әдісі қолданылады.

            Кейбір эксперименттерде бір бөлшектің шоғыры сиретілген газы бар соқтығыстырушы ұяшық арқылы өтеді. Мұндай техника «шоғыр-газ» техникасы деп аталады. Ол шашыраған бөлшектердің бұрыш және жылдамдық бойынша таралуын анықтай алмайды, бірақ хемилюминесценция немесе лазерлік индуцирленген флуоресценция әдістерінің көмегімен реакция өнімдерінде энергияның таралуының бейнесін береді.

Статикалық және ағындық әдістер. Реакторлардың екі типін бөліп көрсетуге болады: статикалық және ағындық.

            Статикалық реакторға С (немесе С және В) реагентін және М буферлі газын жинайды. Қоспаны импульстік фотолизге ұшыратады, нәтижесінде активті бөлшектер түзіледі. Фотоимпульстан соң әртүрлі уақыттан кейін активті бөлшектер мен реакция өнімдерін тіркейді. Элементар реакцияларды зерттеудің бұл әдісін Норриш пен Портер ұсынған, 1967 жылы бұл әдістеме Нобель сыйлығымен марапатталған.

            Жарықтың қысқа импульсінің әсерінен жарықтың жұтылып, С (Е) қозған бөлшектің түзілу процесі өтеді:

1) С+hn®С(Е)

            С(Е) қозған бөлшек диссоциацияланады немесе энергия тасымалының бимолекулалық процесіне не химиялық реакцияға қатысады:

2) С (Е)®А+L

3) С (Е)+И (М)®С (Е')+В (М),

4) С (Е)+В®D+К

            Осылайша, статикалық реакторда 2–4–процестерді, яғни қозған бөлшектер қатысатын процестерді зерттеуге болады. Бірақ, көбінесе 2 – фотодиссоциациялану процесі радикал немесе басқа қозған бөлшек болатын А активті бөлшектің түзілуімен жылдам жүреді. Бұл жағдайда

5) А+В®Өнімдер

элементар процесі зерттеледі. Демек, С заты активті бөлшектер түзу үшін қажет. А және С(Е) активті бөлшектерінің немесе олардың реакция өнімдерінің концентрациялары абсорбциялық немесе флуоресцентті спектроскопия көмегімен тіркеледі. Қазіргі уақытта активті бөлшектерді тіркеу жүйе импульстік әдістеменің көмегімен жүргізіледі. Аз уақыт өмір сүретін бөлшектердің кинетикасын зерттеу үшін фотолиздеуші және сынаушы импульстердің арасындағы ұсталу уақытын өзгертеді.

            Қазіргі уақытта элементар процестерді статикалық реакторда зерттеу активті бөлшектерді түзетін және тіркейтін импульстік техниканың дамуына байланысты кең таралған. Лазерлік спектроскопия әдістерінің сезімталдығы мен уақыттық шешу қабілетінің дамуы мен статикалық реакторларда зерттеу мүмкіндіктері өсуде. Бұл мүмкіндіктер 1 – кестеде көрсетілген.

            1-кесте. Лазерлік спектроскопия көмегімен зерттелетін элементар процестердің типтері

 

Уақыттық шешу қабілеті

Зерттелетін элементар процестердің типтері

Милли- және микросекундты спектроскопия, 10-3 – 10-7 с

Радикалдардың реакциялары

Наносекундты спектроскопия, 10-8 – 10-10 с

Энергия тасымалының серпімсіз процестері. Микроскопиялық дәрежедегі химиялық процестер: фотодиссоциация процестері, элементар реакциялардың өнімдеріне энергияның таралуы, қозған бөлшектердің реакциялары.

Пикосекундты спектроскопия, 10-11 – 10-13 с

Фотодиссоциация процестері молекула ішілік процестер.

Фемтосекундты спектроскопия, 10-13 – 10-15 с

Молекула ішілік процестердің және ауыспалы күй динамикасы.

           

Кейде статикалық реактор әдісінің түрленген түрін пайдаланады, яғни газды реактор арқылы баяу өткізіп, фотолиздеуші импульстарды қайталайды. Бұл түрленген әдісте газдың реактор арқылы өту ұзақтығы реакцияны зерттеу ұзақтығынан үлкен, сондықтан реакторды статикалық деп есептеуге болады. Баяу ағынның ролі келесі фотолиздеуші импульс уақытына дейін газды қоспаны өнімсіз түзуге негізделген.

            Статикалық реактордың пайда болуымен келесі ерекшелікті айта кету керек. Әдістің классикалық нұсқасында барлық газды қоспа импульстік фотолизге ұшырайды және фотолиздеуші импульстің үлкен энергиясын қажет етті. Бірақ лазерлік әдістердің кеңістіктегі шешу қабілеті жоғары, яғни олардың көмегімен бөлшектерді локальды аз көлемде фотолиздеп, тіркеуге болады. Бұл энергиясы аз фотоимпульстарды пайдалануға, яғни активті бөлшектерді «жұмсақ» жағдайларда түзуге жағдай жасайды. Кеңістікте шешу қабілеті бар спектроскопия әдістерін пайдаланғанда диффузия процестерін ескермейтін шарттарды орнату қажет.

            Ағындық реакторда реакцияны инертті газбен (гелий, аргон, азот және т.б.) сұйытылған, реагенттерден тұратын газдың үздіксіз ағынында зерттейді. Ағындық әдіс атомдар мен радикалдардың тепе-теңдік реакцияларын зерттеу үшін қолданылады, бірақ соңғы кездері оны қозған бөлшектер қатысатын процестерді зерттеу үшін де қолдануда.

            А атомдарының көзі ретінде әдетте аса жоғары жиілікті разряд қолданылады. Көп атомды радикалдарды алу атомдардың С тұрақты молекуламен жылдам реакцияларының көмегімен жүзеге асады. Бұл үшін С реагентін оның артық мөлшерінде барлық А атомдары қажет радикал түзе өте жылдам әрекеттесетіндей етіп таңдап алады:

•R:А+С® R•

Онда R• радикалдар ағыны қозғалып, оған екінші В реагенті араластырылады.

6)  R•+В®Өнімдер

реакциясын зерттегенде екі әдісті қолдануға болады. Егер реакцияны реагенттердің араласу аумағында зерттесе, әдіс диффузиялық деп аталады. Екінші шекті жағдай – реакцияны реагенттер толық араласатын жағдайда зерттеу.

            Диффузиялық әдісті М.Поляни ұсынған. Активті бөлшектер тар соплодан диффузиялық режимде В реагенті және М буферлі газы бар реакторға келіп түседі. Егер реактордың қабырғасымен соқтығысуды ескермесе, 6–реакция сфералық аумақта өтеді және R• концентрацияларының сфера радиусы бойынша таралуы

теңдеуіне бағынады, мұндағы D–R активті бөлшектердің В және М газдарының қоспасындағы диффузия коэффициенті, .

            r  ®¥ болғанда  шекаралық шартын ескеріп, жоғарыдағы теңдеу

түрге келеді. Диффузиялық бұлттың әртүрлі нүктелерінде  концентрациясын қандай да бір тәсілмен өлшеп, , сәйкесінше  табуға болады.

            Ағындық әдісте араласқан реагенттер үшін активті бөлшектердің концентрациясы  6-реакциядан ағын бойымен азаяды. Эксперимент жүзінде спектрометриялық әдістермен тіркелетін бұл азаю -ны анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістегі қиындықтар активті орталықтардың реактор бетімен соқтығысқанда жойылуымен, қима және көлденең диффузияны ескеру қажеттігімен, ағын жылдамдығының түтік қимасы бойынша таралуының бірқалыпты еместігімен байланысты. Әдетте эксперименттер активті бөлшектердің концентрациясының таралуын, сондай-ақ, пуазейль ағынымен байланысқан бірқалыпсыздықты ескермеген жағдайларда жүргізіледі.

            Онда активті орталықтардың концентрациясының өзгерісі

теңдеуімен сипатталады, мұндағы U – ағынның орташа жылдамдығы, x – ағын бойымен бағытталған ось, kГ- кинетикалық облыста радикалдардың бірлік көлемде гетерогенді жойылу жылдамдығының константасы (kГ=end, мұндағы d – реактор диаметрі, v – молекулалардың жылулық жылдамдығы, e - активті бөлшектердің реактор бетімен бір рет соқтығысуынан жойылу ықтималдылығы).

            Бұл теңдеудің шешімі

мұндағы

Ізделініп отырған

өрнегінен есептеледі. Эксперимент жүзінде b шамасын, кейбір жағдайларда ([B]=0) kГ шамасын анықтайды.

            Элементар процестерді зерттегенде қима диффузияны ескермейтін жағдайлар болады. Бұл келесі теңсіздік сақталғанда орын алады:

4(kэфф+kГ)DU2<< 1

            Онда алдыңғы теңдеудегі диффузиялық мүшені ескермейді.

         Лазерлік индуцирленген флуоресценция (ЛИФ) спектроскопиясы. Бұл әдісте жұтылған жарық энергиясын жарықты жұтқан тіркелетін бөлшектердің флуоресценциясы бойынша өлшейді. ЛИФ әдісінің физикасы тіркелетін бөлшекті қоздыру және қозған бөлшектер қатысатын процестердің екі түрінен тұрады, 1-процесс газды қоспаны монохромат жарықпен, жиі спектрдің көзге көрінетін немесе УК-облыстарында сәуле түсіргенде жүзеге асады. Бұл кезде жарық жиілігін v тіркелетін бөлшек В(j) электронды-қозған күйге В(1) ауысатындай етіп таңдап алады:

1) В(j)+hn®В(1)

            Жарықтың қоздырушы импульсының ұзақтығы қысқа болып, импульстің әсер ету уақытында В(j) және В(1) қатысатын процестер өтіп үлгермейтін болсын. Онда В(j) бөлшектерінің бастапқы концентрациясының қандай да бір үлесі b электронды-қозған күйге ауысады:

2) [В(j)]=b В(1)

мұндағы b фотонның жұтылу қимасына s және жарық қарқындылығына І0 пропорционал.

            Қозған бөлшектер В(1) басқа процестерге қатыса алады:

3) В(1)® В(j)+ hn

4) В(1)+М® В(j)+М

5) В(1)®жойылу

            4-процесс қозған бөлшектің В(1) газдың басқа молекулаларымен М соқтығысуы арқылы активсізденуі. Бұл процесс әртүрлі сәуле шығармайтын процестерден тұрады, онда В(1) басқа бөлшектерге немесе В(j) күйіне ауысады. Флуоресценция интенсивтігін Іфл тіркейді, ол

Іфл(t)=Сk3b[ В(j)]ехр{-(k3+k4[М]+k5)t}

мұндағы С – аппаратура тіркейтін флуоресценция үлесін сипаттайтын коэффициент. Бұл коэффициент аспапқа байланысты. Практикада флуоресценцияның уақыт бойынша интегралды шамасын өлшеу ыңғайлы:

мұндағы  - флуоресценцияның кванттық шығымы.

            ЛИФ әдісінің үздіксіз және импульстік лазерлерді пайдаланатын екі нұсқасы бар. Импульстік лазерлі ЛИФ пайдалану перспективті, себебі біріншіден бірқатар мәселелерде уақыт бойынша жоғары шешу қабілеті қажет, бұл импульстік лазерді пайдаланып, жеңіл жүзеге асады; екіншіден үздіксіз лазерлер жабатын спектрлік ауқым импульстік лазермен салыстырғанда тар. Бұл тіркелетін бөлшектер санын шектейді.

            Жиі ЛИФ қайшыланған молекулалық шоғырлар әдісімен немесе статикалық реактордағы импульстік фотолизбен бірге қолданылады. Соңғы әдіспен жиі қолданылады, бұл мұндай қондырғылардың қарапайымдылығымен байланысты. Лазерлік фотолиздің ЛИФ әдісімен біріккен нұсқаларының бірінің сызбанұсқасы 4-суретте көрсетілген.

            ЛИФ үшін лазерлер келесі негізгі талаптарға сай болу керек: сәуле сызығын қайта құру мүмкіндігі, генерация сызығының тар спектрлік ені, импульстің қысқа ұзақтығы және жоғары спектрлік айқындық болу керек. Импульстардың қайталану жиілігі флуоресценция сигналдарын жинау әдістемесін жүзеге асыратындай жоғары болу керек.

ЛИФ әдісінде жиі бояғыштардағы қайта құрылатын лазерлер қолданылады. Лазерлер ретінде Nd лазері, эксимерлі және азотты лазерлер қолданылады. Лазерлердің бояғыштағы генерациясының спектрлік ауқымы қазіргі уақытта 300-1200 нм. Бұл ауқымды УК-облысқа кеңейту үшін сызықты емес оптиканың әртүрлі әдістері: сызықты емес кристалдарда гармоникалар генерациясы және жиіліктерді қосу қолданылады.

Электронды-адиабаталық емес реакциялар. Бимолекулалық реакциялардың ең үлкен класы – максвелл-больцман таралуы жағдайларында өтетін термиялық және электронды-адиабаталық реакциялар. Бұл реакцияларды эксперименттік зерттеудің үлкен ауқымы практика сұранысымен байланысты. Элементар реакциялар туралы ақпарат атмосфера, жану химиясындағы, технологиядағы маңызды күрделі химиялық реакцияларды түсіну үшін қажет.

            Кейбір кездерде бимолекулалық реакциялар кинетикасы потенциалдық энергия беті (ПЭБ) шеңберінде ғана сипатталмайды, сондықтан эксперимент мәліметтерін түсіндіру үшін екі ПЭБ қажет. Мұндай реакциялар электронды-адиабаталық емес реакциялар деп аталады.

            Энергетикалық тепе-теңдіктегі емес процестерді (газ лазері, плазмохимия, фотохимия және т.б.) кинетикалық талдау үшін микроскопиялық жылдамдық константаларын білу қажет. Микроскопиялық реакциялардың  жылдамдық константалары мен қималары термиялық реакциялардың жылдамдық константаларына қарағанда көбірек нақты ақпарат береді, сондықтан элементар акт физикасы туралы түсініктердің дамуына жағдай жасайды.

            Соңғы уақытта О(3Р)-ның қанықпаған көмірсутектермен реакциялары электронды-адиабаталық емес механизм бойынша жүретіні жайлы мәліметтер пайда болды. Осы негізде оттегі атомының этиленмен реакциясы толық қарастырылған. Бұл реакция неліктен потенциалдық энергияның бір беті шеңберінде сипатталмайтын себебін түсіндіру үшін қарастырылады.

            О(3Р) этиленмен реакциясы молекулалық шоғырларда, әрі кәдімгі реакторда зерттелген. Масс-спектрометрия және басқа да әр түрлі спектроскопиялық әдістермен алғашқы аралық өнімдер: Н•,•СН2СНО,НС•О тіркелген. Бұл осы реакцияның негізгі екі арнасын жорамалдауға мүмкіндік берді:

1)                             О(3Р)+С2Н4®Н•+•СН2СНО

2)                             О(3Р)+ С2Н4®•СН3+НС•О

Бұл реакцияның толық жылдамдық константасы kжалпы= k1+k2 0,5-760 Торр қысым аралығында буферлі газдың қысымына тәуелсіз, ал арналар қатынасы  k1/k2 қысым ұлғайған сайын азаяды. Осы жерде эксперименттік айғақтарды түсіндіру үшін бұл реакцияның механизмі қандай болу керек деген сұрақ туады.

            О(3Р)+С2Н4 жүйесі үшін жасалған кванттық-механикалық есептеулер 5-суретте келтірілгендей энергетикалық диаграмманы тұрғызуға мүмкіндік береді.

Бірінші актта О(3Р) атомының этиленге қосылу нәтижесінде ұзақ өмір сүретін комплекс – тербелмелі-қозған триплетті симметриялы емес бирадикал 3С•Н2СН2О• түзіледі:

а) О(3Р)+С2Н4®(3С•Н2СН2О•)*

Ол өз кезегінде керісінше реагенттерге:

б) (3С•Н2СН2О•)*® О(3Р)+С2Н4

 

немесе сутегі атомы мен СН2СНО радикалына ыдырай алады:

в) (3С•Н2СН2О•)*® Н•+С•Н2СНО

Сонымен қатар, молекулалармен соқтығысу кезінде тербелмелі-қозған молекула тұрақтануы мүмкін:

г) (3С•Н2СН2О•)*+М®3С•Н2СН2О•

            Потенциалды энергияның бір триплетті беті шеңберінде басқа арналар мысалы изомерлену реакциясы да жүруі мүмкін:

3СН2СН2О®3СН3СНО

            Алайда бұл бағыттар 5-суретте көрсетілмеген, себебі кванттық механикалық есептеулерге сәйкес бұл реакцияларды жүзеге асыру бірқатар потенциалдық тосқауылды басып өтуді қажет етеді. Сондықтан бір ғана потенциалды бетті ескерсек, онда тек 1-реакция ғана жүзеге асады. Бұл реакцияны ұзақ өмір сүретін комплекс арқылы өтетін реакция деп қарастыруға болады.

            2-реакцияны жүруін және эксперимент жүзінде байқалатын k1/k2 қатынасының буферлі газ қысымына тәуелділігін түсіндіру үшін синглетті ПЭБ ескеру қажет. Мұнда триплет-синглет ауысуы жүзеге асуы мүмкін деген жорамал жасалады (буферлі газ молекуласымен М соқтығысу нәтижесінде):

д) 3С•Н2СН2О•®1С•Н2СН2О•

            Бұл ауысу 5-суретте толқынды сызықпен көрсетілген. Ары қарай ауысулар потенциалды энергияның синглетті бетінде өтеді. Түзілген бирадикал 1С•Н2СН2О• елеусіз потенциалды кедергіден өтіп, 1С•Н3СНО* тербелмелі-қозған молекула түзе изомерленеді:

е) 1С•Н2СН2О•®(1СН3СНО•)*

            Ацетальдегидтің қозған молекуласы НСО және СН3 түзе ыдырайды:

ж) (1СН3СНО)*®•СН3+•СНО

            Осылайша, 1-реакция триплетті, ал 2-реакция – синглетті күй арқылы өтеді. Бұл реакциялардың әрқайсысының жалпы реакция жылдамдығына берер үлесі олардың синглет-триплет ауысуына, демек жалпы қысымға тәуелді.

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

1. Бос радикалдардың реакцияға түсу қабілетін анықтау тәсілдері

2. Бос радикалдардың концентрациясын өлшеу және алу әдістері

3. Қайшыланған молекулалық шоғырлар әдісі

4. Статикалық және ағындық әдістер

5.  Лазерлік индуцирленген флуоресценция (ЛИФ) спектроскопиясы

6.  Электронды-адиабаталық емес реакциялар

 

         Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Н.М. Эмануэль, Д.Г. Кноре  Курс химической кинетики. – М.: Высш. школа, 1984.-823 с.

2. Л. Мейтис  Введение в курс химического равновесия и кинетики. – М.: Мир, 1984.- 901 с.

3. Р.Р. Семенов  О некоторых проблемах химической кинетики и реакционной способности – М.:  изд. АНСССР, 1958.-41-42 с.

4. Г. Эйринг, С.Г. Лин, С.М. Лин Основы химической кинетики  - М.: Мир, 1983. – 528 с.

5. Б.Я. Светлов, Н.Е. Еременко  Теория и свойства промышленных взрывчатых  веществ. – М.: Недра, 1973. – 23 с.

6. Л.В. Дубнов и др. Промышленные взрывчатые вещества. – М.: Недра, 1988. – 359 с.

7. В.И. Гущин  Задачник по взрывчатым работам. – М.: Недра, Проф. Тех.образование, 1990. – 179 с.

 

 №10 Дәріс  Макрокинетика. Тербелмелі химиялық реакциялар мен суық жалындар.

Дәріс жоспары: 1. Өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез

2. ӨЖС жүйелері жанғанда реакция механизімі мен  макрокинети-касы

3. ӨЖС термодинамикасы

4. Танталдың көміртекпен қоспасының жану заңдылықтары

 

Тербелмелі химиялық реакциялар химиялық технология, сондай-ақ биологиялық процестер, мысалы биоритмдер немесе жасушалардың бөлінуі үшін маңызды роль атқарады.

  Күрделі реакцияда әдетте аралық өнімнің концентрациясы максимум арқылы өтеді де, квазистационарлық мәнге жетеді. Бірақ, аралық өнімдердің кинетикасы лүпілденген сипаттағы жүйелер ашық болып келеді, оларды автотербелмелі химиялық реакциялар деп атайды. Мұндай реакциялардың бірі-броммалон қышқылын церий ионы катализаторы қатысында калий броматының судағы ерітіндісімен тотықтыру. Мұндай реакцияларды Б.Н Белоусов пен А.М. Жаботинский зерттеген, сондықтан кейде Белоусов-Жаботинский реакциялары деп те атайды. Қарастырылған жүйеде жүретін негізгі процестер: бромат Се3+ ионын Се4+ ионына тотықтырады, Се4+ броммалон қышқылын тотықтырып, өзі Се3- ионына тотықсызданады. Броммалон қышқылының тотығу өнімдерінен бромид ионы бөлініп шығады да, ол реакцияны тежейді. Реакция кезінде Се4+ (және Се3+) иондарының консентрациясы лүпілдеп, бірнеше рет максимум және минимум арқылы өтеді.

Концентрация шыңдарының пішіні мен жиілігі реакцияны жүргізу шарттарына тәуелді. Егер реакциялық жүйеге аз жылдамдықпен Се4+ немесе Вr- иондарын үздіксіз енгізсе, онда церий иондарының кинетикасының автотербелмелі сипаты жоғалады. Реокция реагенттер концентрацияларының белгілі бір аралығында ғана автотербелмелі режимде өтеді: (КВrО3)=0,013-0,063; (Ce3+ )+(Ce4+) ∙10-4*10-2; (H2 SO4)=0,5-2,5; KBr - іздері (2*10-5). Тербелмелі режим реагенттерін араластырғаннан кейін бірнеше уақыттан соң ғана басталады, бірақ ең тұрақталған режимге сәйкес Се4+ және Се3+ қоспасын енгізсе, онда автотербелістер бірден басталады. Реакцияны жүргізу шарттарына байланысты тербелістер периодты 5-тен 500 с-қа дейін өзгереді. Жеке сатылардың механизімі туралы келесі мәліметтер белгілі:

1.Бромат Се3+ ионын Се4+ ионына дейін тотықтырады. Реакция көпсатылы, ВrО2* және ВrО* радикалдары түзіледі. Бромид ионы бұл реакцияны тежейді. Ортаның қышқылдығы артқан сайын реакция жылдамдығыда өседі.

2. Броммалон қышқылы Се4+ ионымен тотығады:

           Се4+ + RH → Ce3+ + R* + H+

           Ce4+ + R* + H2O → Ce3+  + ROH + H+

3.Оксиброммалон қышқылы (ROH) BrOH және Br2-мен бромдалып, түзілген диброммалон қышқылы бромид-иондарын түзе ыдырайды, олар Се3+ ионының броматпен тотығуын тежейді.

 Автотербелмелі режим келесі жүйелерде байқалады:бромат-церий иондары- тотықсыздандырғыш (мұндағы тотықсыздандырғыш – қымыздықсірке, ацетондикарбон, лимон және алма қышқылдары), ацетосірке эфирі-ацетилацетон. Тағы бір мысал-иодат/ион катализаторы қатысында сутегі асқын тотығының оттегіне ыдырауы, процесс кезінде оттегі лүпілдене бөлінеді, бұл иодтың жиналу кинетикасымен корреляцияланады. Үшінші мысал – көмірсутектер газды фазада тотыққанда лүпілденген « суық » жалынның байқалуы.

Суық жалындар облысы – тотығу кезінде суық жалындардың жарқылы байқалатын температуралар облысы ( мысалы, пропан үшін 530-590 К). Суық жарқыл метоксил радикалының қатысында рекомбинация реакциялары бойынша қозған күйдегі формальдегидтің түзілуімен байланысты:

                      СН3О* + СН3О* →СН2О + СН3ОН

                      СН3О*+ НО* → СН2О + Н2О

                       СН3О*+ СН3*  →  СН2О + СН4

Суық жалындар облысында жиі тотығудың периодтық режимі аяқталады, бұл кезде суық жалын периодты түрде тұтынып, өшіп тұрады. Мысалы, пропанды 573 К температурада тотықтырғанда 8-ге дейін жарқылдар байқалады. ( С3Н8:О2 = 1:1, р =40-70 кПа, шыны реактор қабырғасы НҒ-мен өнделген).

Процесс периодтылығын түсіндіру үшін Франк-Каменецкий келесі қарапайым сызбанұсқаны ұсынады. Тотығу автокатализдік режимде өтеді, екі кезекті аралық өнімдер-пероксидтер X және альдегидтермен Y байланысты:

RH + X → B + 2X    (k1)

Y + X → B + 2Y       (k2)

RH + Y → 2B           (k3)

Сызбанұсқа келесі теңдеулерге алып келеді (а= [RH],  [X] = x,  [Y]=y):

dx/dt=k1ax-k2xy,   dу/dt=k2xy-k3ay.

Мұндай теңдеулер жүйесі жиілігі w= a (k1k3)1⁄2 болатын x0 және y0 мәндерінің жанында x және y тербелмелі режимде өзгеруіне алып келеді.

Суық жалындар облысында екісатылы өздігінен тұтыну жиі болатын газды қоспада пайда болған суық жалын сөнеді, бірақ біраз уақыттан жылулық өздігінен тұтану жүзеге асады.

Әртүрлі қөмірсутектер үшін тұтанудың минималды температурасының қысымға тәуелділігі әртүрлі (1сурет)

1-тип метан, этан (отынға кедей этан-ауа қоспалары), этилен, бензол метил спирті мен формальдегид үшін байқалады.

2-тип этан (отынға бай этан-ауа қоспалары), пропилен, бутиленге тән.

3-тип (тұтанудың үш шегі) көміртек атомдарының саны nc≥3 парафинді көмірсутектер, nс ≥5 олефиндер, nс ≥2 альдегидтер, nс ≥3 спирттер үшін байқалады. Осы қосылыстар үшін тұтанудың екі шегі бар суық жалындар байқалуы мүмкін.

Автотербелмелі режим бірқатар биохимиялық көпсатылы процестерде де байқалады. Ол гликолиздің биохимиялық жүйесінде жеткілікті толық зерттелген, мұнда никотинамидадениндинуклеотидтің тотықсызданған формасы үшін лүпілденген режим тіркелген.

Өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез. Соңғы жылдардағы химиялық технологияда қиын балқитын қосылыстардың өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез (ӨЖС) процесі кең қолданыс табуда. Процестің мәнін келесі қарапайым мысалмен түсіндіруге болады. Металл, мысалы титан мен бейметалл, мысалы күйенің ұнтақтарының қоспасынан цилиндр үлгі престеліп дайындалады. Үлгінің бір жылу импульсі беріледі. Үлгінің беттік қабатында химиялық синтез толқыны калыптасады да, ол үлгі осінің бойымен жылдамдықпен таралады. Толқынның таралуы ашық жарқыраумен, нәтижесінде өте қысқа уақыт (секундтар) ішінде ұнтақтардың қоспасы синтезделген қосылысқа, бұл мысалда титан карбидіне негізделген.

 

мұндағы X – металдар: Ti, Zr, Hf, V, Nb, Ta, Mo, W және т.б. Y – металдар: B,C,N2, Si, S, Se, және т.б. Z – синтез өнімдері: боридтер, нитриттер,силицидтер, халькогенидтер, қатты ерітінділер, т.б.

  Х металдар ұнтақ түрінде, ал Y бейметалдар ұнтақ тәрізді, сұйық немесе газ тәрізді күйде қолданылдады. Z өнімдер-қиын балқитын қосылыс және төмен температурасында қатты күйде болады. Реагенттердің біреуі газ тәрізді күйде болса да, элементтердің химиялық әрекеттесуі конденсацияланған күйге өтеді.

Көп жағдайда Х пен Y әрекеттесуі көп мөлшердегі жылудың бөлінуімен жүзеге асады және күшті активтелген, бұл жану мүмкіндігін анықтайды.

Қазіргі уақытта ӨЖС процестерінің үш типі зерттелген. Бұл аралас конденсацияланған жүйелер (ұнтақтардың қоспасы), криогенді конденсацияланған жүйелер (Y реагенті ретінде сұйытылған газ қолданылады) мен гибрид жүйелер (ұнтақтәрізді металл – газтәрізді бейметал, ӨЖС процестерінің кейбір көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.

 

1-кесте. ӨЖС процестерінің физикалық көрсеткіштері

 

Синтез толқынындағы максималды температура

Т =1500÷40000C

Синтез толқынының таралу жылдамдығы

ή = 0,5 -15см⁄с

Синтез толқының қалыңдығы

L =102 ÷ 510-1 cм

Толқында заттың қызу жылдамдығы

W = 103 ÷ 10 град ⁄с

Инициирлеу қуаты

     q0 = 10-100 мл⁄ см2∙с

Инициирлеу ұзақтығы

Т= 0,055 с

 

Кейде жоғары қысым пайда болады немесе ұсталады (мыңдаған атмосфера). Мұның бәрі ӨЖС процесін экстремальды процестер қатарына жатқызуға болатынын көрсетеді.

Соңғы жылдары ӨЖС процесінің келесі бағыттары қарқынды дамуда:

- ӨЖС ұнтақтарының технологиясы (түрпілік және қыш материалдар, металл лигатуралары, қатты құймалар өндірісінде әр түрлі қорғаныш қаптамаларымен қаптауда т.с.с)

- Отқа төзімді материалдар мен күрделі оксидтердің ӨЖС технологиясы (металлургия қондырғыларының детальдарын қаптау үшін отқа төзімді материалдар мен қаптамалар, электрондық техникада пайдаланылатын монокристалдарды өсіру үшін оксидтер алу)

·                    ӨЖС металлургиясы (құю және балқыту)

·                    ӨЖС әдісімен азотталған ферроқұймалар өндірісі мен қолдану

·                    ӨЖС пісіру (ажырамайтын бұйымдар алу үшін)

·                    Газ тасымалдағыш ӨЖС қаптамалары (металдардың нитридтері, боридтері, сидицидтерінен, интерметаллидтерден қаптамалар алу)

·                    ӨЖС катализаторлары мен катализатор тасымалдағыштары

·                    ӨЖС пигменттері

ӨЖС технологиясының ары қарай дамуы минералды шикізат ресурстарынан тікелей құнды заттарды алумен және ӨЖС  технологиясы үшін шикізат ретінде металлургия мен кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын пайдаланумен байланысты.

 Бұл аталған салада зерттеулердің жаңа кешенін қоюды талап етеді:

·                    физика-химиялық талдау - шикізат пен өнеркәсіп қалдықтарының диагностикасы мен идентификатциясы;

· жылу толқындары таралғанда және гетерогенді конденсацияланған орталарда өтетін процестердің құрылымдық макродиагностикасы;

· ӨЖС өнімдерінің химиялық физикасы, жылулық физикасы мен физика механикасы

·                    құрылымдық макрокинетиканы модельдеу.

ӨЖС процесін химиялық-технологиялық процесс ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін жанудың негізгі арнайы ерекшеліктерінен қарастырайық.

Жанудың барлық ерекшеліктері процестің күшті экзотермиялығымен байланысты. Бұл өздігінен қызу нәтижесінде пайда болатын реакцияның жоғары температурасын қамтиды. Жану процесін жүзеге асыру үшін инициирлеуге өте аз энергия қажет, процестің өзі жүйенің ішкі энергетикалық мүмкіндіктері есебінен толық өтеді. Электр энергиясына шығынның жоқтығы – жану процесінің маңызды технологиялық көрсеткіші. Қондырғының қарапайымдығы мен сенімділігі энергияны сырттан беру қажеттігінің жоқтығына байланысты.

ӨЖС жүйелері жанғанда реакция механизімі мен  макрокинети-касы. ӨЖС процесінің негізгі мақсаты – қасиеттері берілген материалдар мен бұйымдар алу. Процесс механизмін анықтауға арналған зерттеулердің маңызы мен оларға деген қызығушылық осы мақсатқа байланысты. Химиялық кинетика тұрғысынан реакция механизімін зерттеу процестің сатылары мен аралық өнімдерін анықтауды білдіреді.

ӨЖС механизмін зерттеу үш бағытта жүргізіледі:

1)                  синтез толқынының таралу заңдылықтары мен шарттарын зерттеу процестің физикалық көрсеткіштерін анықтау, толқын таралуының стационарлы режимдерінің тұрақтылығы мен стационарлы (автотербелмелі) толқынның пайда болу шарттарын зерттеу, жылу тасымалдану, жылу берілу деңгейін, фильтрация жылдамдығын анықтау.

2)                  ӨЖС  жылдамдығы мен өту толықтығының арасындағы байланысты анықтайтын физикалық-химиялық зерттеулер, фаза қалыптасу мен құрылым түзілу (түрленулердің тек уақыт бойынша ғана емес, кеңістікте де дамуы) механизімін зерттеу.

3)                  Химиялық реакция механизімін синтез толқынында зерттеу.

Мұндай зерттеулерді жүргізу өте қиын. Біріншіден барлық құбылыстар өте жылдам және өте жоғары температурада өтеді. Екіншіден, әдістемелік мүмкіндіктер шектеулі.

Жанудың стационарлы, стационарлы емес, автотербелмелі спинді режимдері бар, стационарлы режим жылдамдығына реагенттердің дисперстілігі, қатынасы, бастапқы температура және басқа да факторлар әсер етеді.

Заттардың түрленуінің химиялық механизімі күрделі, соңғы өнімдердің түзілу процесі бірқатар кезектескен және параллель сатылардан тұрады, бұл кезде тұрақты аралық өнімдерді құрыштау арқылы бөліп алуға болады.

ӨЖС термодинамикасы. Оқшау адиабаталық жүйеде жану бастапқы температурадағы Т0 бастапқы қоспаның энтальпиясы жану температурасындағы Тад соңғы өнімдердің энтальпиясына тең болумен сипатталады. Бұл жағдай өнімдердің құрамы мен жану температурасын термодинамикалық есептеуге мүмкіндік береді:

 

Егер ӨЖС процесінде тек бір ғана өнім түзілсе, онда жану температурасы ғана есептеледі. Тад есептеу өрнегі мынадай:

 

        

мұндағы С - өнімнің жылу сиымдылығы, Q - өнімнің түзілу жылуы ( Т0 температурада), Тф және Нф – сәйкесінше өнімдегі фазалық ауысу температурасы мен жылуы, mф – Тад=Тф болғанда өнімдегі температурасы жоғары фазаның үлесі, Тад<Тф болғанда mф =0, Тад>Тф болғанда mф =1; n – фазалық ауысулар саны.

С(Т) және Q мәндері анықтамалық мәліметтерден табылады. Процестің орташа жылу сиымдылығы мен жылулық эффектісін пайдаланса:

 

       

теңдеуі шығады. Бұл теңдеудегі    орнына Qпр қойып, аламыз

        

 

Тад=Тф болғанда mф = (Q – C (Tф – Т0))/ Нф

Бұл қарапайым өрнектер жану температурасына бастапқы температураның, реогенттер қатысының, шихтаны өніммен сұйылтудың әсерінен болатын көптеген тәжірибелік мәліметтерді, әсіресе Тr (Т0) қисықтарында сатылардың болуын түсіндіреді.

Бұл жуықтау элементермен өтетін ӨЖС процестерінің температурасын бағалауда кең қолданылады. Жалпы жуықтау жанудың көпкомпонентті өнімдерінде химиялық және фазалық тепе – теңдіктерді қарастырады, бұл тек температура ғана емес, өнімдер құрамын да ескеруге мүмкіндік береді.

Есептеулер негізінде Тад>3000К болатын жоғары температуралық ӨЖС процестері анықталады. Есептелген мәндер жиі тәжірибелік мәндерден 200-400К-ге жоғары, бұл тәжірибелерде адиабаталық температураның қамтамасыз етілмеуіне байланысты. Мысалы, Ті+Аl, Ғе+Ті жүйелері үшін Тад<Тбалқу , бұл Т0=298 К температурада ӨЖС ықтималдығы аз екендігін білдіреді. ӨЖС процесін жүзеге асыру үшін бастапқы температураны жоғарылату керек. Ni+Al, Co+Al жүйелерінде кәдімгі жағдайларда Тад > Тбалқу.

Жазық толқынның стационарлы адиабаталық таралуы теңдеулер жүйесімен сипатталады:

        

 

        

Осы теңдеулердің шешімі толқынның типтік құрылымын береді (1 сурет).

Танталдың көміртекпен қоспасының жану заңдылықтары. Танталдың көміртекпен қоспасының заңдылықтарын зерттеудің үлкен практикалық маңызы бар. Та – С жүйесі қатты фазалық механизммен жанатын «газсыз» жүйелер класына жатады. Жану режимі-автотербелмелі.

 

 

Жану реакциясының нәтижесінде тантал монокарбиді ТаС мен тантал жартыкарбиді Та2С түзіледі, олардың балқу температуралары ең жоғары

(ТаС балқу температурасы 4270 К, Та2С балқу температурасы 3770К). Мұндай реакциялар қатты құймалар өнеркәсібінде және ыстыққа төзімді конструкциялық материалдар алуда қолданылады.

Жану жылдамдығына, режиміне және толық жанбау дәрежесіне инертті газ қысымының Р, бастапқы материалдардың диаметрінің, өлшемінің, бастапқы температурасының Т0 және басқа да факторлардың әсері зерттелді. Диаметрі 8-20 мм цилиндр үлгілер дайындалды. Тантал бөлшектерінің өлшемі 2 мкм, күйе – 0,1мкм. Қысым 0,1-100 атм. Жану өнімдері химиялық және рентгенфазалық талдау әдістерімен зерттеледі. Тербелістер жиілігі v фоторегистрограммалар бойынша өлшеніп, қабыршақтар қалыңдығы микрометрмен өлшенеді.

Мұндай механизм бойынша жанатын жүйелердің бір ерекшелігі – жану жылдамдығы инертті газ қысымына тәуелді емес. Бірақ тәжірибелер көрсеткендей Та+С мен 2Та+С қоспаларының жану жылдамдығы аргон қысымы өскенде жоғарылап, тек белгілі бір мәнге жеткенде ғана «қанығады». Күйенің металл бетіндегі оксид жалындарымен әрекеттесуін сипаттайтын келесі теңдеулерді ұсынуға болады:

               

               

               

                 Cқатты+СО2

               

               

 

Газдардың жану процесінің өтуіне әсерін болдырмау үшін бастапқы үлгілер (2Та+С қоспасы) шет жағынан сығылады. Бұл жағдайда жылдамдық қысымға тәуелді болмайды және оның абсолюттік мәні айтарлықтай өседі. Тербелістер жиілігінің күшейгені соншалық, оны фоторегистрограммалар бойынша анықтау мүмкін болмады: үлгі күйіп, жеке қабыршықтарға бөлінбейді. Қоспалар жанған соң алынған газдарға спектрлік талдау жасалады, нәтижесі Н2, СО, СО2 ,N2 және басқа газдардың бар екендігін көрсетеді.

Толық жанбау дәрежесі қысым өскенде азаяды, себебі жану жылдамдығы өскенде жылу берілу азаяды.

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

 

1. Өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез

2. ӨЖС жүйелері жанғанда реакция механизімі мен  макрокинети-касы

3. ӨЖС термодинамикасы

4. Танталдың көміртекпен қоспасының жану заңдылықтары

 

         Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Н.М. Эмануэль, Д.Г. Кноре  Курс химической кинетики. – М.: Высш. школа, 1984.-483 с.

2. Л. Мейтис  Введение в курс химического равновесия и кинетики. – М.: Мир, 1984.- 41 с.

3. Р.Р. Семенов  О некоторых проблемах химической кинетики и реакционной способности – М.:  изд. АНСССР, 1958.-60 с.

4. Г. Эйринг, С.Г. Лин, С.М. Лин Основы химической кинетики  - М.: Мир, 1983. – 329 с.

5. Б.Я. Светлов, Н.Е. Еременко  Теория и свойства промышленных взрывчатых  веществ. – М.: Недра, 1973. – 223 с.

6. Л.В. Дубнов и др. Промышленные взрывчатые вещества. – М.: Недра, 1988. – 119 с.

7. В.И. Гущин  Задачник по взрывчатым работам. – М.: Недра, Проф. Тех.образование, 1990. – 189 с.

  

№11,12  Дәрістерінің тақырыбы:    Жану туралы ілім тарихы

Дәріс жоспары: 1. Жану туралы ілім тарихына сипаттама

2. Жану толқынының таралу теориясы

3. Жарылыстық реакциялардың ерекшеліктері

4. Жарылыстық реакцияның тұтану температурасы

5.  Жарылыстық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі

6. Жарылыстық реакциялардың және тізбекті реакциялар активті бөлшектердің түзілу ерекшіліктері

7. Радикалдардың жайылу процесі және химиялық реакция жылдамдығын уақытқы тәуелділігінің қисықтарын түсіндіру

8. Н.Н.Семеновтың жылулық жарылыс теориясы

9.Жалындардың негізгі типтері, мысалдары

 Археологтардың пайымдауынша адамдар отты осыдан 600 мың және бұрын пайдалана бастаған, алайда оны ендіруді 300 мың жыл бұрын, яғни палеолит дәуірінде ғана бастаған. Ерте заманғы аңыздар мен мифтер отпен тығыз байланысты, оның бip мысалы Прометей жайындағы грек аңызы.

От нeriзri зат деп - ең алғаш жалынға байланысты ғылыми пікірді грек философы Гераклит тұжырымдаған. Ал, Эмпедоклдың (б.э.д. 500-430 жж.) айтуы бойынша От - Ауа, Су мен Жерді қоса алғанда барлық ғаламның төpт элементтерінің бipeyi. Бұл көзқарас (б.э.д. 384-322 жж.) Аристотельден бастап кайта өрлеу дәуіріне дейін барлық философтардың философиясының көптеген облыстарында тәжірибелер жасала бастады. Жануға байланысты алғашкы жұмысты шырақ жалынының құрылысын бақылаған Френсис Бэкон жүргізді (шамамен 1000 ж). Одан әpi зерттеулерді Бойль (1627-1697 жж.) жасаған.

Жану облысында көптеген белгілі химиктер тәжірибе жүргізді (Вольтер, Бертолле, Берцелиус, Дальтон). Одан ары қарай Томсон, Румфорд және Дэвад Король қоғамы үшін таулардың жарылыс мәселелерімен айналысып, жүйелі зерттеулер жасап, соның нәтижесінде қayiпciз шам (Дэви шамы) ойлап тапқан. Фарадейдің жану мәселелері туралы зерттеулерінің нәтижелері оның көпшілікке белгілі «Шырақтың химиялық тарихы» дәрісіне енгізілді. Бұны ашқан жанарғы қазіргі кезге дейін әрбір химиялық зертханаларда кездеседі. Сонымен бipre ол ең алғаш жалынның температурасы мен жылдамдығын, ал оның жасаған калориметрі қазір жалын энтальпиясын өлшеуде көп қолданылады.

Одан кейінгі уақыт кезеңінде химия, физика, термодинамикада маңызды жұмыстар жүргізілді, соның нәтижесінде Меллард пен Ле-Шательенің жалын тұжырымының алғашқы теориясы құрылды.

            Бірінші және екінші   дүниежүзілік   соғыс   жылдарында   жануды зерттеушілер қатары күрт өсті. Зерттеу орталықтары Англия, Франция, Германия, АҚШ пен КСРО-да пайда болды. Бұл орталықтар негізінен университет, зерттеу институттары мен үкімет зертханаларына қарастырылды. Сол кездердегі жасалған тәжірибелер қaзіpгi кезде тек тарихи дерек түрінде қалып кеткен, ceбeбi ол кезде қолданылған зертханалық қондырғылар мен талдау әдістерін қазіргі көзқараспен мүлдем салыстыруға болмайтын еді. Ол уақытта бүгінде кеңінен қолданылатын масса спектрометрлер, газды хроматографтар, электрлік қондырғылар, есептегіш машиналар мен тазалығы жоғары химикаттар болмаған. Осыған қарамастан, жану теориясының көптеген идеялары сол кезеңде жасалған. Олар негізінен Бэр мен Таунда (1927 ж.), Иоста (1938 ж.), Льюис пен Эльбе (1951 ж.), Тэадан мен Вольфгард (1953 ж.) еңбектерінде жарық көрді.

Химиялык кинетика және жылу мен масса тасымалдау заңдарын бipre қарастыру негізінде жану толқынының таралуының физикалық-химиялық теориясы 19-ғасырдың 30-40 жылдарында Льюис және Эльбе, Зельдович пен Франк-Кемменецкий, Семенов, Гиршфельдер және т.б. зерттеушілер объектерінің нәтижесінде жасалды. Бұдан бұрынғы теорияларда жану процесін сипаттау үшін, өздігінен тұтанудың нақты белгілі бip температурасы болады деген негізделмеген жорамалдар қолданылып жүрді, ол бойынша бұл температурадан төмен температурада реакция жүрмейді қиын. Бұл өз кезегінде химиялық кинетиканың негізгі түсініктеріне тура келді және жану теориясының ішкі құрылымына өзгерістер әкелді. Бұлардың ішінен Таффанелл жұмысы ғана ерекшеленеді, онда реакция қиындығының температураға үздіксіз тәуелділігі есепке алынды.

            Жану толқынының таралу теориясы жұмыстарын дамытуда маңызды болып,  газдағы жану толқынының қарапайым моделінде Аррениус бойынша температураға тәуелді жылу өткізгіштік, диффузия процестері қарастырған    және жанудың қалыпты жылдамдығын жану температурасы, реакцияның кинетикалық параметрі, бастапқы қоспаның физикалық қacиeттepiмен байланыстырған формула алынған.

Жарылыстық реакциялардың ерекшеліктері. Химиялық реакциялар уақыт бойынша баяу дамитын және жарылыс түзіп, от алу, дыбыстық эффект арқылы өтетін түрлерге бөлінеді. Қарапайым химиялық реакция жузеге асқанда уақыт өткен сайын бастапқы заттардың концентрациясы мен реакция жылдамдығы азаяды (1-сурет). Температураны жоғарылатқанда реакция жылдамдығы да біртіндеп жоғарылайды, Әpбip 10° сайын реакция жылдамдығы 2-4 есе өседі (Вант-Гофф ережесі). Жоғарғы температурада реакция жылдамдығы бірқалыпты және жатық өседі. Осындай заңдылықтар иодпен сутегі арасындағы реакцияға сәйкес келеді.

 

1-сурет. Жарылыстық емес реакциялардың типтік кинетикалық қисықтары

             Кейбір химиялық реакциялар жарқылдап, дыбыстың әсерлермен өтеді. Мұндай жарылыстық реакциялардың ерекшеліктерін XIX ғасырдың ортасында Бунзен мен Вант-Гофф байқаған болатын. Температураға байланысты реакция жылдамдығы өте күрт өседі.

            Мысалы, сутегі мен оттегінің қоспасы бөлме температурасында және атмосфералық қысымда көп жылдар бойы әрекеттеспей тұра береді. Температура жоғарылаған кезде реакция жылдамдығы бip шектік мәнге дейін өлшеусіз аз болады. Шектік мән тәжірибенi жүргізуге байланысты. Мысалы 2Н2 + О2 стехиометриялық қоспасы үшін атмосфералық қысымдағы шектік температура - 550 °С. Тш мәнінен аз ғана жоғары температурада  реакцияға  өте  жылдам  жүреді  қысым  тез жоғарылайды да, реакциялық ыдыс жарылуы мүмкін. Жылдамдық өте үлкен болғандықтан өткен ғасырлардың зерттеушілері оның кинетикасын толық зерттей алмаған.

Жарылыстық реакцияның негізгі белгісі - химиялық реакцияның жылдамдығы секірмелі түрінде өсетін температураның болуы, бұл - тұтану температурасы деп аталады. Берілген температурада қысымды өзгерту арқылы да реакция жылдамдығының күрт өзгеруін байқауға болады.

Жарылыстық реакцияны бақылағанда шектік шамадан төмен температура мен қысым мәндерінде қоспада ештеңе жоқ немесе ешнәрсе болмайтындай болып көрінеді. Ал шектік параметрлерге жеткенде барлығы бірден кенет әрекеттеседі. Процестің осындай ерекшелігі реакцияны жарылыстық деп атауға нeriз берді. 2-суретте изотермиялық жағдайдағы тізбегі болу мүмкіндігін тәжірибе жүзінде көрсеткен Ковальскийдің (1933 ж.) нәтижелері келтірілген. ΔР - жүйедегі жалпы қысымның азаюына тең шама. Суреттен көрініп тұрғандай, бастапқы қысымның төменгі мәндерінде жүйедегі жалпы қысым азаю үшін, яғни реакция жылдамдығы жоғарылау үшін белгілі 6ip уақыт керек. Бұл реакция өте баяу жүретін, эксперимент жүзінде реакцияның жүруі анықталмайтын уақыт аралығы индукция деп аталады. Бұл шама автокатализдік және тізбекті реакцияларға тән.

   

 Жарылыстық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі

2-сурет. Стехиометриялық 2Н2+О2 қоспасының кинетикалық қисықтары. Т=4850С 7 бастапқы қысым Р0: 1-қисық – 8,2 мм сын.бағ., индукция периоды 0,2; 8-қисық – 5,8 мм сын.бағ., индукция периоды 0,05 с

 

Сонымен жарылыстық реакцияларға тән екі ерекшелік - индукция периоды tинд және шектік шарттардың (температура, кысым) болуы.

Жарылыстық реакциялардың ерекшеліктерін тудыратын физикалық себептерді қарастырайық. Көп жағдайларда реакцияның жарылыс арқылы жүруі тізбек сипатпен реакция жылдамдығының әрекеттесу кезінде болатын активті орталықтар концентрациясына тәуелдігімен түсіндіріледі.

Тізбекті реакциялар активті бөлшектердің түзілуі арқылы жүреді.  Біріншіден, реакция арысында активті бөлшектер тізбекті реакцияға тәуелсіз жылулық қозғалыс нәтижесінде түзілуі мүмкін, ceбeбi бастапқы заттың молекулалары бip бipiмeн соқтығысып, диссоциацияланады. Бұл процестің жылдамдығы өте төмен. Екіншіден, бос валенттіліктің көбеюі арқылы тізбек тармақталуы мүмкін. Радикалдардың түзілу жылдамдығы радикалдар концентрациясына пропорционал болады.

Радикалдардың жайылу процесі - тұрақты молекуламен соқтығысуы немесе ыдыс қабырғасына диффузиялану нәтижесі бұл жылдамдық радикал концентрациясына пропорционал.

Активті орталықтардың уақыт бойынша концентрациясын өлшеуге арналған теңдік келесі түрде жазылады:

dn/dt = W0 + tn - gn

f-g= φ деп белгілейік, Сонда

dn/dt = W0 + φn

            мұндағы W0 - тізбектің пайда болу жылдамдығы f - тізбектің тармақталуының жылдамдық константасы, g- тізбектің үзілуінің жылдамдық константасы.

            Сыртқы шарттардың (температура, қысым) өзгеруі әсерінен екі шама да f және g өзгереді, g -ға қарағанда көп жағдайда f температураға тәуелді болады, ceбeбi активті орталықтардың жойылуы үшін Еакт қажеті жоқ (мұндай реакциялар байланысын үзбей жүреді). Сондықтан f - g - φ айырымы   температура   өскен   кезде   таңбасын   ауыстырады;   төмен температурада таңбасы тepic болады, жоғары температурада - оң таңбалы болады (3-сурет).

j>0 болғанда активті орталықтардың түзілу жылдамдығы мен концентрациясы үздіксіз өседі. Сонымен, j таңбасына қарай шешім түрі де күрт өзгереді j мәні 0-ге айналатын температура Тш (шектік температура) болып табылады, одан төмен температурада жарылыс болуы мүмкін емес.

 

3-сурет. Химиялық реакция жылдамдығының тәуелділігінің сызықтары

 

Осы сапалы түсініктемелер белгілі бастапқы қысымда және бастапқы температурада j = 0 сәйкес келетін шектік мәннен өткен кезде жарылғыш қоспаны тұтату облысының бар екенін көрсетеді.

Әртүрлі j мәніндегі кинетикалық қисықтардың қасиеттерін тepeңipeк қарастырайық. Ол үшін теңдеудің t=0 болғанда п=0 шартын қанағаттандыратын интегралын табамыз:

п = Wo/ j (е j - 1)

Реакция жылдамдығы, яғни соңғы өнімнің түзілу жылдамдығы келесі теңдеумен өрнектеледі:

            Мұндағы ν- реакцияға бip активті орталық қатысқанда соңғы өнімнің неше қаулысы түзілетінін көрсететін бірінші peттiк бүтін сан.

Көп зерттелген тізбекті реакциялардың 6ipi - сутегінің тотығу реакциясын қарастыруға болады.

            2Н2+О2 = 2Н2О  жинақталған  реакциясының  құрамына  бірқатар
реакциялар кіреді, негізгі рольді атомдар қатысатын реакциялар

(1) Еакт. = 6 ккал/моль

(2)                     Еакт. = 17 ккал/моль

(3)                   Еакт. = 10 ккал/моль

            (1) лимиттеуші реакция, Н - негізгі активті орталық.

 

 ккал/моль

 

 

   4-сурет. Сутегі молекуласының тотығу реакциясының даму сызбанұсқасы

 

            Шамасы бірнеше мм сын. бағ. болатын төменгі қысымда тұлғаның бірінші шегінде активті бөлшектердің жойылуы олардың реакцияларының қабырғасына диффузиялануы арқылы орындалады. Қысым өскен сайын диффузия жылдамдығы төмендейді, сол кезде шектік шарттарға жеткізуге болады. АВ кисығы j = 0 жағдайына сәйкес келеді, apы қарай тұтану облысы жатыр (5-сурет). Алғашқы кезде Н сутегі ионынының концентрациясы артқан кезде бөлшекте жылу аз болады. Реакцияның алғашқы сатыларында бастапқы заттардың химиялық энергиясы жылуына энергияға емес, бөлшектердің - атомдардың химиялық энергиясына айналады, соған байланысты реакция жылдам жүреді.

Қысым одан да жоғары өскен кезде активті бөлшектердің жойылу механизмі өзгереді, үш бөлшектің соқтығысуы болады:

НО2 - химиялық жағынан инертті, реакцияға түспестен бұрын қабырғасына диффузияланады. Бұл реакцияны тізбектің үзілуі ретінде қарастыруға болады. НО2-ның жойылуы қабырға материалына байланысты. Қысым өскен кезде екі атом соқтығысуына қарағанда үш атомның соқтығысу жиілігі артады, ал жойылу жылдамдығы қысымға байланысты олардың түзілу жылдамдығынан артық болады, яғни алдыңғы реакциядағы шамасы тepic таңбаға ие болады. Бұл ВС - тұтанудың екінші шeri деп аталды (5-сурет).

5-сурет. Сутегі мен оттегі қоспасының тұтану шектері

 

Қысым ары карай өскенде диффузия қиындайды және НО2 реакция ыдыс қабырғасына жетпей, химиялық реакцияға түседі.

НО·2 + Н2 = Н202 + Н· - 15 ккал/моль

НО·2 + Н = ·ОН+ ·ОН+ 37 ккал/моль

НО·2  + Н· = Н20 + ·О· + 54 ккал/моль

            Соңғы екі реакцияда бipaз мөлшерде жылу бөлінеді, сөйтіп ресми жылдамдығының өсуіне алып келеді, ол өз кезегінде қоспаның ары қарай тудырады. Жылу бөліну жылдамдығы суының жылдамдығынан артық болған кезде жылулық жарылыс жүреді, ол үшінші шекпен түсіндіріледі.

Н2 молекуласының тотығу реакциясын тізбекті реакцияларды түсіну үшін модельді реакция ретінде қолдануға болады.

 

Н.Н.Семеновтың жылулық жарылыс теориясы.

Неліктен төмен температурада баяу әрекеттесетін қоспа жоғары температурада тұнады? Бұл сұрақ Н.Н.Семеновтың жылулық жарылыс теориясында қарастырылады.

Қабырғаларының температурасы Т0 жабык ыдыстағы экзотермиялық химиялық реакциясының өтуін қарастырайық. Бастапқы уақыт мезетінде газ температурасы да Т0-ге тең, сосын ол айнымалы Т-ға өзгереді. Реакция жылдамдыгы W температураға тәуелді. Ыдыста жылу бөліну жылдамдығы:

q+=QW

мұндағы W - химиялық реакция жылдамдығы, Q - реакция жылуы. яғни б ip молекуланың жылу эффектісі.

Реакциялық ыдыс қабырғасына жылу берілу жылдамдығы:

q_=aS{T-T0)IV

мұндағы α - жылу беру коэффициенті, S,V - ыдыстың ауданы мен көлемі.     Процесс кинетикасы төмендегі теңдеумен өрнектеледі:

1 — тұрақты көлемдегі жылу сыйымдылығы.

Реакцияның стационарлық режимде жүру жағдайы жылу бөліну мен жылу берілуі бір-біріне теңескенде q+=q- аяқталады, бұл тендік ыдыстағы температураның стационарлық шамасының мүмкін болатын шамасын анықтайды.

Жылу берілудің әр түрлі жағдайларындағы q+ және q- мәндерінің температураға тәуелдігін қарастырайық.

 

Жылу бөліну (q+) мен жылу берілу жылдамдықтарының (q-) температураға тәуелділігі

 

Температура өскен сайын жылу бөліну жылдамдығы q+ Аррениус заңына сәйкес реакция жылдамдығы сияқты өседі (1-қисық), ал жылу берілу жылдамдығы q- сызықты түрде өседі.

Жылудың берілуі өте айтарлықтай болып, q- түзуі жылудың бөліну қисығын қиып өтсін деп қарастырайық (2-қисық). Тқоспа=Т0 (ыдыс қабырғасы) болғандықтан   жылу   әкетілмейді,   реакцияда   жылу   бөлініп,   қоспа температурасы өсе бастайды, осының негізінде газ бен ыдыс қабырғасының температурасының айырымы да өсе бастайды, бұл жылу берілу жылдамдығының өcyiнe алып келеді.

Т=Тғ газдың қандай да бip температурасында F нүктесінде q+ пен q- теңесіп, газ ары қарай қыздырылмайды.

Егер  газды      дейін  қыздырса, температура  ТҒ-ға  дейін төмендейді, бұл F нүктесіне сай келетін стационарлық режимнің тұрақтылығын көрсетеді, яғни жылу берілу айтарлықтай және q+ пен q- қиылысатын болса, газ Т0-ге жақын TҒ температураға дейін қызады да, осы температурада ұзақ уақыт әрекеттесетін болады.

T=TG тең болғанда 2-қиылысу нүктесіне G жетеді, ол тұрақсыз режимге сәйкес келеді. Шынында да, егер Т мәні TG мәнінен төмен болса, онда q+ >q- және T>TF. Егер газды TG мәнінен жоғары мәнге қыздырса, онда q+ өсе түседі. Бұл экспоненциалды жарылысқа алып келеді. Осылайша G нүктесі айырық нүктесінің рөлін атқарады.

Енді жүйені Т0 температурада жылу берілу нашарлады (мысалы S/V қатынасының азаюынан) деп қарастырайық. Жылу бөліну қисығы өзгермейді, бipaқ q- түзуінің бұрыштық коэффициенті азаяды (3-қисық) 1-қисық барлық температура мәнінде осы 3-қисықтан жоғары жататын болады. Бұл жағдайда әрекеттесуші қоспа температурасы мен реакция жылдамдығы шекciз жоғарылайды. Осы кезде өздігінен тұтану болады. Экзотермиялық реакцияның стационарлық режимі болмайды.

Мұндай нәтижеге жылу берілу шартын емес, ыдыс қабырғасының температурасын Т0 өзгерте отырып та, қол жеткізуге болады. Бұл кезде жылу берілу түзуінің көлбеуі сол қалпында қалады да, бipaқ температураның өзгеру  бағытына  қарай  параллель  ығысады.   Т01 < Т*     температурада стационарлы режим орнайды, ал Т02 температурада қисықтар қиылыспайды, жарылыс орын алады.

Стационарлық режим мүмкін болатын ыдыс қабырғасының ең жоғары температурасы Т00 болады, бұл кезде q+ және q- қисықтары жанасады.

Сонымен, жанғыш қоспаның тұтану қабілеті алғашқы зерттеушілер айтқандай қоспаның реакцияға түсу қабілетіне байланысты қандай да бip физикалық константамен сипатталмайды.

Өздігінен тұтану реакциялық ыдыс пішіні мен өлшемдеріне, газдың жылу өткізгіштігіне және т.б. факторларға тәуелді. Химиялық реакцияның жылдамдығына тәуелді емес.

Жылу бөліну q+ және жылу берілу жылдамдықтарының  q- температураға тәуелділігі

 

Семенов теориясының ерекшелігі - стационарлы емес процеске жататын өздігінен тұтануды талдауға стационарлы бағыт қолданылған. Стационарлы емес режим - жарылыстың пайда болу шарты стационарлы режимнің жойылу шартымен түсіндіріледі яғни жылудың берілуімен тепе-теңдіктегі жылу бөле жүретін баяу реакцияның өтуі мүмкін еместігімен түсіндіріледі.

Семенов көрсеткендей, тұтану Тст жоғары температураларда жүзеге асады, қабырға температурасы тұтану шарттарын, реакция уақыты сияқты маңызды сипаттамаларын анықтайды. Мысалы, егер 580 С-та өздігінен тұтану болмай, ал 600°С-та реакция жылдамдығы өсетін жағдайлар туады.

Демек, тұтану температурасында жылудың бepілyi жылудың бөлінуін теңестіре алмайды.

Жалындардың негізгі типтepi.

Жанғыш зат пен тотықтырғыш (әдетте ауа) жану барысында араласып, жанады. Жану алдында бұл компоненттердің араласуына немесе араласу мен тұтану бip мезгілде жүзеге асуына байланысты жалындар алдын-ала араласқан және алдын-ала араласпаған болып бөлінеді. Бұл категориялардың жалындары жанғыш қоспа ағынына байланысты ламинарлы және турбулентті болып бөлінеді. 1-кестеде осы категорияларға жататын жанғыш жүйелерге мысалдар берілген.

Алдын-ала араласқан қоспаның ламинарлы жалындары. Алдын-ала араласқан қоспаның ламинарлы жалындарында отын мен тотықтырғыш араласады да, ағын ламинарлы болады. Мұндай жалындарға тұнық ламинарлы жалын мен бунзен жанарғысының жалыны (отынға кедей қоспалар үшін) мысал бола алады.

 

1-кесте. Жалындары әртүрлi типін жүйелердің мысалдары

Отын/тотықтырғыш

Ағын қозғалысы

Мысалдары

Алдын-ала араласқан

 қоспа

Турбулентті

Ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқышы

 Азот оксидтерінің  шы-ғымы төмен стационарлы  газ турбиналары

Жазық жалындар

Бунзен жалындары

Алдын-ала     араласпаған қоспа

Турбулентті

 

 

 

Ламинарлы

Тозаңдатылған көмірдің жануы

Ұшақтардың қозғалтқыштары

Дизель қозғалтқыштары

(Н2О2 )-зымыран қозғалтқыштары

Ағаштың жануы

Сәуле  шығаратын жылыту

жанарғылары

Шырақтар

 

 

Алдын-ала араласпаған қоспаның жазық ламинарлы жалыны (а) мен буизен жанарғысының жалынының (ә) сызюанұсқасы

 

Егер отын (көмірсутек) мен тотықтырғыш (оттегі) бip-бipiнe толық жұмсалып, толық жану өнімдері (көміртек диоксиді мен су) түзілсе, алдын-ала араласқан қоспа жалыны стехиометриялық деп аталады. Егер отын артық қалса, онда қоспа - отынға бай, егер тотықтырғыш артық қалатын болса, қоспа-отынға кедей деп айтады. Қарапайым мысалдар келтірейік:

1)      2H2+О22H2О - стехиометриялық қоспа

2)      ЗН2 + О22Н2О+Н2 - отынға бай қоспа (Н2 - артық)

3) СН4+3О22Н2О+СО2+О2 - отынға кедей қоспа (О2 артық)    Отынның мольдік үлесі келесі қатынастан жеңіл анықталады:

Мұндағы v- СО2 және Н2О түзілетін реакция теңдеуіндегі оттегінің моль

саны. Мысалы:

Н2+0,5 О2 ® Н20,   v=0,5, ХН2>стех=2/3.

           

Егер тотықтырғыш ауа болса, онда құрғақ ауада тек 21% оттегі емес, сондай-ақ 78% азот пен 1% инертті газдар болатынын ескеру қажет. Бұл жағдайда ауа үшін XN2=3,762X02. Бұдан ауамен стехиометриялық қоспалар үшін мольдік үлестер мынадай болып шығады:

                                          Хо2,стех=v • Xотын,стех

XN2,стех = 3,762 •ХО2,стех

            Отын мен ауаның алдын-ала араласқан қоспалары үшін эквиваленттік қатынас шамасымен:

, немесе оған кері шама - отын үшін эквиваленттік қатынаспен  сипатталады. Бұл формуланы қоспадағы компоненттердің мольдік үлесінің шамаларын Ф мәні бойынша есептеуге болатындай етіп түрлендіруге болады:

               

                               

            Сәйкесінше, алдын-ала араласқан қоспалардың жалындары үшін жану процестерін келесі үш топқа бөлуге болады:

1)      отынға бай қоспалардың жануы -,

2)      стехиометриялык қоспалардың жануы -,

3)      отынға кедей қоспалардың жануы -,

            Жазық ламинарлы жалынның жанбаған бастапқы жанғыш қоспаға қарай таралуын ламинарлы жану жылдамдығымен сипаттауға болады (м/с). Жану жылдамдығы қоспа құрамына (Ф немесе  мәндеріне), қысымға Р және жанбаған қоспаның бастапқы температурасына Ти ғана тәуелді.

Егер жазық жалынның ламинарлы жану жылдамдығы жанбаған қоспа ағынының жылдамдығынан vu аз болса, жалын сөніп қалады. Сондықтан жазық жалындар үшін  теңсіздігі орындалуы керек. Жалын сөнер алдында   болады. Осылайша, газ ағынының жазық жалын шебіне (фронт) жылдамдығы ламинарлы жану жылдамдығының шамасы болып табылады.

Жалын шeбi газ ағынына  бұрышпен орналасса, жалын шебіне газ ағынының жылдамдығы жоғары болады. Мысалы, жанарғының цилиндр арнасының қимасына орналасқан алдын-ала араласқан қоспаның бунзен жалынының шeбi жазыққа жақын (жалын қалындығы жалын шебінің қисаюымен салыстырғанда кіші), демек, .

Осылайша, жалынды фототіркеу арқылы жалын шебінің бұрышы мен газ ағынының жалын шебіне жылдамдығын өлшеу алдын-ала араласқан қоспаның ламинарлы жалынының жану жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді.

Алдын-ала араласқан қоспаның турбулентті жалындары. 2-кестеден көpiнiп тұрғандай, мұндай жалындарға көпке белгілі ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқышының (Отто қозғалтқышы) жалыны жатады, онда ағын сирек ламинарлы болады. Бұл жағдайда алдын-ала араласқан қоспаның жалын шeбi турбулентті ағынға таралады. Егер турбуленттік қарқындылығы үлкен болмаса, ламинарлы жалынның қисайған шeптepi қалыптасады. Бұл кезде турбулентті жалынды алдын-ала араласқан қоспаның микроламинарлы жалындарының ансамблі ретінде қарастыруға болады.

Алдын-ала араласқан қоспаның жануының артықшылығы - бұл жағдайда жану процесін жеңіл басқаруға болады. Отынға кедей алдын-ала араласқан қоспалар жанғанда жану кезінде температура төмен болады, демек зиянды азот оксидінің (NО) шығымын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы жағдайларда күйе аз түзіледі, ceбeбi ол отынға бай қоспалар жанғанда көп мөлшерде түзіледі.

Белгілі бip артықшылықтарына қарамастан, алдын-ала араласқан қоспалардың жануы кең қолданылмайды, бұл алдын-ала араласқан реагенттерді көп көлемде сақтаудың қауіптілігіне байланысты, нәтижесінде жарылысқа алып келуі мүмкін.

Алдын-ала араласпаған қоспаның ламинарлы жалындары. Алдын-ала араласпаған қоспаның ламинарлы жалындарында отын мен тотықтырғыш жану процесі кезінде араласады. Ағын ламинарлы 2-кесте бойынша мұнай жалындарға шығарған, керосин шамы мен ағаш жалындары мысал болады. Зерттеулер үшін әдетте ламинарлы жалындардың екі конфигурациясы қолданылады: қарсы ағынды және параллель ағынды ламинарлы жалындар.

 

Алдын ала араласпаған қоспаның қарсы ағынды (а) және параллель ағынды (ә) ламинарлы жалындарының сызбанұсқасы

 

Алдын-ала араласпаған қоспаның жалындарының химиясы алдын-ала араласқан жалындарға қарағанда күрделі, ceбeбi эквиваленттік қатынас Ф нөлден (ауа) шексіздікке (таза отын) дейін өзгереді. Отынға бай облыста жалынға бай қоспаның жануы өтеді, ал ауаға байытылған облыста отынға бай қоспаның жануы жүзеге асады, Әдетте қарқынды жарқыраумен байытылатын жалын шeбi стехиометриялық қоспа аумағында орналасады. Өйткені бұл аумақта температура максималды. Алдын-ала араласқан жалындарынан айырмашылығы алдын-ала араласпаған қоспаның жалындары әрекеттеспеген қоспаға қарай таралмайды, сондықтан оларды ламинарлы жалынның таралу жыддамдығымен сипаттауға болмайды.

Алдын-ала араласпаған қоспанын турбулентті жалындары. Бұл жағдайда алдын-ала араласпаған қоспаның жалындары турбулентті ағында жанады, қарқындылығы әлсіз турбуленттік үшін микроламинарлы жалындар конденциясын пайдалануға болады. Қауіпсіздік тұрғысынан өнеркәсіптік қондырғыларда негізінен алдын-ала араласпаған қоспаның жалындары қолданылады. Жанғыш қоспаны араластырудың өте күрделі және жетілдірілген жүйелері пайдаланылуына қарамастан алдын-ала араласпаған жалындары отынға бай аумақтарда химиялық реакция нәтижесінде күйе бөлшектерінің сәуле шығаруынан сары түспен жарқырайды.

Алдын-ала араласқан және араласпаган қоспаның аралас ламинарлы жалындары. Мұндай типті жалындар жиі тұрғын үйлepдi жылыту және суды қыздыру үшін қолданылады. Отын мен тотықтырғыш араластырылып, бай қоспа түзіледі, сосын осы отынға бай қоспаның жану өнімдері түзілуін азайту үшін қоршаған ауамен араласып, алдын-ала араласпаған қоспаның жалынында жанады. Осындай жалындары бар миллион құрылғылар практикада қолданылады, оларды барлық табиғи газдың жуығы жанады.

  Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

1. Жану туралы ілім тарихына сипаттама

2. Жану толқынының таралу теориясы

3. Жарылыстық реакциялардың ерекшеліктері

4. Жарылыстық реакцияның тұтану температурасы

5.  Жарылыстық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі

6. Жарылыстық реакциялардың және тізбекті реакциялар активті бөлшектердің түзілу ерекшіліктері

7. Радикалдардың жайылу процесі және химиялық реакция жылдамдығын уақытқы тәуелділігінің қисықтарын түсіндіру

8. Н.Н.Семеновтың жылулық жарылыс теориясы

9.Жалындардың негізгі типтері, мысалдары

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Дубнов Л.В. и др. Промышленные взрычатые вещества. М.: Недра, 1988, 358с.

2.  Ремпель Г.Г. идр. Безопасность труда при работе с ВВ.

3.  Поздняков З.П.Росси Б.Д. Справочник по промышленным ВВ и средствам

взрывания. М.: Недра, 1978, 252с.

4. Оспанов С.С. Расчёт кислородного баланса, составление реакции взрывчатого превращения и рецептуры смесевых промышленных ВВ и определение их взрычатых характеристик. Метод. указания к практическим занятиям и самостоятельной работе. Шымкент: ЮКГУ, 2000, 432с.

№13  Дәріс    Фемтохимия

Дәріс жоспары: 1. Фемтохимияны зерттеудің қазіргі заманауй мәселелері, міндеттері

2. Фемтосекундты спектроскопия әдісі

3. Фемтохимияның ауыспалы күйі және зондтаушы (тексеруші) импульс

4. Химиялық өзгеріс кезіндегі ауыспалы күй динамикасы

5.  Өте жылдам химиялық реакциялардың кинетикасы

 

Соңғы жылдары зерттеудің жаңа саласы – фемтохимия қарқындап, дамуда. Фемтохимияның эксперименттік әдістері фемтосекундты спектроскопия жетістіктеріне негізделген. Бұл жаңа зерттеу облысының негізгі үш бағытын атап көрсетуге болады: химиялық өзгерістер кезіндегі ауыспалы күй мен ішкімолекулалық процестердің динамикасы; аса жылдам өтетін химиялық реакциялар кинетикасы; ішкі молекулалық динамика мен элементар химиялық актты басқару.

            Элементар химиялық реакция қалай өтеді? Әрекеттесуші жүйенің аралық конфигурациясы қандай? Химиялық реакцияның бағыты мен жылдамдығын қалай басқаруға болады? Бұл сұрақтарды химиктер химияның бүкіл даму тарихының барысында қойып келеді. Бірақ сұрақтардың  да, жауаптардың тереңдігі элементар процестерді және эксперименттік мүмкіндіктерді түсіну деңгейіне байланысты.

            Элементар реакцияларды зерттеуге арналған барлық эксперименттерде соңғы уақытқа дейін реагенттердің немесе реакция өнімдерінің уақыттық эволюциясын тіркейтін. Бірақ молекулалық жүйе реагенттерден өнімдерге дейін әртүрлі құрылымдардан (күйлерден) өтеді, оларды реагентке де, өнімге де жатқызуға болмайды. Экспериментатор көзқарасы тұрғысынан осы құрылымдарға сәйкес атомаралық қашықтықтар облысы «қара жәшікке» сәйкес келеді, себебі эксперимент бұл құрылымдар мен олардың өзгерістері туралы ешқандай ақпарат бермейді. Химиктер бұл облысты ауыспалы күй деп, ал осы «қара жәшіктегі» атомдар конфигурациясының уақыттық эволюциясын ауыспалы күй динамикасы деп атайды. Молекулалық әрекеттесуші жүйенің ауыспалы күй арқылы өтуі химиялық реакцияның элементар актін береді. Реакцияның жолы әдетте потенциалдық энергияның атомаралық қашықтыққа тәуелділігімен сипатталады.

Теоретиктер ауыспалы күй динамикасын реагенттер мен өнімдердің кинетикасын зерттеу нәтижелері бойынша анықтауға тырысып келеді. Бірақ, бұған толық қол жеткізуге болмайды, эксперименттік мәліметтер керек. Мұндағы мәселе – молекулалық жүйенің «қара жәшікте» болу уақыты өте қысқа – 100 фс (1 фс =10-15 с). Сондықтан осы 100 фс-та өтетін құбылысты анықтауға мүмкіндік беретін арнайы лазер техникасы қажет.

Фемтосекундты спектроскопия әдісі. Соңғы жылдары лазер техникасында жаңа құрал – ұзақтығы 10-100 фс болатын жарық импульстарының пайда болуы молекулалық жүедегі атомдардың ара қашықтығының өте аз өзгерісін, мысалы 0,1 А анықтауға мүмкіндік береді. Бұл химиялық физиканың жаңа бөлімі – фемтохимияның пайда болуына алып келеді. 1999 жылы американ ғалымы А. Зевайлға фемтохимия саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығы берілді.

Фемтосекундты импульстардың ерекшеліктері жаңа тәжірибелік мүмкіндіктерге алып келді.

            Біріншіден, импульстардың аз уақытта өтуі жарық импульстарының ұзақтығынан ұзақ өтетін (10-14 с) процестердің уақыт бойынша эволюциясын зерттеуге мүмкіндік береді. Егер атом жылдамдығын 105 см/с, ал τ = 10-14с деп қабылдасақ, онда ядро аралық қашықтықтың 0,1 А өзгерісін анықтауға болады. Бұл жақсы дәлдікпен нақты уақыт аралығында тек қана өнімдердің түзілуін ғана емес, тербелмелі қозғалыстағы уақыт шкаласында ядролардың конфигурациясының өзгеруінің уақыт бойынша эволюциясын да анықтауға болады дегенді білдіреді.

Екіншіден, фемтосекундты импульстің маңызды спектрлік сипаттамасы – амплитуданың жарты биіктігіндегі спектірінің ені (∆ώ). Импульстардың спектрлік ені

τ∆ώ = const

анықталмағандық қатынасымен табылады. Сonst шамасы импульс қисығының пішініне тәуелді. Гаусс импульсі үшін const = 0,44.

Фемтосекундты импульстардың спектрлік ені айтарлықтай болғандықтан, энергиясы әртүрлі бірнеше кванттық күйлерді қоздыруға болады. Мысалы, ұзақтығы 10-14 с импульстің спектрлік ені 1100 см-4 болады. Жарықтың мұндай импульсі бірнеше тербелмелі кванттық күйлерді бірмезгілде қоздыра алатынын білдіреді.

Үшіншіден, когерентті жарық импульсін алуға болады. Бұл пункте жоғарыдағы пунктпен бірге бірнеше тербелмелі немесе айналмалы күйлердің когерентті қоза алатынын көрсетеді. Қозған күйлердің бұл жаңа типі стационарлы емес кванттық күй немесе когерентті ядролық толқынды пакеті деп аталады. Бұл күйлердің мағынасы: молекулада атомдар қозғалысының белгілі бір салыстырмалы фазасы бар бірнеше меншікті энергетикалық күйлер бірден қозады.

Төртіншіден, импульс энергиясы аз кездегі фемтосекундты импульстардың жоғары қарқындылығын (шыңдағы қуаттылық) пайдаланып, көпфотонды жұтылу процестерін іске асыруға болады, яғни нәтижесінде көрінетін жарықпен жоғарғы дәрежеде қоздырылған молекулалық жүйелерді түзіп, үлгіні қыздырмай-ақ спектроскопияның көптеген сызықты емес әдістерін қолдануға болады. Осындай жарық импульстарымен нысанаға (қатты затқа немесе сұйықтыққа) әсер етіп, кең спектрлік ауқымдағы жарық импульстарын (суперконтинуум), электрондар мен рентген сәулелерінің импульстарын тудыруға болады. Сонымен қатар, ішкі молекулалық өрістердің кернеулігінен артық болатын жарық өрісінің кернеулігін (1010 В/см) жеңіл алуға болады.

Осылайша, жарықтың фемтосекундты импульстары уақыт бойынша жоғарғы шешімділікті алуға, стационарлы емес когерентті кванттық күйлерді алуға, жоғарғы дәрежеде қозған молекулаларды түзуге, ПЭБ-ке әсер етуге, жарықтың, электрондар мен рентген сәулелерінің ультрақысқа импульстарын туғызуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған жаңа құрал ерекшеліктері фемтохимия деп аталатын зерттеудің жаңа облысын ашты. Фемтохимияның міндеттері – фемтосекундтық импульстар көмегімен химиялық өзгеріс кезіндегі ішкі молекулалық процестердің және ауыспалы күйдің динамикасын зерттеу, өте жылдам процесстердің кинетикасын зерттеу және химиялық өзгерістерді басқару. Әсіресе нақты уақыттағы ауыспалы күйдің динамикасын зерттеу мүмкіндігін атап айтуға болады. Ауыспалы күй деп әрекеттесетін молекулалық жүйенің реагенттерден соңғы өнімге дейінгі жолында ұшырайтын конфигурацияларының жиынтығын айтады. Ауыспалы күйді  активтелген коплекстен ВС ажырату үшін ауыспалы күйді [В...С] деп белгілейді. Егер ауыспалы күй электронды-қозған потенциалды энергия бетінде жатса, онда [В...С]е деп белгіленеді. Онда диссоциация процесін келесі түрде көрсетуге болады:

ВС + hv →[В...С]е → B+C.

Фемтохимиядағы негізгі эксперименттік әдістер «қозу – зондтау (зерттеу)» әдістемесіне негізделген. Қоздыру импульсі v жиілігінде қозған электрондық күйдегі толқынды пакет түзеді және ауыспалы күйдегі ядро аралық қашықтық R0 = R(t=0) болатын нөлдік уақыт мезетін анықтайды. ПЭБ бойынша қозғалуы деп қарастыруға болатын толқынды пакеттің динамикасы ауыспалы күйдің динамикасын, яғни [В...С]е-дағы ядро аралық қашықтықтың уақыт бойынша эволюциясын көрсетеді. Қандай да бір τ ұсталу уақыты өткеннен кейін v2 жиілігіндегі екінші фемтосекундты импульс беріледі. Бұл импульс зондтаушы (тексеруші) импульс деп аталады, себебі ол ПЭБ – дегі толқынды пакеттің орналасуын анықтайды, яғни t=τ уақыт мезетіндегі ядро аралық қашықтықты R(τ) анықтайды.

Егер ауыспалы күй конфигурациясы R мәніне тең болып, бұл мәнге v2 жиілігіндегі жарық [B…C]е – ні жоғары электронды қозған күйге U2 келесі теңдеуге сәйкес ауыстыратын болса, ауыспалы күй екінші импульстың фотондарын жұтады:

нv2 =U2 (R) – U1  (R).

U2 электрондық күйдегі толығу қоздыру және зондтау импульстарының арасындағы уақыт бойынша кідіріске тәуелді. Жоғарғы электрондық күйден молекула флуоресценциялануы мумкін (ол кезде флуоресценция қақындылығы өлшенеді), немесе ыдырауы мүмкін (ыдырау өнімі анықталады), немесе иондануы мүмкін (масс-спектроскопиялық әдістермен ток немесе иондар анықталады). Барлық жағдайда да өлшенетін шаманың (флуоресценция қарқындылығы, өнім немесе ион фрагментінің концентрациясы) қоздырушы және зондтаушы импульстар арасындағы уақыт бойынша кідіріске тәуелділігі тіркеледі. Кейбір әдістемелерде зондтаушы импульс комбинациялық ауысулардағы мәжбүр сәулелену әсерінен төменгі электрондық күйге ауысуды қамтамасыз етеді. Фемтосекундты импульстардың жоғары қарқындылығы осыған дейін белгілі болған барлық сызықты емес спектроскопия әдістерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Фемтосекундты импульстардың генераторы ұзақтығы 10-13 – 10-14 с жарық импульсін береді. Егер импульс энергиясы эксперимент жүргізуге жеткіліксіз болса, онда импульсті күшейтеді. Әрі қарай күшейтілген импульстардың бір бөлігі қоздыру импульстарын түзуге жұмсалады да, екінші бөлігі-зондтау импульстарын түзуге жұмсалады. Қоздыру және зондтау импульстарының арасындағы уақыт кідірісін оптикалық жол ұзындығын өзгерту арқылы түрлендіруге болады. Толқын ұзындығын өзгерткіштер қоздыру және үлгі импульстарының толқын ұзындықтарын таңдау үшін қажет.

Кідіріс уақыты нақты берілген қоздыру және зондтау импульстары зерттелетін объектіге бағытталады. Объект ретінде ұяшыққа орналастырылған молекула шоғыры немесе газ алынады. Өте төмен температураларда өлшеу үшін дыбыстан жоғары ағындарды қолданады.

Химиялық өзгеріс кезіндегі ауыспалы күй динамикасы.  М. Поляни мен А. Зевайлдың анықтамасы бойынша «ауыспалы күй» дегеніміз – реагенттен өнімдерге ауысу кезіндегі молекулалық жүйенің конфигурацияларының жиынтығы.

Бұрын айтылып кеткендей, жарықтың когерентті фемтосекундты импульс спектрлік енінің кеңдігіне байланысты стационарлы емес кванттық күйді – когерентті ядролық толқынды пакетті (айналмалы, тербелмелі, электрондық) қоздырады. 1-суретте жарық жұтылғанда екі атомды молекуланың стационарлы және стационарлы емес кванттық күйлермен түзілуі көрсетілген. Төменгі сызық молекуланың жарық жұтатын кванттық күйін көрсетеді. Ал, жоғарыда электронды термі жоғарырақ потенциалдық қисық келтірілген. Параболаның ішіндегі көлденең сызықтар тербелмелі кванттық күйлерді бейнелейді. Жарықты жұтқан соң молекула қозған күйге көшеді. Қанық сызықтар тербелмелі күйлерді бейнелейді. Молекула ұзақтығы қозған тербеліс периодынан аз фемтосекундты жарық импульсін жұтқанда стационарлы емес кванттық күйі (1,а-сурет), ал монохромат жарықты жұтқанда стационарлы кванттық күйі түзіледі (1,ә-сурет). 1- суреттен ядролық тербелмелі толқындық пакет стационарлы тербелмелі күйлердің суперпозициясы екендігі айқын байқалады. Қоздырылған тербелмелі күйлердің саны фемтосекундты жарық импульсінің ∆v спектрлік енімен анықталады.

Толқындық пакеттің толқындық функциясы Шредингердің стационарлық емес теңдеуін шешуден шығады, оны келесі түрде жазуға болады:

ψ(t,r)=∑aкφк (r)exp(- iώкt)

 

мұндағы φк (r) –к-х стационарлы күйлердің толқындық функциялары; ώк-к-кванттық күйдің шеңберлік жиілігі; r-ядролық координаталар жиынтығы; ώк-молекуланың  к  кванттық күйде болу ықтималдығының амплитудасы.

            Қосу толқындық пакеттің барлық стационарлары күйлері (Фурье компоненттері) бойынша жүргізіледі. Толқындық пакеттің стационарлы  күйден ерекшелігі, белгілі бір қашықтықта ядроның болу ықтималдығын сипаттайтын толқындық функцияның квадраты уақытқа тәуелді болады. Бұл ядроның қозғалыс динамикасы толқындық пакеттің уақыт бойынша эволюциясында байқалатынын білдіреді, оны формальды түрде толқындық пакеттің ПЭБ бойынша "қозғалыс" деп қарастыруға болады. Уақыт   бойынша жоғары шешілуі  нақты уақыттағы  ядролар қозғалысының  динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

Толқындық пакет түсінігін  1926 жылы Шредингер енгізге,  бірақ      химияда  қолданылмаған.  Химия үшін молекулалық  жүйеде бірнеше       тербелмелі күйлердің  бір мезгілде  когерентті  түрде  қозатын  тербелмелі  толқынды  пакеттің  маңызы  жоғары.  Бұл  жағдайда  ядролардың  ішкі    молекулалық динамикасы  тербелмелі – айналмалы  толқындық  пакеттердің  уақыт  бойынша  эволюциясымен сипатталады.   Осындай сипаттаманың  маңызды  белгісі – ядролар қозғалысының  фазалық сипаттамаларын  ескеру.

            Ауыспалы күй динамикасын екі атомды  NaI  молекуласының фотодиссоциациялануы  мысалымен қарастыруға  болады:

                               NaI + hv → [Na…I]e → Na + I

Бұл  реакция  адиабаталық  емес  процесс  болып  табылады.  2–суретте NaI  молекуласының потенциалдық қисықтары көрсетілген. Ковалентті қозған күй мен иондық негізгі электрондық күйдің арасында квазиқиылысу болатыны  суреттен көрініп тұр. Жарықтың фемтосекундты  импульсы  электрондық  қозған күйінде когерентті ядролық толқынды  ағынды  түзеді. Ішкі                  молекулалық динамиканы формальды түрде  толқынды  пакеттің  ПЭБ   бойынша "қозғалысы" ретінде  қарастыруға  болатыны жоғарыда айтылған болатын.  Алдымен  толқынды  пакет  қозған  күйдің  потенциялдық  қисығы бойынша «қозғалады», бұл кезде Na  және  I  атомдарының  арасындағы  қашықтық  өседі.  Ара қашықтық квазиқиылысу  нүктесіне  (0,7 нм)     жақындағанда екі мүмкіндік  пайда болады:  қозғалысты осы  потенциалдық қисық  бойымен  жалғастыру немесе басқа потенциалдық қисыққа «ауысып кету».

          

 

            Лазерлік индуцирленген флуоресценция  әдісімен [Na…I] ауыспалы   күйдің  динамикасы да, сонымен қатар реакция өнімі – Na атомының  түзілу

кинетикасы да анықталған. 3- суретте ауыспалы күймен Na бос атамы үшін

флуоресценция қарқындылығының  уақытқа тәуелділігі I(t) көрсетілген.  Ауыспалы күйдегі ядролардың қозғалысы айтарлықтай сөнетін осцилляциялық сипатта екендігі көрініп тұр (3,ә- сурет). Осцилляцияның  сөну себебі, молекулалардың бір бөлігі жаңа өнімдер Na және  I атомдарын түзіп, потенциалдық энергияның басқа қисығына «өтіп кетеді». Натрий және иод атомдарының иондары  түзілу үшін  ауыспалы күйдің энергиясы жеткіліксіз.

       

 

 

 

3–сурет.  Флуоресценция сигналының I(t) қоздыру және зондтау  импульстары арасындағы ұсталу уақытына тәуелділігі; а – λ2 = 590 нм, Na атомы тіркеледі; ә - λ2 = 615 нм, ауыспалы күй тіркелді.

     

 Na бос атомының флуоресценция қарқындылығының уақытқа  тәуелділігі  сатылы сипатқа ие (3,a– сурет). Сатының әрбір баспалдағы  квазиқиылысудан бір рет өтуге сәйкес келеді. Флуоресценция сигналының  мәні тұрақты болатын учаске ядролар мен ауыспалы күйдің  ара  қашықтығы  0,7 нм мәнінен өзгеше болатын жағдайға сәйкес келеді. Na атомдары   түзілетін өсіп отыратын облыс ауыспалы күйдің квазиқиылысу облысына  жақын болуына сәйкес келеді. Na атомдарының түзілу кинетикасы   экспоненциалды емес, бұл қозғалыстың когеренттігімен түсіндіріледі         (толқындық пакетке кіретін стационарлы күйлердің фазалық сипаттамалары корреляцияланған). Сондықтан мұндай кинетиканы когерентті  деп атайды. Егер кинетиканы толқынды пакеттердің  барлық фазалары бойынша орташаландырса,  экспоненциалды кинетиканы алуға болады.

Осындай эксперименттерден анықталатын маңызды шаралардың бірі – адиабаталы потенциалдық қисықтан  екіншісіне «ауысып кету» ықтималдылығы. Оны осцилляцияның сөнуі бойынша эксперименттік  мәліметтер бойынша анықтауға болады. Бұл ықтималдық  Ландау – Зинер  ықтималдығы деп аталады. Ықтималдық бойынша квазиқиылысу      облысындағы атомның салыстырмалы жылдамдығы артқанда «ауысып кету»  ықтималдығы да арту керек. Жарықтың қоздыру импульсының  толқын ұзындығы азайғанда атомдардың салыстырмалы жылдамдығы өсу керек. Расында да, тәжірибе жүзінде қоздыру импульсының толқын ұзындығы    азайған кезде  осцилляцияның сөнуінің көптен жүретіні байқалады. Толқын ұзындығы 311 нм қоздыру импульсы үшін Ландау – Зинер ықтималдығы 0,1-ге тең болатыны тәжірибе арқылы табылған.

Өте жылдам химиялық реакциялардың кинетикасы. Кез-келген процестің кинетикасын қарастырғанда  ғалымдарды реагенттің немесе өнімнің концентрацияларының  уақыт  бойынша      эволюциясы қызық–тырыды. Бұл – толқындық пакеттің динамикасын емес    (ядро қозғалысының фазалық сипаттамасы қажет емес), кванттық күйлердің толығуын анықтау керек дегенді білдіреді. Мұнда фемтосекундты импульстардың негізгі ерекшеліктері – уақыт бойынша шешілуінің жоғары болуы және жоғары қарқындылығы  қолданылуымен реакциялардың әртүрлі кластары зерттелді (1-кесте). Кестенің соңғы бағанасында көрсетілген реакциялардың өтуінің уақыттық масштабы көрсетілген.

     1– мысал СН3ООН электронды-қозған молекуланың өте  жылдам   фотодиссоциациясы. Мұнда фемтосекундты спектроскопия әдістері   фотодиссоциация  өнімдерінің – СН3О· және ·ОН  радикалдарының түзілу   кинетикасын фемтосекундты уақыт масштабында зерттеуге мүмкіндік береді.   

     2–мысал –  жоғары тербелмелі қозған молекулалардың  негізгі     электрондық  күйде ыдырау реакциялары (RCО ыдырау, мұндағы R=CH3 C2H5). Мұндай реакцияларға қызығушылық келесі жайтпен байланысты.  Жарықтың әсерімен ішкі молекулалық таралуы белгілі тербелмелі  қозған  молекула алуға көп күш жұмсалады. Бұл зерттеулердің мақсаты – әртүрлі ішкі молекулалық таралулар жасау арқылы қажет өнімдерге ыдырау бағытын басқару. Бірақ, молекулалық реакциялардың көпшілігі фотоактивтендіруде  статистикалық заттар бойынша ыдырады. Бұл энергияның ішкі молекулалық қайта таралуы 0,1 – 1 пс-та  өтуімен байланысты, бұл жоғары тербелмелі қозған молекулалардың ыдырауымен салыстырғанда жылдам. Өнімдер шығымын басқару үшін ыдырау тербелмелі энергияның қайта таралуына қарағанда жылдам өту керек. Бұл үшін молекуланы үлкен энергияларға дейін өте жылдам қоздыру қажет.  Фемтосекундты импульстар көмегімен бұл мақсатқа жетуге болады.

 

1-кесте. Фемтосекундты  уақыт масштабындағы химиялық реакциялардың кинетикасын зерттеу мысалдары.

 

    Реакциялар класы

           Реакциялар мысалдары    

     τ , фс

Электронды-қозған бөлшектердің ыдырауының тура реакциялары

 

           СН3ООН →СН3О + ОН

 

   ~ 100

Негізгі электрондық   күйдегі жоғары тербелмелі-қозған молекулалардың реакциялары

 

СН3СОСН3 + hv →CH3CO + CH3        

             CH3CO →CH3 + CO

 

   ~ 500

Жоғары электронды-   қозған  молекулалардың реакциялары 

 

            СН2I2 + hv → CH2 + I2

 

    ~ 50

Ван-дер-Ваальс

комплексіндегі (ВДВК)  биомолекулалық реакциялар

             IHCO2 – ВДВК

 

            Н + СО2 → ОН + СО

 

    1000

 

Ацетон молекуласы ыдырағанда (қоздыру энергиясы 775 кДж/моль)  негізгі электрондық күйдегі жоғары тербелмелі қозған радикал СН3СО·   түзіледі.  Радикалдың әртүрлі еркіндік дәрежелерінде тербелмелі энергия тепе-теңсіздік таралған. Оның ыдырауы РРКМ  статистикалық  теориясындағыға қарағанда 10 есе баяу өтеді, бұл теория бойынша тербелмелі энергия барлық еркіндік дәрежелері бойынша бірдей мөлшерде таралған. Статистикалық теориямен мұндай келіспеушілік реакция    координатасында тербелмелі энергияны есептеу арқылы болжағандағы   шамамен салыстырғанда аз бөлінуімен байланысты. Демек бөлінген тербелмелі энергияның үлкен бөлігі ыдырауға қатыспайтын еркіндік   дәрежелерінде болады.

3–мысал – жоғары электронды қозған СН2I2 молекуласының  жарықты көрінетін спектрлік ауқымды көпфотонды жұтқанда ыдырауы. Бұл кезде келесі ерекшеліктер байқалады: көрінетін көп фотонды  жұту жерінен молекула   1150 кДж/мольға  дейін   қозады;   өнімдерді   иод     атомы    емес,

йод молекуласы түзіледі; реакция өнімі – йод молекуласы стационарлы емес 

кванттық күйде болады;    реакция     50 фс   уақытта өтеді.  Бұл   мысал     фемтохимияда  жоғары  электронды  қозған  молекулалар қатысатын     реакцияларды зерттеу  мүмкіндігін көрсетеді.

4-мысал – ван-дер-ваальс  комплекстеріндегі  биомолекулалық реакциялар. Биомолекулалық реакциялар үшін соқтығысу  мезетін – реакция басталу  уақытын анықтау қиын. Сондықтан фемтохимияда биомолекулалық реакцияларды зерттеу қажеттігі туады. Дыбыстан жоғары молекулалық    шоғырда  ван-дер-ваальс  комплексі (мысалы, IHCO2) жасалады,  ол реагент молекуласынан (СО2) және HI молекуласынан тұрады. Фемтосекундты  қоздырушы  импульс әсерінен H-I байланысы үзіліп (HI + hv →H + I), сутегі атомы түзіледі де, ол СО2 молекуласымен әрекеттеседі. Бұл жағдайда қоздырушы импульсты жіберу мезетін уақыттың нөлдік мезеті деп қабылдауға болады. Зондтаушы импульс қоздырушы импульс әсерінен кейінгі әртүрлі уақыт мезетінде ОН радикалдарын анықтайды. Осылайша,  ОН түзілу кинетикасы, яғни биомолекулалық реакцияның өнімдерінің бірінің түзілу кинетикасы тіркеледі:

                                         Н· + СО2  → ·ОН + СО

Осы реакцияны көрсетілген тәсілмен зерттегенде реакция ұзақ өмір  сүретін комплекс арқылы өтетіні анықталды. Егер комплекс құрылымы   белгілі болса (фемтохимия әдістері молекула құрамын зерттеуге мүмкіндік береді), онда жылдамдығы және көрсеткіштері берілген  биомолекулалық реакцияны  зерттеу мүмкіндігі туады.

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

1. Фемтохимияны зерттеудің қазіргі заманауй мәселелері, міндеттері

2. Фемтосекундты спектроскопия әдісі

3. Фемтохимияның ауыспалы күйі және зондтаушы (тексеруші) импульс

4. Химиялық өзгеріс кезіндегі ауыспалы күй динамикасы

5.  Өте жылдам химиялық реакциялардың кинетикасы

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Саркисов О.М. Химия переходного состояния (фемтохимия) ⁄ ⁄ Журнал РХО им.Д.И.Менделеева, 1990. №6. С.69-76

6. Бучаченко А.Л. Время в химии ⁄ ⁄ Соросовский образовательный журнал, 2001. №8. С.19.

7. Еремин В.В., Кузьменко Н.Е. Фемтохимия: квантовая динамика или химическая кинетика ⁄ ⁄ Природа, 2005. -№8. -С.6-10.

 

Дәріс №14    Химиялық процестердегі шекті құбылыстар. Қоршаған ортаның азот оксидтерімен ластануы. Азот оксидтерінің түзілу механизмдері.

            Дәріс жоспары:

1. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның ластаушы көздері.

2. Биосфера ластану процесінің кезеңдері.

3. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.

4. Фотохимиялық тұман.

5. Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануын жіктеу кестесі.

 

            Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық қатты қалдықтары түсіп отырады.

            Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

            Өнеркәсіп дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы(SO2) коксхимия  зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза – қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді.

            Ауадағы фторлы сутек, қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлінеді, цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топыраққа калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді.

            Органикалық осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.

            Ендігі жерде біз қоршаған ортаның қазіргі заманғы нақты проблемаларына тоқталамыз.

            Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

 1) Физикалық ластану – радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар, тербелістер.

2) Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

3) Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, жәндіктер.

4) Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы.

            Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:

 - ластаушы заттардың таралуы;

 - ластағыштардың биомассаға енуі;

 - ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы;

            Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинақталады. Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95% көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40% автокөлік, 30% электростанциялар, 20% өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн. тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта ниттарға айналып, одан жауын құрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе – тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді.

            «Смог» (улы тұман)."Түтінденген" деген мағына білііреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Тұманның 2 типі бар.

            Лондондық тұман типі – негізгі көзі көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон ауа бассейінінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінінде (үстінде) улы қара тұмандық (смог) 2 жұма бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон тұрғындары 1873, 1882, 1891, 1948 т.б. жылдары зардап шекті.

            Жоғарыдағы фактілер қоршаған ортаның химиялық ластануы түрінде сипат алып, бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Оның зардаптары төмендегідей жинақталған кестеде көрсетілген.

 

№

Химиялық ластану түрлері

Табиғи ортаға тигізетін әсері

Адамға тигізетін зардабы

1

Ауыр металдар

Автокөліктерден бөл-інетін зиянды газдар

Улы газдар адам өмірін бірнеше жылға қысқартады

2

Қышқыл жауындар

Көмір қышқылының көбеюі,оттегінің азаюы

Адам баласына зияны тиеді,сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар зардап шегеді

3

Радиация

Химиялық улы заттар-дың ауаға жиналуы

Адам баласы сәуле ауруына ұшырайды

4

Биологиялық,бактериялық жолмен ластану

Биологиялық қару сыналған жер(Қазақстанда Арал теңізінде)

Адам биологиялық ластанудан оба,шума,алапес т.б. ауруларға шалдығады

5

Космосты игеруге байланысты қоршаған ортаға келетін зияндар

Ракеталардың ұшырылуы, атом қаруларын сынау

Озон қабатының жұқаруына байланысты УК сәулелер тіршілікті жояды

    

Фотохимиялық тұман. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық тұманнан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдарды құрап, күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық тұман алғаш рет 1930 жылдары Лос – Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бұл құбылыс Нью – Йорк, Токио, Сеул, Афины т.б. қалаларда байқалғаны белгілі.

                Азот оксидтерінің түзілу механизмдері. Термиялық механизм келесі элементар реакцияларға негізделген:

                О + N2 → NO + N            k1 = 168 ∙ 1014 exp (-318 кДж ⁄ моль ∙ RT) cм3  ⁄ моль ∙ с;

              N + O2 → NO + O           k2 = 9,0 ∙ 109 exp (-27 кДж ⁄ моль ∙ RT) cм3  ⁄ моль ∙ с;

              N + OН → NO + Н           k3 = 2,8 ∙ 1013 cм3  ⁄ моль ∙ с;

                Механизмнің  «термиялық» деп аталу себебі: (1) реакцияның активтену энергиясы өте жоғары, бұл азот молекуласындағы берік үш байланыспен түсіндіріледі. Сондықтан реакция тек жоғары температурада ғана жылдам өтеді.. Жылдамдығы аз болғандықтан (1) реакция термиялық NO түзілу үшін лимиттеуші саты болып табылады.

                Жылдам түзілу механизмін 1979 жылы Фенимор ұсынған. Ол көмірсутектердің жазық жалынының үстінен NO концентрациясын өлшеп, NO концентрациясы зонд жалынға төменгі жағына жеткенде де Зельдович механизмі болжағандай нөльге жетпейтінін анықтайды. Термиялық механизммен салыстырғанда жалын шебінің үстінде NO жылдам түзілетін бұл механизм күрделірек, себебі NO СН радикалдарынан жылдам түзіледі. Жалын шебінің үстінде аралық өнім ретінде түзілетін СН ауадағы азотпен әрекеттесіп, көгерткіш қышқылы (HCN) береді, ол ары қарай NO - ға дейін әрекеттеседі:

                СН + N2 → HCN + N → (→ ....→ NO , немесе → ... → N2)

СН радикалының ізашары ретінде ацетилен отынға бай жалындарда ғана жиналады, демек бұл механизм отынға бай жалындарда ғана басым болады.

                Отынның құрамындағы азоттың азот (II) оксидіне айналу механизмі негізінен көмір жанғанда байқалады, себебі «таза» көмірдің құрамында көптеген химиялық байланысқан азот болады. Азотты қосылыстар газдану процесінде буланып, газды фазада NO түзілуіне алып  келеді.

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

1. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның ластаушы көздері.

2. Биосфера ластану процесінің кезеңдері.

3. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.

4. Фотохимиялық тұман.

5. Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануын жіктеу кестесі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Гарел Д., Гарел О   Колебательные химические реакции. М.: Мир, 1986.

2. Жабоьонский А.М. Концентрационные колебания. М.: Наука, 1974.

3. Химия синтеза сжиганием. Ред. М. Коидзуми. Пер. С япон. М.: Мир, 1998.

4. Сидоров Л.Н., Макеев Ю.А. Химия фуллеренов ⁄⁄ Соровский образовательный журнал, 2000. - №6, -С.21-25.

5. Букейханов Н.Р., Мансуров З.А., Моисеев А.А. Некоторые проблемы конструирования и управления химияческими процессами. Алматы: 1994. - 134 с.   

 

  №15  Дәріс  Материалдар мен олардың қасиеттері.

 Дәріс жоспары:

1. Материалдар мен олардың қасиеттері.

2. Материалдардың ішкі құрылымы.

3. Материалдардың механикалық, жылулық және электрлік қасиеттері.

4. Материалдардың энергиясы.

           

Қатты дене қозғалысының негізгі екі түрімен – ілгерілмелі және айналмалы қозғалысымен таныспыз.

            Ілгерілмелі қозғалыс кезінде дененің барлық нүклері бірдей уақыт аралығында шамасы мен бағыты бойынша бірдей орын ауыстырады, осының салдарынан барлық нүктелердің жылдамдығы мен үдеуі уақыттың әрбір мезетінде бірдей болып отырады. Сондықтан дененің барлық қозғалысы түгелдей сипаттау үшін дене нүктелерінің ішінен оның біреуінің (мысалы, оның инерция центрінің) қозғалысын    анықтаудың өзі жеткілікті.

            Айналмалы қозғалыс кезінде қатты дененің барлық нүктелері шеңбер бойымен қозғалады, олардың центрлері айналу осі деп аталатын бір түзудің бойында жатады. Айналмалы қозғалысты сипаттап баяндау үшін кеңістіктегі айналу осінің қалпын және әрбір уақыт мезетіндегі дененің бұрыштық жылдамдығын білу керек.

            Уақыттың әрбір мезеті үшін дененің барлық нүктелерінің жылдамдығын тиісті лездік осьтен айналудан пайда болған деп есептеуге болады. Демек, қатты дененің жазық қозғалысын лездік осьтен айналатын тізбектелген элементарлық айналыстардың қатары ретінде қарастыруға болады.

            Дененің қозғалмайтын осьтен айналу сипатының немен анықталатынын айқындау үшін келесі тәжірибені қарастырайық. Жеңіл крестовина түріндегі денені алайық, оның ұштарына тең шомбал m жүктері бекітілген.

            Крестовинаның центріне сатылы шкив бекітейік. Кресиовинаны шкивпен қоса оське кигізейік, мұнда осьтен айналған кезде пайда болатын үйкелістің елемейтіндей аз болу жағын қарастырайық.

            Шкив сатыларының біреуіне жіптің бір ұшын бекітіп, оны шкивті айналдыра орайық та, жіптің екінші бір ұшын блок арқылы асыра салып, оған P жүгін ілейік. Егер P жүгін төмен түсірсек, онда  бұрыштың жылдамдығы барған сайын артып отыратын кретовина айнала бастайды, сонымен қатар бұл айналыс бірқалыпты үдемелі айналыс болады.

            P жүгінің шамасын, шкивтің l радиусын, жүктердің m массасын және олардың айналу осіне R қашықтығын құбылта отырып,  осы факторлардың  бұрыштың үдеуінің шамасына қалай әсер ететіндігін қарастыратын болсақ, мысалы, осыған ұқсас зерттеулердің нәтижелері  бұрыштың үдеуінің

1) жіптің ¦ керілуіне және шкивтің l радицусына тура пропорционал;

2) жүктердің m массасына және олардың айналу осінен l қашықтығының квадратына кері пропорционал екендігін көрсетеді;

            Демек, айналмалы  қозғалыстың үдеуі тек денеге әсер ететін ¦ күшінің шамасына ғана емес, сонымен қатар айналу осінен өн бойымен күш әсер ететін сызыққа дейінгі l қашықтығына да тәуелді екен.¦l көбейтіндісі айналу осіне қатысты күш моменті деп аталатын шаманы береді.

            Қорытынды: Кейбір денелердің инерция моментерінің мәнін келтірейік (дене біртекті деп ұйғарылады), m – дене массасы.

            1) Дене қимасы әр түрлі формадағы жіңішке ұзын стержень болып келген. Стерженнің ең үлкен көлденең в қимасының стерженьнің l ұзындығынан көп есе кіші болады (в£l). Стержентге перпендикуляр және оның қақ ортасы арқылы өтетін оське қатысты инерция моменті мынаған тең.

             2) R-дің l-ге кез-келген қатынасында дискі немесе цилиндр үшін цилинрдің геометриялық осімен дәл келетін оське қатысты ниерция моменті мынаған тең.

            3)      Дене – жұқа диск. Дискінің қалыңдығы в дискінің R радиусынан бірнеше есе кіші болады (в£R). Дискінің диаметріне дәл келетін оське қатысты инерция моменті мынаған тең.

             4) Радиусы R болатын шардың инерция моменті, оның центрі арқылы өтетін оське қатысты, мынаған тең:

          Қатты дененің кинетикалық энергиясы. Дененің қозғалмайтын осбтен айналысы. Дене z осі деп аталатын қозғалмайтын осьтен айналсын дейік.  элементар массаның сызықтық жылдамдығын мынадай түрде көрсетуге болады.

            мұндағы  - -дің z осінен қашықтығы. Демек, -ші элементар массаның кинетикалық энергиясы мынаған тең:

            Дененің кинетикалық энергиясы оның жеке бөліктерінің кинетикалық энергиясынан құралады:

            Қозғалмайтын осьтен айналатын дененің кинетикалық энергиясы мынаған тең:

            Осыдан шыққан өрнек ілгерілмелі қозғалатын дененің  кинетикалық энергиясына ұқсас келеді. Айналмалы қозғалыс кезінде массаның рөлін инерция массасы, ал сызықтық жылдамдық рөлін бұрыштық жылдамдық атқарады.

            Қатты дененің деформациясы. Күштердің әсерімен дененің деформациясы болатындығы, яғни олардың өлшемі мен формасының өзгеретіндігі жоғарыда атап көрсетілген. Егер деформацияны тудыратын күштердің әсері тоқталғаннан кейін дене алғашқы өлшемі мен формасына қайтып келетін болса, ондай деформацияны серпімді деформация деп аталады.

            Деформацияны тудыруға себепті болатын күш әрбір нақты денеге тән біршама шектен асып кетпеген жағдайда ғана серпімді деформация болады. Осы шектен асып кеткенде дене қалдық немесе пластикалық деформация алады, ал олар күштің әсері тыйылғаннан кейін де денеде сақталып қалады.

            Қатты дененің серпімді деформацияларының барлық мүмкін болатын түрлерін негізгі екі – созылу (немесе сығылу) және ығысу деформациясына топтастыруға болады.

            Күш пен осы күш әсер ететін бет шамасының қатынасына тең шама кернеу деп талады. Дене бөлшектерінің бір-біріне өзара әсерлесуі арқасында кернеу дененің барлық нүктесіне беріледі – стерженьнің барлық көлемі кернеу түскен күйде болып шығады.

            Егер күш бетке нормаль бойымен бағытталса, ондай кернеу қалыпты кернеу деп аталады. Егер күш осы күш түсетін бетке жанама бойымен бағытталса, ондай кернеу тангенциаль кернеу деп аталады. Қалыпты кернеуді  әрпімен,тангенциаль кернеуді  әрпімен белгілеу қабылданған.

                              (1)

            Осы теңдеуге қалыпты кернеуді енгізген

                             (2)

            Материалдық серпімді қасиеттерінің сипаттамасы үшін  серпімді коэффициетімен қатар, оған кері Юнг модулі деп талатын  шамасы пайдаланылады. (2)-дегі формулаға -ні  арқылы алмастырып, мынаны аламыз:

            Бұдан Юнг модулі, салыстырмалы ұзаруы бірге тең болатындай, яғни ұзындықтың өсімшесі  бастапқы  ұзындығына тең болатындай қалыпты кернеуге тең.

            мұндағы -берілген стержень үшін тұрақты коффициент, яғни бұл өрнек серпімді деформация кезіндегі стерженнің ұзаруы стерженьге әсер ететін күшке пропорционал болады. Бұл өрнек берілген деформацияға арналған Гук заңын көрсетеді. Бұл заң серпімділік шегіне жетпеген кезге дейін ғана орындалады.

             мен -тің әрқашанда әр түрлі таңбалы: созылғанда  оң, ал  теріс, сығылғанда  теріс, ал  оң болатыны сөзсіз.

            -тің мәні -ге пропорционал

            мұндағы  - материалдың тек қасиетіне тәуелді болатын оң коэффициент. Оны көлденең сығылу коэффициент немесе Пуассон коэффициенті деп атайды.

            Түзу және кері пьезоэлектрлік эффект.             Симметрия центрі болмайтын кейбір кристалдар (соның ішінде барлық сегнетоээлетриктер) деформация кезінде поляризацияланады. Бұл құбылыс түзу пьезоэлетрлік эффект немесе жай ғана пьезоэлектрлік эффект деп аталады. Поляризацияның шамасы деформацияға, яғни серпімділіктің шегінде механикалық кернеуге пропорционал. Деформацияның бағыты да керіге өзгереді.

            Ең маңызды пьезоэлектриктер (яғни пьезоэлектрлік кристалдар) кварц, сегнет тұзы, барий метатитанаты т.б. болып табылады.

            Кварцтың кристалдары гексагональды системаға жатады. Егер кварц кристалынан кристаллогарфиялық осіне перпендикуляр пластинка қиып алып, оны осы осьтің бойымен қыссақ, онда пластинканың жақтарында байланысқан зарядтар пайда болады. Суреттегі пластинка с кристаллографиялық осі бізге қарай бағытталғандай етіп орналастырылған.

            Егер пластинаны а және с кристаллографиялық бағыттарға перпендикуляр ОО осі бойымен созсақ та тап осындай құбылыс пайда болады. Соңғы жағдайда эффект көлденең, бірінші жағдайда құма(бойлық) деп талады. Деформацияның бағытын өзгерткенде, яғни а-ның бойымен қозғалғанда немесе ОО-ның бойымен сыққанда пластинканың жақтарында басқа таңбаны байланысқан зарядтар пайда болады. Пьезоэлектрлік эффектісі практикада пайдалану үшін пластинканың жақтарына металл астар салады

 

                                             + + +       а     + + +

                                                                                                                                                                                 

                                         О                          с                        О

                                            

                                            - - -                 - - -

 

            . Егер осы астарларды тұйықталған тізбекке қоссақ, онда кристалл деформациясының өзгерістерінде тізбекте шоқтық импульстары пайда болады. Мысалы, осындай процестер пьезоэлектрлік микрофонда – дыбыс толқынының әсерінен таңбасы өзгеріп отыратын деформация жиілігі сондай айнымалытопқа түрленіп отырады.

            Пьезоэлектрлік эффектінің мынадай түсініктемесі бар: кез келген кристалл торын бір-біріне кигізілген анағұрлым қарапайым бірнеше түрлі атомдардан немесе атомдар тобынан құрылған деп айтуға болады. Егер ркисталда симметрия центрі болмаса, онда деформацияланғанда қарапайым торлардың бір-біріне қатысты ығысуы байқалады, бұл кристалдағы электрлік моменті туғызуы мүмкін.  

 

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары

 

1. Материалдар мен олардың қасиеттері.

2. Материалдардың ішкі құрылымы.

3. Материалдардың механикалық, жылулық және электрлік қасиеттері.

4. Материалдардың энергиясы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Жабьонский А.М. Концентрационные колебания. М.: Наука, 1974. 22 с.

2. Химия синтеза сжиганием. Ред. М. Коидзуми. Пер. С япон. М.: Мир, 1998. 32 с.

4. Сидоров Л.Н., Макеев Ю.А. Химия фуллеренов ⁄⁄ Соровский образовательный журнал, 2000. - №6, -С.25с.

5. Букейханов Н.Р., Мансуров З.А., Моисеев А.А. Некоторые проблемы конструирования и управления химияческими процессами. Алматы: 1994. - 34 с.